Page 12 - ӘЛЕМДІК САЯСАТТАНУ АНТОЛОГИЯСЫ.уокер. ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҚАТЫНАСТАР

Basic HTML Version

Қазақстанның ашық кітапханасы
көлденеңдейтін толып жатқан проблемалардың бір бөлігі ретінде түсінуге болады, оларда
саяси билік пен ұқсастықтардың шым-шытырықтары шынында бір бөлік болып табылады.
Болмыстың Ұлы тізбегі туралы түсінік дүниенің шексіздігі, ұқсастықтар мәдениеті, үлкен
мен кішінің этикасы және, демек, сайып келгенде монотеистік теологиядан тамыр алатын
саясат туралы қағидаларға орын береді. Ал Жаңа заман Еуропасындағы өмір барған сайын
өсе түскен дәрежеде бөліну, картезнандық дуализм, протестанттық және буржуазиялық
индивидуализм, объективтілік пен субъективтілік эпистемологиясының, көлбеу
кеңістіктер мен жабық, "кеңістіктен тыс" кеңістіктердің мәдениеті ретінде дамыды.
Мемлекеттік егемендік кеңею үстіндегі көкжиектер мен кеңістіктік демарқациялаудың
жаңа универсумында жұмыс істей бастады. Бұл уақыттан мәңгілікке қарай болатын
қозғалысқа немесе аздың көпке бағыныштылығына аз дәрежеде, қайта көбірек дәрежеде
егемен ұқсастық агенттерінің арасында табиғи тәртіптің болмауы жағдайында "бұл
жақтан" "о жаққа" болатын қозғалысқа алаңдайтын дүниенің нышаны. (Раггидің еңбегі
/Ruggie, 1993/- осынау маңызды мәселе бойынша халықаралық қатынастар
теоретиктерінің жалпы үнсіздігіне жатпайтын елеулі еңбек, бірақ оның талдауы субъкт
пен объектіні "кеңістіктен тыс" қоюдың бір бөлігі болып табылатын осы заманғы
эпистемологияға сынсыз адалдықпен шектелген).
Нақ осы тінде мемлекеттік егемендікті философиялық үш мәселенің соншалықты
сымбатты да осы заманға лайық шешімі ретінде түсінуге болады; ол мәселелер бір кезде
теология шеңберінде, негізінен дін, күнәнің өтелуі және Жер бетіндегі Шіркеу қызметі
санаттарында шешілетін. Уақыт пен мәңгіліктің ара салмағы туралы мәселелер шым-
шытырық жер кеңістігіндегі қатынастар туралы мәселелер аясына көшіріле алады.
(Walker, 1993a. Ch. 8).
Мысалы, "біреу" және "көп" санаттарының арасындағы қатынас екі түрде шешіледі.
Мемлекеттік егемендік шашыраңқылық көзі ретінде сипатталатындығына қарамастан, ол
сондай-ақ ішінде алдымен егемен мемлекеттер өмір сүре алатын жүйе бірлігінің көрінісі.
Әу баста бұл жүйеде де христиандық, немесе еуропалық қайнар көздерге маталған дәл,
мәдени сәйкестілік болды. Содан кейін бұл бірлік барған сайын көбірек дәрежеде
капиталистік замананың әмбебап ететін мәдениетімен, яғни, тіпті кейбір мемлекеттер
бұған қарсы болғанымен, бәрі мойындайтын мәдениетпен жалғастырыла бастады (бұл
Хедли Булл еңбектерінің онша бағаланбаса да, нағыз өзекті тақырыбы болатын: қараңыз -
Bull and Watson, 1984. Жаһандық көлемдегі мәдени ұдайы өндіріс туралы анағұрлым соны
еңбек: Tomlinson, 1991). Осынау "бір жүйе - мемлекеттер көптігі" проекциясы жалғыз
емес. Басқа біреуін негізінен ішкі мемлекеттік саяси өмір теоретиктері, осы заманғы
шашыраңқылық, әсіресе индивидуализм проблемалары әмбебап парасатқа берілетін
бағамен қалайша бірігіп кететінін көрсетуге тырысатын теоретиктер ұсынады. Бұған
таңдануға да болмайды, өйткені мемлекеттің өзін өздігінен алғанда әдетте адам
бостандығының ақтық себебі ретінде әмбебап қажеттілікке сүйеніп, "жекенің" де,
"әмбебаптың" да мүдделерінің басын қосатын институт ретінде түсінуге болады ғой.
Мұндай талдауда Гоббстың, Канттың және Гегельдің тұжырымдары әсіресе ықпалды.
Осынау әмбебап пен жекенің арасындағы қатынастардың қосарланған проекциясы "ішкі"
мен "сыртқының" арасындағы, "мен" мен "басқаның" арасындағы айқын бөлінудің
болуына тәуелді. Жекенің ішінде әмбебапқа ұмтылысты сенімді авторитарлық тәртіптің
есебінен қамтамасыз етуге болады; дегенмен қоғамның ішінде дұрыстықты сақтау үшін
оның маргинал топтарына қандай әдістер қолдану қажеттігі туралы ойламағанның өзі
жөн, мұның өзі кәдімгі зорлық - зомбылықты қолдану да болуы мүмкін ғой. Бірақ сыртта,
біреулердің пікірі бойынша, тек "басқа" жекеліктер бар, топтасқан қоғамдастық жоқ, таза
анархия орын алады, ал басқа біреулердің пікірі бойынша мемлекеттердің