Page 3 - ӘЛЕМДІК САЯСАТТАНУ АНТОЛОГИЯСЫ.моргентау. ХАЛЫҚАРАЛЫҚ САЯСАТ

Basic HTML Version

Қазақстанның ашық кітапханасы
құдіретінің заңдарына бағынып, төл ұлғая түсуіне жалғыз ақталу тауып, бақылаусыз һәм
варварлық зорлық-зомбылық болған кезде де бір адамның басқаға үстемдігін қамтиды. [...]
Күш ұғымдарында анықталатын мүдде тұжырымдамасы мораль жолында деп жасалатын
эксцестердің де, саяси ақымақтықтың да алдын алады. Өйткені, егер біз кез-келген елге,
оның ішінде өзіміздің елімізге де, күш терминдерінде анықталатын төл мүдделерін
күйттейтін саяси организм ретінде қарасақ, онда біз олардың кез - келгеніне ақтау
табамыз. Және сол ақтаудың қос мағынасы болады: біз басқа елдерді өзіміздің ел секілді
таразылай аламыз, және, оларға солай келсек, біз басқа ұлттардың мүдделерін
құрметтейтін саясат жүргізуге қабілетті боламыз, сонымен бір мезгілде өз мүдделерімізді
қорғап, ілгерілете аламыз .
Саясаттағы ұстамдылық моральдық пікірлердің ұстамдылығын бейнелемеуі мүмкін емес.
[...] Халықаралық саясат, кез-келген саясат секілді - ықпал үшін күрес. Халықаралық
саясаттың ақтық мақсаты қандай болмасын, ол әрқашан - ең тікелей мақсат. Мемлекет
қайраткерлері, халықтар түптің түбінде бостандыққа, қауіпсіздікке, гүлденуге немесе
ықпал етудің өзіне қол жеткізе алады. Олар өздерінің мақсаттарын діни, философиялық,
экономикалық немесе әлеуметтік мұрат ретінде айқындай алады. Олар осынау мұрат
өзінің ішкі қуат - жігері арқылы, Жасағанның шапағаты жолымен немесе адамзаттың
дамуының табиғи барысымен материалданады деп үміттене алады. Олар өз
мақсаттарының іске асырылуына бейсаяси құралдармен, басқа ұлттармен немесе
халықаралық ұйымдармен техникалық ынтымақтастық секілді құралдармен қол жеткізе
алады. Бірақ олар өз мақсаттарына халықаралық саясат жолымен қол жеткізуге ұмтылған
кез-келген жағдайда мұны күшке қол жеткізіп алып істейді. Кресшілер қасиетті жерлерді
құдайсыздардан азат еткісі; Вудро Вильсон - дүниені демократия үшін қауіпсіз еткісі;
фашистер - Шығыс Еуропаны неміс отарлауы үшін ашып, Еуропаға үстемдік орнатқысы
және дүние жүзін жаулап алғысы келді.
Олардың бәрі өз мақсаттарына жету үшін күш қолдануды таңдағандықтан, олар әлемдік
саясат аренасында ойыншылар болып санала алатын еді.
[...] Саяси билік дегеніміз оны жүзеге асырушылар мен сол билік кімнің үстінен
жүргізілетіндердің арасындағы психологиялық қатынас. Бұл осылардың біріншілеріне
соңғылардың қарекеттерін олардың ақыл-ойына жасайтын ықпалы арқылы қадағалау
мүмкіндігін береді. Бұл ықпал үш қайнар көзден - пайда күтуден, ұтылып қалу қаупінен,
адамдар мен институттарды сыйлаудан немесе сүюден өрбиді. Ол адамның яки
институттың бұйрықтарымен, қорқытуымен, сендіруімен немесе осынау факторлардың
кез-келгенінің ұштастырылуымен жүзеге асырыла алады.
[...] Ықпал үшін күрес уақыт пен кеңістікте әмбебап, және бұл тәжірибеден туындаған
бұлтартпас факт.
Тарих жазыла бастағаннан бергі замандарда әлеуметтік, экономикалық және саяси
жағдайларға қарамастан, мемлекеттер бір-бірімен үстемдік үшін бәсекеде қақтығысып
отырғанын жоққа шығару мүмкін емес. Антропологтар кейбір алғашқы қауым халықтары
билікке ұмтылудан бостан болуы мүмкін еді дегенімен, әзірге ешкім халықаралық
аренадан үстемдік үшін күресті әлемдік ауқымда қалайша қалпына келтіре алатын ақыл-
ой ахуалын көрсете алған жоқ. Жер шарының бір немесе бірнеше халықтарын ықпал етуге
ұмтылыстан арылтуға ұмтылу және, сонымен бір мезгілде , басқалардың осындай тілегіне
шаң жуытпау пайдасыз және, тіпті өзін-өзі ірітетін тірлік болар еді. Егер әлемнің барлық