Қазақстанның ашық кітапханасы
мақсат ететін американ саясаты - ал бұл АҚШ тарапынан дұрыс көзқарас болып табылады
- Вашингтон мен Пекин арасында ойластырылған, жүйелі диалог жүргізуді талап етеді.
Тяньаньмынь алаңындағы 1989 жылғы оқиғалардан кейінгі төрт жыл ішінде осынау
диалогқа Американың жоғары деңгейде байланыс жасаудан бас тартуы көлеңке түсірді -
мұндай шара тіпті қырғи қабақ соғыстың лаулап тұрған шағында Кеңес Одағы жөнінде
ешқашан қолданылмағанды. Адам құқықтары мәселесі қытай - американ қатынастарының
өзегіне айналды.
Клинтон әкімшілігі жоғары деңгейдегі байланыстарды кемеңгерлікпен қалпына келтірді;
қытай-американ қатынастарының болашағы бұдан былай негізінен осындай алмасулардың
мазмұнына тәуелді болмақ. Құрама Штаттардың адам құқықтары және демократиялық
құндылықтар мәселелерімен дәстүрлі айналысудан бас тарта алмайтыны айқын. Мәселе
АҚШ-тың бұл құндылықтарды қорғай беретінінде емес, қытай - американ
қатынастарының барлық қырлары оған қандай дәрежеде бағындырылатынында. Қытай-
американ қатынастарының мүдделердің өзара дөп келуіне емес, Вашингтонның
рақымшылығына, бірде көрсетіліп, бірде тиылатын рахымшылығына негізделеді-міс деген
ишараны Қытай өзін қорлау деп санайды. Мұндай қатынас Американы әрі сенімсіз, әрі
беймаза етеді, ал бұл қытайлардың пікірінше өте үлкен кінәрат.
Өз аймағында, дәлірек айтқанда, өзіне белгілі әлемде, тарихи үстемдік жүргізген ел
ретінде Қытайда сырттан өз институттары мен ішкі саясатын кез-келген таңу әрекеті
ғаламат жиіркеніш тудырады. Бұл сезімталдық оның тарихындағы Батыстың рөлі туралы
жалпы қытайлық көзқараспен ушыға түседі. XIX ғ. басында ел есігін жатжұрттықтар үшін
ашуға мәжбүрлеген апиын соғыстары заманынан бастап қытайлықтар Батысты өзін шексіз
қорлау сериясының көзі деп қарастырады. Қытай басшылары үшін статус теңдігі,
шетелдік нұсқауларға бағынбаудың табанды қатаңдығы саясаты тактика элементі емес,
моральдық императив.
Қытай Құрама Штаттармен өзі бір мезгілде әрі құдіретті, әрі күншіл деп санайтын
көршілерінің қуатын теңестіретін стратегиялық өзара қатынас орнатуды аңсайды. Сыртқы
саясатты үйлестірудің сондай деңгейіне жету үшін Қытай адам құқықтары саласындағы
саясатын жұмсартуға әзір, бірақ бұл оның өзінің еркін таңдауынан туындаған дүние
ретінде көрсетілетін болса ғана әзір. Алайда АҚШ-тың жария түрде міндеттейтін шарттар
жөніндегі табандылығы Қытайда өз қоғамын американдық құндылықтар тұрғысынан
қайта құруға ұмтылыс деп, демек, АКДІ тарапынан байыптылықтың жоқтығы және
қорлау деп қабылданады. Өйткені бұл Азиядағы күштер тепе-теңдігін сақтау жөнінде
Құрама Штаттардың ұлттық мүдделерінің жоқтығын долбарлайды-мыс. Бірақ егер бұл
мәселеде Вашингтон сенімсіз болса, онда Пекин оған жол беруге мүдделі болмайды.
Қытай-американ қатынастарының кілті - бір ғажабы, тіпті адам құқықтары мәселесі
бойынша да - жаһандық, әсіресе азиялық стратегия мәселелері жөніндегі үнсіз
ынтымақтастық болып табылады.
АҚШ-тың Еуропамен ортақ құндылықтары бар, бірақ осы кезге дейін онымен ол қырғи
қабақ соғыс аяқталғаннан кейінгі кезеңге арналған ортақ саясат немесе тиісті институттар
әзірлеуге қабілетсіз болып шықты; Азия жөнінде құндылықтар ортақтығын емес, өздері
қалайтын ортақ стратегия белгілей алады. Алайда Батыс жарты шарда моральдық және
геосаяси мақсаттардың дөп келуі, вильсоншылдық және "реалполистик" принциптерінің
қосылып кетуі мүлде күтпеген жерден байқалып отыр.
Ерте белестерде Құрама Штаттардың Батыс жарты шарындағы саясаты, шын мәнінде, ұлы
держава интервенциозмнің үлгісі болатын. 1933 жылы Ф. Рузвельт жариялаған "жақсы