Қазақстанның ашық кітапханасы
- ақ жеңіске, яғни Джордж Бернард Шоу тұжырымдаған: "Өмірде трагедияның екі түрі
бар. Біреуі - ең асыл арманыңа жете алмай кету. Екіншісі - жету" деген дилеммаға бетпе-
бет келуге мәжбүр еткен жеңіске жетті.
Американ көшбасшылары өз құндылықтарын өзінен-өзі түсінікті нәрсе ретінде соншалық
жиі тәпсірлейтіндіктен, сол құндылықтарды басқалар қаншалықты революциялық және
дүниенің үйреншікті тәртібін бұзушы ретінде қабылдайтынын тым сирек түсінетін.
Индивидуумдардың мінез - құлқына қолданылатын этикалық нормалар дәл солай
халықаралық істер жүргізуге де қолданылады деп басқа ешбір қоғам айтпайтын - басқаша
айтқанда, мұндай көзқарас Ришельенің raison d'etat (мемлекеттік пиғылдар) дейтінінің
мәнісіне түбегейлі кереғар болатын. Америка соғысқа жол бермеу нақ дипломатиялық қыр
көрсету секілді заңды тірлік, және де ол өзгерістерге қарсы шықпайды, өзгерістердің
белгілі бір әдістемесіне, мәселен, күш қолдануға қарсы шығады деп кесіп айтатын. Қандай
да бір Бисмарк немесе Дизраэли, сыртқы саясаттың пәні болып жатқан оқиғалардың
мәнісінен гөрі, оларды жасаудың әдісі болып табылады деген топшылаудың өзін, егер
мұндай нәрсе олардың түсінік аясында жалпы бола қалса, күлкіге айналдырар еді. Ешбір
ұлт ешқашан, Америка істегеніндей, өзіне моральдық талаптар қойған емес. Ешбір ел
өзінің моральдық құндылықтарының абсолюттік сипаты мен оларды қолдану қажет
болатын нақты жағдайға тән жетімсіздіктің арасындағы әрі-сәрілік азабына ұрынған емес.
Қырғи қабақ соғыс заманында сыртқы саясат мәселелеріне бірегей, тек АҚШ-қа тән
көзқарас қыр көрсетуге ең жоғары дәрежеде бара - бар болатын. Терең идеологиялық
жанжал жағдайында коммунистік емес дүниенің қорғаны ұйымдастыру үшін қажет саяси,
экономикалық және әскери құралдардың барлығына ие тек бір ғана ел - Құрама Штаттар
болды. Мұндай жағдайда тұрған ұлт өз көзқарасын қолдауды талап ете алатын ахуалда
болады және жағдайы оншалық қолайлы емес қоғамдардың мемлекет қайраткерлеріңнің
алдында тұрған проблемаларды көзге ілмеуге жиі қабілетті: өйткені соңғылардың
қолында бар құралдар оларды өздерінің армандарынан көп кем мақсаттарға күш салуға
міндеттейді, әрі қалыптасқан ахуал тіпті сол мақсаттарға кезең-кезеңмен күш салуды
талап етуі мүмкін.
Қырғи қабақ соғыс заманындағы дүниеде күштің дәстүрлі тұжырымдамаларының беделі
едәуір түсіп кетті. Тарихи жағдайлардың көпшілігінде әскери, саяси және экономикалық
құдіреттілік синтезі орын алды, әрі жалпы алғанда белгілі бір симметрия болатын. Қырғи
қабақ соғыс заманында құдіреттіліктің әрқилы элементтері бір-бірінен айқын алыстай
бастады. Бұрынғы Кеңес Одағы әскери тұрғыдан астам, экономикалық тұрғыдан
ергежейлі держава болатын. Басқа бір ел, мысалы, Жапония сияқты, әбден - ақ
экономикалық тұрғыдан алып, әскери тұрғыдан түкке тұрғысыз ел бола алатын.
Қырғи қабақ соғыс аяқталғаннан кейін құдіреттіліктің әрқилы элементтері, тегінде,
көбірек жарасымдылық пен империяға ие болар. Құрама Штаттардың салыстырмалы "
әскери қуаты біртіндеп кеми бастайды. Анық нобайланған дұшпанның болмауы іштен
қысым тудырады, ал оның мақсаты - ресурстардың қорғаныс өрісінен басқа бірінші
кезектегі мәселелерді шешуге бағытталуын қамтамасыз ету болып табылады, және де бұл
процесс басталып та кетті. Қатер енді әмбебап сипатынан айрылған және әрбір ел нақты
өзіне төнген қауіпті төл ұлттық мүдделері тұрғысынан бағалайтын болған кезде, АҚШ -
тың қанатының астында тып - тыныш жүріп жатқан қоғамдар өз қауіпсіздігі үшін өзіне
неғұрлым елеулі жауапкершілік алуға мәжбүр болады. Осылайша, жаңа халықаралық
жүйенің жұмыс істеуі тіпті әскери саладағы тепе-теңдікке алып келеді, дегенмен мұндай
жағдайға жету үшін ондаған жылдар керек болуы мүмкін. Бұл тенденциялар американдық