Қазақстанның ашық кітапханасы
Үстіміздегі ғасырда (автор XX ғасырды айтып отыр - баспа) үшінші рет өзін жаңа әлемдік
тәртіп орнатуға арнап, АҚШ бір мезгілде өзінің бірегейлігін құрайтын екі елігудің: ол кез-
келген жамандықты жоюға және тепе-теңдіктің кез - келген бұзылуын тыюға тиіс деген
ұғым мен туа біткен томаға-тұйықтық инстинктінің арасында тепе-тендік табу жөніндегі
негізгі міндетінің алдына келді. Қырғи қабақ соғыстан кейінгі кезеңде барлық этностық
тәртіпсіздіктер мен азамат соғыстарына шексіз тартылу крест жорығы жолына түскен
Американы тұралатады, төл жақсылықтарын жетілдіре түсуді шектей отырып, ол сайып
келгенде өзінің қауіпсіздігі мен гүлденуін алыста жатқан, өзі қадағалаудан біртіндеп
айрылып қалатын өзге қоғамдастықтар қабылдайтын шешімдерге бағынышты етеді.
1821 жылы Джон Квинси Адамс АҚШ-ты алыс елдердегі құбыжықтармен шайқасудан
күні бұрын сақтандырғанда, ол қырғи қабақ соғыстан кейін әлемде қаншама алып
құбыжықтар пайда болатынын тіпті елестете де алмаған еді. Жамандықтың бәрін бірдей
Америка, оның үстіне жалғыз өзі жоя алмайды. Бірақ құбыжықтардың кейбіреулері
жойылмаған күнде де, тойтарылуға тиіс. Және бұл арада бәрінен бұрын таңдау өлшемі
керек болады.
Америка басшылары әдетте құрылымдық факторларға емес, сарындай алуды артық
көретін. Оларға өз оппоненттерінің есеп-қисабына ықпал еткеннен гөрі, тәртібіне ықпал
еткен маңыздырақ болды. Осының нәтижесінде американ қоғамы тарих тағлымдарына
мүлдем екіұшты көзқарасымен ерекшеленеді. Американдық фильмдер қандай да бір
шиеленіскен оқиғаның қалайша жауыздан жақсылық үлгісін жасайтынын жиі суреттейді
(мұнысы тым мезі қылып та жібереді) - ал бұл өткен кезең ешқандай анықтаушы рөл
атқармайды - мыс және әрқашан қайта бастауға болады-мыс деген елде басым
қалыптасқан пікірді бейнелейді. Нақты дүниеде жекелеген адамдардың мұндай өзгеріске
түсуі сирек кездеседі, ал толып жатқан жекелік таңдаулардан тұратын қоғамдарда одан да
сирек.
Тарихтан ауа жайылу сахнаның алдына әмбебап заңдар бойынша өмір сүретін және
өткеніне, географияға немесе басқа да бір сөзсіз болатын жағдайларға тәуелсіз өмір
сүретін әмбебап адамның мадақталатын бейнесін шығарады. Ал американ дәстүрі ұлттық
сипаттарға емес, көбіне әмбебап ақиқаттарға баса көңіл бөлетіндіктен, американ
саясаткерлері әдетте ұлттық мәселеге көпжақты көзқарасты артық көреді: қарусыздану,
ядролық қаруды таратпау және адам құқықтары проблемалары таза ұлттық, геосаяси және
стратегиялық міндеттерден жоғары тұрады. Өзін тарихпен матағысы келмеу және қайта
қалыптасу мүмкіндігін табандылықпен насихаттау американдық өмір салтының ғаламат
абыройын және тіпті сұлулығын бейнелейді. Тарихқа бас ұрғанда ұлт өзі қорқатын
дүниеге өзі тап болатынының алдындағы қорқыныш халықтың ұлы даналығына сүйенеді.
Дегенмен тарихты менсінбеген адам оны қайталауға бұйырылады деген Сантаянаның
мәтелі одан да көп мысалдармен қуаттала алады.
АҚШ сияқты идеалистік дәстүрлер елі өз саясатын жаңа әлемдік тәртіптің бірден-бір
өлшемі ретінде күштер тепе - теңдігі принципіне негіздей алмайды. Бірақ оған тепе -
теңдіктің болуы тарихи мақсаттарға қол жеткізудің іргелі алғы - шарты екендігін ұғыну
керек болады. Және осынау неғұрлым жоғары деңгейдегі мақсаттарға ділмарлықпен
немесе дәлелсіз долбармен қол жетпейді. Туындап келе жатқан халықаралық жүйе бұған
дейін американ дипломатиясы бетпе - бет келіп отырған жүйелердің қай - қайсынан да
әлдеқайда күрделі. Сыртқы саясат дәл қазіргі сәттегі іске назар аударуға және ұзақ
мерзімге бірқатар стимулдарды қамтамасыз етуге тиіс. Оның басшылары визуалдық
бейнелер арқылы ақпарат алу тенденциясын күн ілгері белгілейтін жағдаяттармен істес
болуға мәжбүр. Мұның бәрі оқиғалар мен сәт көңіл күйін қабылдаудың эмоциялық