Page 6 - ӘЛЕМДІК САЯСАТТАНУ АНТОЛОГИЯСЫ. кисинджер. ДИПЛОМАТИЯ

Basic HTML Version

Қазақстанның ашық кітапханасы
мемлекеттердің болуының нақты фактысын әлемдік тәртіптің жетекші принципіне
айналдыру болды.
Интеллектуалдық тұрғыдан күштер тепе-теңдігі тұжырымдамасы Ағарту дәуірінің барлық
ірі саяси ойшылдарының кәміл сенімін бейнеледі. Олардың түсінігі бойынша,
дүниедегінің бәрі, соның ішінде саясат өрісі бірін-бірі теңестіріп тұратын ұтымды
принциптер негізінде жұмыс істеді. Парасатты адамдардың сырттай қарағандағы бір-
бірімен байланысы жоқ секілді қарекеттері жиыла келіп баршаға ортақ игіліктерге
жетелеуге тиісті болады деп саналатын, дегенмен. Отыз жылдық соғыс аяқталғаннан кейін
де тыйылмаған жанжалдар ғасырында бұл гипотезаның дәлелдері тым қияли сипатта
болатын.
Адам Смит өзінің "Ұлттар байлығы" атты еңбегінде "белгісіз қол" индивидтердің эгоистік
экономикалық іс-қимылдарынан баршаға ортақ экономикалық бақуаттылық шығарады
деп кесіп айтты. "Федералистің" мақалаларында Мэдисон жеткілікті ірі республикада, төл
мүдделерін эгоистікпен көздейтін әртүрлі саяси "фракциялар" автоматты түрде жұмыс
істейтін тетіктердің көмегімен тиісті ішкі жарасымды жасап шығаруға қабілетті деп
дәлелдеп бақты. Монтескье ұсынған және АҚШ Конституциясына енгізілген "билікті
бөлу", сондай-ақ "тежемелер мен тепе-теңдік" тұжырымдамалары да сол көзқарасты
білдіреді. Билікті бөлу мақсатты басқарудың жарасымды жүйесіне қол жеткізу емес,
деспотизмге жол бермеу болатын; басқару жүйесі тармақтарының әрқайсысы өз
мүдделерін көздей отырып, шектен шығушылықтан бой тартар еді де, осылайша баршаға
ортақ игілікке қол жеткізу ісіне қызмет етер еді. Халықаралық қатынастарға да нақ сол
принциптер қолданылды. Төл эгоистік мүдделерін көздей отырып, мемлекеттердің
әрқайсысы прогреске септігін тигізер еді деп топшыланды, бұл бейне қандай да бір
"көрінбейтін қол" мемлекеттердің әрқайсысы үшін таңдау еркіндігі баршаның
бақуаттылығына айналатынына кепілдік беретін сияқты болып көрінетін.
Бір ғасырдан сәл артық уақыт бойында бұл үміт ақталғандай болып көрінген. Француз
революциясы мен Наполеон соғыстары тудырған дүрбелеңдерден кейін еуропалық
көшбасшылар 1815 жылы Вена конгресінде күштер тепе - теңдігін қалпына келтірді де,
дөрекі күшке сүйенудің орнына моральдық һәм заңдық тежегіш факторларды енгізудің
арқасында халықаралық аренада елдер арасындағы қатынаста қанағатшылдықты іздестіру
келе бастады. Дегенмен XIX ғ. соңында еуропалық тепе-теңдік жүйесі күш саясаты
принциптеріне, және де әлдеқайда көп ымырасыздық жағдайында қайта оралды.
Қарсыласқа қыр көрсету дипломатияның үйреншікті әдісіне айналды да, мұның өзі шексіз
күш сынасуға жетеледі. Ақыр соңында, 1914 жылы дағдарыс пайда болды да, одан ешкім
өз еркімен шыққысы келмеді. Еуропа бірінші дүниежүзілік соғыс апатынан кейін өзінің
әлемдегі көшбасшылық жағдайын қайтара алмай-ақ қойды. Басты ойыншы ретінде
Құрама Штаттар шықты, бірақ Вудро Вильсон көп ұзамай өз елі еуропалық ереже
бойынша ойнаудан бас тартатынын сездірді.
АҚШ өзінің бүкіл тарихында ешқашан күштер тепе-теңдігі жүйесіне қатысқан емес. Екі
дүниежүзілік соғыстың алдындағы кезеңде бұл ел сол жүйемен байланысты саяси
айлакерлікке қатыспай және осынау принципті барынша жаңғыра отырып, жүйенің іс
жүзіндегі жұмысының пайдасын көрді. Қырғи қабақ соғыс заманында Америка Кеңес
Одағымен идеологиялық, саяси және стратегиялық күреске тар тылды, ол кезде екі астам
держава бар дүние күштер тепе - теңдігі жүйесіне ешқандай қатысы жоқ принциптер
негізін де өмір сүріп жатты. Биполярлық дүниеде жанжал баршаға ортақ игілікке
жетелеген деген гипотеза әу бастан негізсі і еді: тараптардың бірі үшін кез-келген ұтыс
екінші жақ үшін ұтылыс болатын. Шындап келгенде, қырғи қабақ соғыста АҚШ соғыссыз