Page 6 - ӘЛЕМДІК САЯСАТТАНУ АНТОЛОГИЯСЫ.моргентау. ХАЛЫҚАРАЛЫҚ САЯСАТ

Basic HTML Version

Қазақстанның ашық кітапханасы
Бұл арада дипломатия ең қиын міндетке тап болады. Қандай да бір саяси діннің
мессиялық рухымен уланбаған және екі тараптың да ұлттық мүдделеріне объективті түрде
қарауға қабілетті ақыл-ой иелері үшін осынау өмірлік мүдделерді бөліп-бөліп қарастыру
қиынға соқпайды. Екінші дәрежелі мәселелер бойынша ымыраласу - басқа мәселе. Бұл
арадағы міндет өзінің табиғаты бойынша ажыратылып, анықтала алатын мүдделерді
ажыратып, анықтау емес, көптеген пункттер бойынша жанасып, ажыратуға болмайтындай
астасып кете алатын мүдделерді теңестіруде. Міндет орасан - пасқа тарапқа аралық
аймақтарда белгілі бір ықпалға не болуға мүмкіндік беру және сонымен бірге олардың
соның 111 орбитасына кіргізілуіне жол бермеу керек. Басқа тараптың қауіпсіздік
аймағыңа жанасатын өңірлерге ықпалының мүмкіндігінше неғұрлым төмен деңгейде
болуын сақтай отырып, сол аймақтарды өз орбитаңа сіңірмеудің қиындығы да одан кем
емес. Бұл міндеттерді шешу үшін қолдануға дайын тұрған формулалар жоқ. Тек
бейімделудің беріктікпен, ұстамдылықпен қуатталатын үздіксіз процесі жолымен ғана
екінші дәрежелі проблемалар бойынша тиімді ымыраға қол жеткізуге болады. Алайда,
ымыраға қол жеткізуді қандай амал жеңілдететінін, қандайы ауырлататынын бірден
көрсету қажет.
Бірінші кезекте мынаны белгілеп алу керек: ымыраның табысы, яғни төртінші ереженің
сақталуы бір-біріне өзара тәуелді алғашқы үш ереженің сақталуына қандай дәрежеде
байланысты екенін белгілеп алу керек. Екінші ережені сақтау біріншінің іске асырылуына
тәуелді болатын шамада, нақ сол шамада үшінші ереже өзінің іске асырылуын екінші
дәреженің сақталуынан күтеді. Ел өзінің ұлттық мүдделеріне, тек саяси доктриналардың
мессиялығынан бас тартып қана парасатты қарай алады. Ел өзінің төл мүдделерін сақтап
отырғанына сенімді болғанда ғана, басқалардың ұлттық мүдделеріне объективті қарай
алады. Егер тараптар өздерінің ұлттық мүдделерінің қорғалғанына сенімді болмаса, кез-
келген мәселе бойынша, ол қаншалықты маңызды еместігіне қарамастан ымыраласу
мүмкін емес. Осылайша, елдер басқа үш ережені сақтамаса, төртінші ереже орындалады
деп үміттене алмайды.