Қазақстанның ашық кітапханасы
көрші саясаты" ынтымақтастыққа қарай бетбұрыс еді. 1947 жылғы Рио шарты және 1948
жылғы Богота пакты қауіпсіздікті белгілі бір дәрежеге дейін нығайтты, оның институты
Америка мемлекеттерінің ұйымы болды. 1961 жылы президент Кеннеди жариялаған
Прогресс жолындағы одақ шет мемлекеттерге көмек пен экономикалық ынтымақтастық
элементін енгізді, бірақ осынау көреген саясат реципиенттердің енжар бағдарының
салдарынан сәтсіздікке бұйырылған еді.
Қырғи қабақ соғыс заманында Латын Америкасы елдерінің көпшілігін экономикаға
мемлекеттік бақылау жүргізу принципін ұстанған авторитарлық, негізінен әскери
үкіметтер басқарды. Бірақ 80-жылдардың ортасынан бастап Латын Америкасы
экономикалық бойкүйездіктен айығып, мақтауға тұрарлық бірауыздылықпен
демократияға және базар экономикасына бет бұрды. Бразилияда, Аргентинада және
Чилиде әскерилерді демократиялық үкіметтер алмастырды. Орталық Америкада азамат
соғыстарына нүкте қойылды. Ойламай қарыз алудан банкротқа ұшыраған Латын
Америкасы өзін қаржы тәртібіне бағындырды. Барлық дерлік жерде мемлекет
бақылауында болған экономика біртіндеп базар күштерінің ықпалына көне бастады.
1990 жылы Буш жариялаған "Американдық инициатива кәсіпорны" және Клинтон 1993
жылы ойдағыдай аяқтаған еркін сауда-саттық туралы Мексикамен және Канадамен
Солтүстікамерикандық келісім үшін шайқас Латын Америкасына қатысты американ
саясатының бүкіл тарихындағы ең жаңашыл саясат болып табылды. Бірқатар шарықтау
мен құлдыраудан кейін, Батыс жарты шар енді жаңа әрі гуманистік жаһандық тәртіптің
өзекті элементіне айналатын секілді. Демократиялық ұлттардың топтастығы жарты
шардың бүкіл кеңістігінде өзінің халықтық басқаруға, базар экономикасына және еркін
саудаға адалдығын мәлімдеді. Батыс жарты шарда әлі күнге дейін қалып отырған бірден-
бір марксиста диктатура - Куба; барлық қалған басқа жерлерде экономиканы басқарудың
ұлтшылдық, протекциялық әдістерін шетелдік капиталдың жұмсалуына меймандостықпен
қарайтын және ашық халықаралық сауда жүйелеріне қолдау көрсететін еркін экономика
алмастыруда. Міндеттемелердің өз аралығына және бірлескен іс-қимылға салмақ салғанда
ақтық та асқақ мақсат - Аляскадан Горн түбегіне дейін еркін сауда кеңістігін құру болып
табылады - мұндай тұжырымдама тіпті күні көшелері қияли ертегі деп саналар еді.
Құрылуының алғашқы қадамы Еркін сауда жөніндегі солтүстікамерикалық шарт
/НАФТА/ болған, бүкіл Батыс жарты шарды қамтитын еркін сауда жүйесі екі Америкаға
да ештеңеден тәуелсіз командалық рөл береді. Егер 1993 жылдан бері келіссөз жүргізіліп
келе жатқан Сауда мен тарифтер жөніндегі Бас келісімнің (ГАТТ) Уругвай раундының
принциптері іс жүзінде іске асырылатын болса, Батыс жарты шар жаһандық
экономикалық өсудің қуатты құрамдасына айналады. Егер кемсітушілік аймақтық
топтастықтар басым түссе, кең байтақ базары бар Батыс жарты шар басқа аймақтық сауда
блоктарымен ойдағыдай бәсекелесе алатын ахуалда болады; НАФТА - мұндай тартыстың
алдын алудың немесе оған төтеп берудің ең тиімді құралы. Батыс жарты шар шегінен тыс
жатқан елдерге, егер олар соның принциптерін сақтауға әзір болса, ассоциацияланған
мүшелік ұсына отырып, кеңейтілген құрамдағы НАФТА еркін сауда жүргізу үшін
стимулдар жасауға және неғұрлым шектеу ережелері болуын талап ететін елдер жөнінде
санкциялар қолдануға қабілетті бола алады. АҚШ өз құндылықтары мен іс жүзіндегі
зәрулігі арасындағы тепе-теңдікті іздестіруге көбіне мәжбүр болатын дүниеде
американдық мұраттар мен геосаяси міндеттер айтарлықтай дәрежеде Батыс жарты
шарда, АҚШ- тың армандары дүниеге келіп, оның алғашқы ірі сыртқы саяси
инициативалары көрініс берген өңірде салтанат құрғаны байқалды.