Қазақстанның ашық кітапханасы
Қозғалыс, жеделдеу немесе жылдамдық, және біздің қандай болғандығымызға бұл
құбылыстардың ықпалы туралы мәселелер қою дегеніміз мемлекеттік егемендік
проблемасына халықаралық қатынастар теориясында әбден - ақ игерілген уақыт пен
кеңістіктегі шекаралар дискурсы ретінде қарау деген сөз.
МЕМЛЕКЕТТІК ЕГЕМЕНДІК
Халықаралық қатынастар теоретиктерінің, әсіресе қырғи қабақ соғыс дәуіріндегі
теоретиктердің арасында, мемлекеттік егемендік проблемасының едәуір оғаш тарихы бар.
Ол проблема осы заманғы саяси және халықаралық тәртіптің бастапқы іргелі принципі
ретінде ылғи болып отырғандай, бірақ сонымен бір мезгілде сыншыл талдаудың объектісі
ретінде, әсіресе азды-көпті позитивистік позициядағы талдаушылар тарапынан,
үнсіздікпен қымталды. Мемлекеттік егемендік әрқашан егемендікке дәме мен құқықтар
саласында да, сондай-ақ интервенция, ішкі құзыреттілік және т.с.с. мәселелерде де
халықаралық құқық жөніндегі еңбектердің күн тәртібінде қалып отырды. Кейбір онша
танымал емес еңбектерде егемендіктің пайда болу тарихы мәселелерінің маңызды талдауы
да (Hinsley, 1986; Onuf, 1991), тіпті егемендік дегеннің өзін қалай түсіну керектігінің
теориялық талдауы да бар (Ashley, 1989; Ashley, Walker, 1990; Shapiro, 1990; Dillon, 1992;
Weber, 1994). Бұл еңбектердің белгісіздеу болып қалғандығы - жалпы халықаралық
қатынастарды талдаудағы басым көзқарастардың иесі Ганс Моргентаудан кейінгі іргелі
тұлға болып табылатын, аталмыш мәселелерге XX ғ. егемендік саласындағы кең танымал
және ең беделді болған Карл Шмиттің қызығушылығы болмауымен байланысты (Schmitt,
1985; Sollner, 1987).
Мемлекеттік егемендік проблемасына салыстырмалы түрде таяуда тағы да байыпты көңіл
бөліне бастады. Және де бұл қырғи қабақ соғыс аяқталып, жаһанданудың жеделдеуі
кезеңінің былығында оның статусының одан сайын бұлыңғырлана түсуінен ғана емес.
Егемендікті түсінуге елеулі ықпал ететін қазіргі заманның философиялық принциптерін
қайта ой елегінен өткізуге мәжбүрлейтіндігінен де. Мишель Фуко тұрпатындағы
авторлардың көптеген еңбектеріндегі секілді анық мазмұндауда болсын, не
постмодернизм, постструктурализм, феминизм, генеалогия және т.б. жалпы алғанда
түсініксіз айдарлармен түрлі стратегияларды өрбітетін көптеген авторлардағы сияқты
бұлдыр түрде болсын, бірақ егемендік ұқсастықтың мүмкіндіктері мен салдарларын
бағалау әрекеттері саяси және ғылыми пікірсайыстардың айқындаушы сипатына айналды.
Мемлекеттік егемендік проблемасына және неғұрлым кеңірек мағынада оның заңдылығын
қолдайтын мәдени ресурстар мәселелеріне қызығушылықтың жандануы талдаудың түрлі
стратегияларын дамыту мүмкіндігіне жол ашады. Мемлекеттік егемендіктің және
замануаилықтың іргелі принципінің арасындағы байланысты талдау маған әсіресе
маңызды, әрі кейбір дәрежеде төте болып көрінеді.
Пошымдық принцип ретінде мемлекеттік егемендік, дау жоқ, ұзақ уақыт қалыптасты,
және сондықтан әдетте Жаңа заман Еуропасындағы осы заманғы мемлекеттің және
капитализмнің өрлеу тарихына сайылатын өте күрделі даму тінінде түсінілуге тиіс. Ол-ол
ма, оны осы даму барысындағы қисапсыз проблемаларды шешу жолы ретінде анықтай
бастады. Мысалы, саясаттанушы - теоретиктер, бір жағынан, жеке билеп-төстеу кезінде
және, екінші жағынан, "халықтың" статусы көмескі болған кезде биліктің өсе түскен
тұрақсыздығы проблемасын шешудің жолы ретінде мемлекеттік егемендікке орынды ден
қояды. Мемлекеттер билеп-төстеушіден де, басқарушылардан да абстракциялана отырып,
осы заманғы мемлекеттерге айналды. Бірақ неғұрлым кең мағынада мемлекеттік егемендік
проблемасын білім мен болмыстың иерархиялық модельдерінің коллапсы нәтижесінде