Page 13 - ӘЛЕМДІК САЯСАТТАНУ АНТОЛОГИЯСЫ.уокер. ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҚАТЫНАСТАР

Basic HTML Version

Қазақстанның ашық кітапханасы
орталықтандырылмаған қоғамдастығы бар. Сөз жоқ осынау айырмашылықтар, бәсеке,
сенімсіздік, басып-жаншу мен жанжал өрісінде "басқалар" "бөтендерге" айналуы мүмкін,
ал "бөтен" көбіне ысырып тасталады, терістеледі, азиялыққа жатқызылады, жойылады.
"Ішкі" мен "сыртқының" арасындағы бөлу мәселесін шешуге мемлекеттік егемендік
аясында дамытылып отыратын кеңістіктегі тізгіндеу саясаты қызмет етеді. Оның үстіне
бұл саясат адамның уақыт шеңберіндегі тірлігінің басқа да бірқатар мүмкіндіктерін
көздейді. Макиавеллидің жақындап келе жатқан тағдырды күту саясаты аумақтық
мемлекеттің заңдастырылған шеңберіндегі "уақыттықты" беркітуге сүйенетін тәрізді. Бұл
жерде себеп қарапайым: тарих - әмбебаптықты уақыт шеңберінде біртіндеп іске асыру.
Мемлекет аясынан тыс жерде тек кездейсоқтық анархиясы, ілгерілеушіліктің болмауы
және жер бетіндегі күрестің шарасыз шындықтарын байқамайтын утопиялық көзқарастар
орын алады.
Осынау үш ара қатынас: әмбебап - жеке, өзім - басқа және кеңістік - уақыт кеше ғана
қалыптасқан жоқ, өткен кезеңде олардың әсемдігі өзінің ұтымдылығымен,
байыптылығымен, іштей дұрыстығымен тәнті ететін. Бәлкім, олар басқа
арақатынастардың да, негізінен шеттетілу мен өзін-өзі көрсету арасында сенделген кісінің
осы заманғы автономды субъектің өзін ұқсастыруы проблемасы шеңберіндегі шектілік
пен шексіздік арақатынасы негізінде қалыптасқан болар. Өз кезегінде олар өзге
арақатынастарды, негізінен егеменді макро ұқсастық пен микро ұқсастық - мемлекет пен
индивид - арасындағы арақатынасты шешудің тұғыры қызметін атқарады. Бірақ
мемлекеттік егемендікті ерекше тарихи өмір салты ретінде замананы көрсететін (және
кепілдік беретін) принцип ретінде тәпсірлеу - мемлекеттік егемендікке адамзат
болмысының басқа жолдарын, "бірдің" және "көптің" болмысының басқа жолдарын, өзін
басқалармен салғастырудың немесе елестетудің өзі қиын кеңістік - уақыт артикуляциясын
қамтамасыз ететін заңды тәжірибе ретінде қарау деген сөз. Мемлекеттік егемендік бар,
өйткені ол жай ғана бар, ол "мұнда" мен "анданың" арасында табиғи шекара жүргізе
отырып, дүниеде орын алған. Бірақ халықаралық қатынастар теоретиктері игере алмаған
Гоббстың тағлымының мәні - мемлекеттік егемендік "тектен-тек" болмайды. Ал тектен-
тек болмайтын нәрсенің тектен-тек жойылып кетуі де ешқашан мүмкін емес.
МӘҢГІДЕН КЕЙІН
Мемлекеттік егемендік жойыла ма, әлде ол көз жетерлік болашақта бізбен бірге қала бере
ме деген пікірталас, осы заманғы саясаттың ең қуатты дискурстарының бірі. Бұл тақырып
ғалымдардың ақыл-ойын да, үйреншікті қиялды да сарсылтады. Және тегінде, ол
қазіргінің қирандысында тұрған бізді қандай болашақ күтіп тұр деген сұраққа жауап
іздестіргенде адастыруға қабілетті де болар.
Мәңгі бар болу мен таяу жоқ болу туралы осынау дискурсты өздігінен алғанда
мемлекеттік егемендік дегеніміз бір мезгілде ахуалдың әрі көрінісі, әрі оның кепілі дейтін
философиялық проекция тудырған. Мемлекеттік егемендік, былайша айтқанда, біз
қиялдай алатын баламаларға өзінің төл бағасын туындатады. Бұл баламалар, мистикалық
о дүниедегі өмірді қоспағанда, аспан сияқты қол жеткізбейді. Бұл дискурс бізге
"мемлекеттік егемендік ескірді" деген тұжырым өзінің соңынан не ерте келетінін
көрсетпейді. Мемлекеттік егемендік естілік ұғымдарында және құқықтық принцип!
ретінде "заттанғаны" турасында, сондықтан, айталық, тіршілік үшін күрес тәсілдерін
немесе капиталистік қайта құрылымдаудың динамикасын зерттеген тиімдірек, деп пәлсапа
соқпаған абзал, қайта өзімізден әмбебаптың да, әр тектінің де ықпал өрісінде тіршілік ету,
"өзім" және "басқа" деген баламалы тұжырымдамалармен бетпе-бет келу; тізгіндеу