Қазақстанның ашық кітапханасы
Бейбітшілік ісі осы сұраққа берілетін жауапқа байланысты. Егер жауап құптарлық болса,
онда ортақтастырылатын сенімдерге және ортақ құндылықтарға негізделген моральдық
консенсус - бейбітшілік дипломатиясы аясында біздің қол жеткізуге мүмкіндігіміз
болатын консенсус қалыптасуы мүмкін. Тек сонда ғана дипломатия бейбіт шешімді талап
ететін нақты саяси проблемаларды мойнына ала алады.
Сыртқы саяси мақсаттар ұлттық мүдделер призмасы арқылы тұжырымдалып, және соған
сай күш-қуатпен сүйемелденуге тиіс. Бұл бейбітшілікті қолдауға бағытталған
дипломатияның екінші ережесі. Бейбітшіл елдің ұлттық мүддесі тек ұлттық қауіпсіздік
призмасы арқылы қалыптаса алады, ал оның көздейтіні ұлттық аумақтың тұтастығы және
оның институттарының ұлықтығы. Мұндай жағдайда ұлттық қауіпсіздік - дипломатия
лайықты мүмкіндіктермен және ымырасыз қорғауға тиіс қажетті минимум. Бірақ
дипломатия ядролық дәуірде ұлттық қауіпсіздік бастан өткерген түбегейлі өзгерістерге
әрқашан құлақ қоюға тиіс. Сол дәуір келгенге дейін ел өз дипломатиясын өзінің
қауіпсіздігін басқалардың есебінен қамтамасыз ету үшін пайдалана алатын. Бүгінде, егер
ядролық күштер балансының бір елдің пайдасына қарай түбегейлі ойысқанын былай
қойсақ, дипломатия, бір елді ядролық жойып жіберуден сақтауға кепілдік беру үшін,
барлық елдерді қауіпсіздендіруі керек. Ұлттық мүдде осыншалық шектелген және
абстрактылы терминдермен анықталатын кезде, дипломатия өзінің үшінші ережесін
сақтауға тиіс.
Дипломатия саяси ахуалды басқа елдердің көзқарасы тұрғысынан көре білуге тиіс. "Ұлт
үшін шектен шыққан өзімшілдіктен және басқалардың табиғи үрейі мен үмітін қаперге
алуға ешқандай құлықтың болмауынан асқан тажалды ештеңе жоқ". Ұлттық қауіпсіздік
призмасы тұрғысынан қарағанда басқа елдердің ұлттық мүдделері қандай, және оларды
өзіңнің тел мүдделеріңмен қалай ұштастыру керек? Ұлттық қауіпсіздік терминдерінде
ұлттық мүдделерді анықтауға, бір-біріне қарсы тұрған елдердің мүдделерін ұштастыруға,
кез-келген өзге күштер балансынан гөрі, косполярлы жүйе аясында неғұрлым тезірек қол
жетеді. ...
Егер ел өзінің ұлттық мүдделерін ұлттық қауіпсіздік мүдделері ретінде анықтаса, онда ол
басқа елдің ұлттық қауіпсіздігі өрісінде немесе соған жақын орналасқан өзінің шалғай
форпосттарын құрбан етуге және өз-өзіне жеткілікті өз өрісіне шегінуге қабілетті. Осынау
шалғай форпосттар оның ұлттық қауіпсіздігі үшін ештеңе бермейді. Олар тек кедергі
болып табылады және соғыс болған жағдайда сақталып қала алмайды. Екі блоктың да
ұлттық қауіпсіздігі өрісін бөлетіп ара қашықтық неғұрлым кеңірек болған сайын, олардың
қауіпсіздігі де ұлғая түседі. Тараптардың әрқайсысы қарсы жақтан жеткілікті қашықтықта
жататын сызық жүргізе алады, сөйтіп сол арқылы бұл сызықты бұзу немесе тіпті оған
жақындау соғысқа әкеп тірейтінін меңзей алады. Сонда екі демарқациялық сызықтардың
арасындағы аралық кеңістіктермен не болмақ? Бұл арада дипломатияның төртінші ережесі
қолданыла алады.
Елдер өздері үшін өмірлік маңызды болып табылмайтын барлық мәселелер бойынша
мәмілеге келуге дайын болуы тиіс. "Кез-келген басқару, адами пайда, қуаныш, кез-келген
жақсылық пен парасатты қарекет ымыра мен саудаға негізделген. Біз қолайсыздықты
теңестіреміз: бірдеңені береміз, бірдеңені аламыз; басқалар пайдаланғысы келетін әлдене
құқықтардан бас тартамыз. Ұлы империяға тиесілілігіміздің игілігін көру үшін біз әлдене
табиғи бостандықтарымызды құрбан етуге тиіспіз. Бірақ барлық әділ мәміледе саудаласып
алғанымыз сол үшін төлегенімізге пропорционал болуы тиіс.
Ешкім өзінің жанына қымбат дүниені саудаға салмайды".