Page 35 - ӘЛЕМДІК САЯСАТТАНУ АНТОЛОГИЯСЫ. кисинджер. ДИПЛОМАТИЯ

Basic HTML Version

Қазақстанның ашық кітапханасы
Қырғи қабақ соғыс аяқталғаннан кейінгі дүниеде мұндай көзқарас ниет ізгілігін өз
қалауын ғана үкілеуге айналдыра алады. Сонымен бірге, АҚШ не дүние жүзіне үстемдік
ете алмайтын, не одан бас тарта алмайтын кезде, ол бір мезгілде мейлінше құдіретті әрі
толық қауқарсыз болған кезде, ол өзінің ұлылығын қамтамасыз еткен мұраттардан ешбір
бас тарта алмайды. Бірақ ол өз мүмкіндіктерінің шегі жөніндегі иллюзияларға нәр беріп,
өз ұлылығын қатерге тікпеуге тиіс. Дүние жүзілік көшбасшылық - АҚШ-тың құдіреттілігі
мен моральдық құндылықтарының етене бөлігі, бірақ ол басқа елдермен одақтасып,
оларға шарапат тигіздік деп немесе оларды өзінің рахымынан мақұрым қалдырып, өз
ырқын таңуға шексіз мүмкіндігі бар ел сияқты көрсету артықшылығын қамтымайды.
АҚШ үшін "реалполитик" принциптерін кез-келген қолдануды бостандық үшін арнайы
құрылған тарихтағы тұңғыш қоғамның қылау түспеген құндылықтарын ескерумен
ұштастыру қажет. Дегенмен Құрама Штаттардың өмір сүруі мен прогресі оның қазіргі
нақтылықты бейнелейтін таңдау жасай білу қабілетіне байланысты. Әйтпесе сыртқы
саясат таптаурын ақиқаттарды өзіне-өзі дән риза көңілмен айта беруге айналады. Осынау
компоненттердің әрқайсысының салыстырмалы салмағы және осынау басымдықтардың
әрқайсысымен байланысты баға қыр көрсету сипатымен де, саяси көшбасшылардың
ауқымдылығымен де анықталады. Бірақ бірде-бір көшбасшының хақысы жоқ нәрсе -
таңдаудың құны жоқ немесе тепе-теңдікті қолдап отырудың керегі жоқ деп мәлімдеу.
Осы заманғы дәуірде үшінші рет дүниежүзілік тәртіпке бастайтын жолмен ілгерілей
отырып, американ идеализмі әрқашандағысындай соншалық маңызды мәнін сақтай алады,
тіпті, мүмкін, одан да көбірек мәнге ие болар. Бірақ жаңа дүниежүзілік тәртіп жағдайында
оның рөлі жетілмеген әлемде АҚШ-қа таңдаудың бар күмәндарынан ұялмай өтуге
мүмкіндік беретін сенім қалыптастыруға саяды. [...]
Мазмұны
Жаңа дүниежүзілік тәртіп 2
Жаңа әлемдік тәртіп проблемасына оралу 11