Қазақстанның ашық кітапханасы
басымдық келмеске кетіп бара жатқан және Құрама Штаттарға қыр көрсету неғұрлым
қауіпсіз бола бастаған экономикалық салада одан да анық көрінеді.
XXI ғ. халықаралық жүйе бір қарағанда солай көрінетін кереғарлықпен сипатталады: бір
жағынан, шашыраңқылық, екінші жағынан, өсе түсетін жаһандану орын алады.
Мемлекеттер арасындағы қатынастар деңгейінде жаңа тәртіп қырғи қабақ соғыстың қатаң
шеңберінен гөрі, XVIII-XIX ғ.ғ. еуропалық мемлекеттер жүйесін көбірек еске салатын
болады. Оның құрамдас бөлігі құдіреттіліктің кем дегенде алты орталығы: АҚШ, Еуропа,
Қытай, Жапония, Ресей және, мүмкін, Үндістан, сондай-ақ толып жатқан орта және шағын
елдер болады. Сол кезде халықаралық қатынастар тұңғыш рет шынайы жаһандық сипат
алатын болады. Ақпарат беру қас-қағымда жүреді; дүниежүзілік экономика барлық
континенттерде синхронды жұмыс істейді. Ядролық технологиялардың таралуы, тіршілік
өрісі, демографиялық қопарылыс және экономикалық өзара тәуелділік проблемалары
сияқты бірқатар проблемалар алдыңғы орынға шығады, оларды шешумен тек
дүниежүзілік ауқымда ғана айналысуға болады. Маңыздылығы жағынан АҚШ-пен
салыстыруға келетін елдермен әрқилы құндылықтар мен барынша тарихи әртүрлі
тәжірибені келістіру олар үшін жаңа құбылыс болады және алдыңғы ғасырдың
изоляционизмінен де, қырғи қабақ соғыс кезіндегі де-факто гегемониядан да ірі ауқымды
шегініс болады, айтпақшы мұның өзі қалай жүзеге асатынын осы кітапта анықтап алуға
тырысамыз. Нақ сондай дәрежеде ойынға басқа негізгі қатысушылар да туып келе жатқан
дүниежүзілік тәртіпке бейімделе отырып, бірқатар қиындықтарға тап болады.
Осы заманғы дүниенің көптеген мемлекеттер бір мезгілде тіршілік еткен жүйесі орын
алған бірден-бір бөлігі Еуропа ұлт - мемлекет, егемендік және күштер тепе-тендігі
тұжырымдамаларының отаны болып табылады. Бұл идеялар халықаралық істерде үш
ғасыр бойы қатарынан үстемдік етті. Бірақ туып келе жатқан халықаралық тәртіптің
басында тұру үшін raison d'etat принципінің бұрынғы жақтастарының ешқайсысы іс
жүзінде соншалықты күшті емес. Олар өздерінің салыстырмалы әлсіздігін біріккен Еуропа
құру арқылы өтегісі келеді, және де бұл бағыттағы күш-жігер олардың күш-қуатының
едәуір бөлігін жұтып жатыр. Бірақ олар тіпті табысқа жеткен күнде де, олардың қолында
дүниежүзілік аренада біріккен Еуропаның өзін-өзі қалай ұстауы керектігін көрсететін
ешқандай сынақтан өткен модель болмас еді, өйткені осы сияқты саяси организм бұрын
ешқашан болмаған.
Ресей өзінің бүкіл тарихында әрқашан оқшау тұрады. Ол Еуропа саясатының сахнасына
кеш шықты - бұл кезде Франция мен Ұлыбритания нығаю белесінен баяғыда өтіп кеткен
болатын,- сол себепті оған, тегінде еуропалық дипломатияның дәстүрлі принциптерінің
бірде-бірін қолдануға болмайды. Әрқилы үш мәдени өрістің - еуропалық, азиялық және
мұсылмандық өрістердің - тоғысқан жерінде орналасқандықтан, Ресей олардың
әрқайсысына жататын халықтарды қамтыды да, ешқашан еуропалық мағынадағы ұлттық
мемлекет болған емес. Оның билеп-төстеушілері көрші аумақтарды ұдайы қосып алып
отырғандықтан, нобайын ұдайы өзгертіп отырған Ресей ауқымы жағынан ешбір
еуропалық елмен салыстырылмайтын империя болды. Ол-ол ма, әрбір кезекті жаулап
алудан кейін мемлекеттің сипаты өзгеріп отырды, өйткені ол мүлдем жаңа, беймаза орыс
емес этностық топты қамтып отырды. Бұл Ресейдің орасан зор қарулы күштер ұстауға өзін
міндетті деп санауының бір себебі болды, ал ол күштердің көлемі оның қауіпсіздігіне
сырттан төнетін рас болуы мүмкін қатермен салыстыруға еш келмейтін.
Мазасыз қорғансыздық идеясы мен миссионерлік құлшыныстың арасында, Еуропа
талаптары мен Азия арбауының арасында әрі-сәрі Ресей империясы еуропалық тепе-
теңдікте әрқашан белгілі бір рөл атқарып келді, бірақ рухани тұрғыдан ешқашан оның бір