Page 15 - ӘЛЕМДІК САЯСАТТАНУ АНТОЛОГИЯСЫ.уокер. ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҚАТЫНАСТАР

Basic HTML Version

Қазақстанның ашық кітапханасы
екендігінің дәлелі. Және әрине, осы заманғы белесте саяси нәрсе дегеніміз қайда және не
дегенді тәпсірлейтін халықаралық қатынастардың осы заманғы теорияларына сену үшін
ол бағалау тым күмәнді. Субъективтілік пен стратегиялық, тактикалық немесе тіпті
логистік, яғни, қандай болсын қажеттіліктің "тірек нүктесінде" жоқ болу қаупі туралы
қазіргі пікірталастар осынау сенімсіздікті тағы бір атап көрсетеді.
"Ұқсастық саясатының" әртүрлі пошымдарының элитаризмнің бір немесе басқа түріне
(Джорджи Лукачтың, Карл Мангхеймнің, Лео Штраустың позицияларын жиі еске сала
отырып) немесе тіпті неғұрлым заһар пошымына - төл тақуалық пошымына - көше
салудағы жеңілдігі осы заманғы мемлекеттерге іштей тән төл тақуалық саясатын
шектеуші тәсілдерді табуға тырысатын халықаралық қатынастар теориялары тінінде
қатты алаңдатады. Бәлкім, белгілі бір топтарға олардың эмансипаторлық практикасында
бұл жалғанда біршама тиімділікпен қимылдау үшін өзіндік "тірек нүктесі" қажет болар,
бірақ басқа нәрсенің орын алуы да әбден ықтимал: "төл тақуалыққа" сәйкестілік саясаты
халықаралық қатынастар теорияларын бүгінгі жағдайға алып келген "кіріктіру" және
"шығарып тастау" кодтарын қайта дүниеге әкелетін болады.
Бізге "кішкентай қораптар" саясатының жеткілікті екендігі мүлдем айдан анық.
МАЗМҰНЫ
ҚОҒАМДЫҚ ҚОЗҒАЛЫСТАР 6
"ҚОЛҒА ҮЙРЕТІЛГЕН" ЗАМАНА 8
МЕМЛЕКЕТТІК ЕГЕМЕНДІК 11
МӘҢГІДЕН КЕЙІН 13