Қазақстанның ашық кітапханасы
сипатына ерекше маңыздылық береді, өйткені уақыт басымдықтарды ой елегінен қайта
өткізуді және өз мүмкіндіктерін талдауды талап етеді.
Расын айтқанда, "реалполитик" бәрінен бірдей қорғаныш емес. Күштер тепе-теңдігі
Наполеон соғыстарынан кейінгі 40 жыл ішінде шырқау шыңына шықты. Осынау кезеңде
оның кедергісіз қимылдауының себебі тепе-теңдікті қамтамасыз ету үшін күштердің
арақатынасы алдын ала жоспарланатын және, ең бастысы, ол құндылықтардың
ортақтығын түсінумен, бері салғанда консервативтік сарайлар арасында түсінумен
қуатталып отыратын. Қырым соғысынан кейін құндылықтар ортақтығын осынау түйсіну
біртіндеп ғайып бола бастады, ал XVIII ғ. жағдайымен шендестірілген мәселелер осы
заманғы технологиялардың және қоғамдық пікірдің рөлі артуының салдарынан барған
сайын қауіпті бола берді. Тіпті деспоттық мемлекеттер сырттан төнген қатерді лағнет
секілді пайдаланып, қалың бұқараға жүгіне алатын болды, сол арқылы сырттан төнген
қатер демократиялық консенсусты алмастырып отырды. Еуропа мемлекеттерінің ұлттық
нығаюы халықаралық сахнада қатысушылардың санын және күш көрсетуді
дипломатиялық комбинациялармен алмастыру мүмкіндігін қысқартты, ал заңды
ортақтастықты бұлдіру моральдық шектеулерді сызып тастады.
Күштер тепе-теңдігі ұғымын Американың тарихи жаратпауына қарамастан, бұл
тағлымдардың қырғи қабақ соғыстан кейінгі оның сыртқы саясатына төте қатысы бар.
Тарихта тұңғыш рет АҚШ халықаралық жүйенің ең күшті елі бола отырып-ақ оның бір
бөлігіне айналды. Әскери тұрғыдан АҚШ астам держава екендігіне қарамастан, ол бұдан
былай ешкімге өз ырқын таңа алмайды, өйткені оның қуаты да, идеологиясы да
империялық кеудемсоқтыққа орын қалдырмайды. Ал американдық әскери артықшылықты
қамтамасыз ететін ядролық қару қолданылатын қуатты теңестіретін тенденцияға ие.
Сондықтан Құрама Штаттар барған сайын көбірек дәрежеде толып жатқан параметрлер
бойынша XIX ғасырдағы Еуропаға ұқсас дүниеде қалып отыр. Күштер тепе - теңдігі
құндылықтар ортақтығымен қуатталатын Меттерних жүйесі секілді бірдеңе пайда болар
деп үміттенуге ғана болады. Ал қазіргі заманда бұл құндылықтар демократиялық
құндылықтар болуы міндет.
Дегенмен Меттернихтің өзінің заңды тәртібін арнайы жасауы керек емес болатын; шын
мәнісінде ол бар болатын. Қазіргі дүниеде демократия - тіпті де әмбебап емес, және ол
жария етілген жерлерде ол міндетті түрде салыстырыла алатын терминдермен
білдірілмейді. АҚШ үшін күштер тепе - теңдігін моральдық консенсус арқылы қуаттау
парасатты болып көрінеді. Өз-өзіне адал боп қалу үшін ол демократияға жаһандық
адалдыққа негізделетін барынша кең моральдық консенсус шыңдап шығаруға тырысып
көруге тиіс. Бірақ қайткенде де күштер ара салмағын талдауды елемеуге болмайды.
Өйткені моральдық консенсусқа шақыру, күштер тепе - теңдігін бұзатын болса,
алжастырады.[... ]
Америка таңдаудың барлық нұсқалары ашық секілді көрінген және өз мүмкіндіктерін
байыпты бағалап, басқа ешбір қоғамның қолынан келмейтін нәрсені жүзеге асыра алатын
болған заманмен біржола қош айтысуы керек. Өз тарихының көбірек бөлігінде ол өзінің
аман қалуына сырттан төнген қатерді білген емес. Қырғи қабақ соғыс кезінде сондай қатер
ақыры пайда болған кезде, ол қатер толығымен іске аспайтын етілді. Осылайша, американ
тәжірибесі АҚШ қауіп-қатерден тайсалмайтын және тек моральдық абырой мен ізгі
істердің тірі үлгісі болып-ақ төтеп бере алатын әлемдегі бірден-бір ел деген сенімді
қуаттады.