Page 27 - ӘЛЕМДІК САЯСАТТАНУ АНТОЛОГИЯСЫ. кисинджер. ДИПЛОМАТИЯ

Basic HTML Version

Қазақстанның ашық кітапханасы
мақсатта ЕҚЫҰ- ға кеңейтілген қызметтер беріле алады, сонда оны "Бейбітшілік
жолындағы әріптестік" деп өзгерту керек.
Мұндай ойды жүзеге асырған жағдайда НАТО саяси ортақтықты және баршаға бірдей
қауіпсіздікті қамтамасыз ететін болады; Еуропалық Одақ бұрынғы шығысеуропалық
сателлиттерді мүшелікке алуды жеделдетеді; ал Солтүстік атлантикалық ынтымақтастық
кеңесі және, бәлкім, аты "Бейбітшілік жолындағы әріптестік" болып өзгертілетін ЕҚЫҰ
бұрынғы Кеңес Одағы республикаларын, әсіресе Ресей Федерациясын атлантикалық
құрылымдармен жалғастырады. Қауіпсіздік шатыры Шығыс Еуропаның жаңа
демократияларының үстінен де ашылады. Ал егер Ресей өз шекарасының аясында қала
берсе, онда уақыт өте келе қауіпсіздіктен әріптестікке көбірек ден қойылады. Шығыс пен
Батыстың арасындағы қатынастарды ортақ экономикалық және саяси жобалар барған
сайын көп дәрежеде сипаттайтын болады.
Солтүстік Атлантика одағының болашағы тек жалғыз Шығыс пен Батыс арасындағы
қатынастармен шектелмейді: ол АҚШ-тың XXI ғасырдағы өз рөлін табудағы аса маңызды
көмекшісіне айнала алады. Осы кітап жазылып жатқан тұста көтеріліп келе жатқан
күштердің - Ресейдің, Қытайдың немесе фундаменталистік исламның - қайсысы ең басым
немесе ең қатерлі болатынын және қандай ұштасуда қатерлі болатынын дөп басып айту
мүмкін емес. Бірақ АҚШ-тың эволюцияның осынау феноменінің кез-келгенін ауыздықтай
алатын қабілеті солтүстік атлантикалық ұлттар тарапынан ынтымақтаспен бекітілетін
болады. Осылайша, әдетте "одақ қызметінің өрісіне жатпайтын проблемалар" деп
аталатын нәрселер солтүстік атлантикалық өзара қатынастардың өзегіне айналады, ал
одақтың өзін осыны ескере отырып қайта ұйымдастыру керек.
Американың Азиядағы мүдделілігі өсе түсуде, мұның символы - Азия елдері үкімет
басшыларының 1993 жылғы кездесуінде Клинтонның Тынық мұхит қоғамдастығын құру
туралы ұсынысы. Бірақ "қоғамдастық" терминін Азияға тек өте шектеулі мағынада ғана
қолдануға болады, өйткені Тынық мұхит ауданындағы қатынастардың Атлантика
ауданындағы қатынастардан түбегейлі айырмашылығы бар. Еуропа елдері ортақ
институттармен бірігіп отырған кезде, Азия елдері өздерін бір-біріне ұқсамайтын және
бір-бірімен бақталас елдер ретінде қарастырады. Азияның негізі елдерінің өзара
қатынастарында XIX ғасырдағы еуропалық күштер тепе-теңдігі жүйесінің көптеген
атрибуттары бар. Олардың біреуінің кез-келген едәуір күшеюі басқалар тарапынан
міндетті дерлік жауап маневр тудырады.
Құрама Штаттардың реакциясы болжап болмайтын күйінде қалып отыр, онда XX
ғасырдағы екі дүниежүзілік соғысқа дейін еуропалық күштер тепе-теңдігін қолдай отырып
қимылдаған Ұлыбритания секілді қимылдауға едәуір дәрежеде қабілет бар (бірақ міндетті
түрде сондай сенімділікпен емес). Азия-Тынық мұхит аймағының тұрақтылығы, оның
соншалық айқын гүлденуінің берік іргетасы болуы табиғат заңы емес, қайта барған сайын
мұқият әрі мақсатты ден қоюды қажет ететін күштер тепе-теңдігінің салдары.
Вильсоншылдықтың Азияда ізбасарлары аз, онда ұжымдық қауіпсіздік жүйесін құруға
немесе сондағы тіпті санаулы ғана демократиялық елдер тарапынан ішкі саяси
құндылықтар ортақтығының негізінде ынтымақтастық құруға дәме жоқ. Күштер тепе-
теңдігін қолдап отыруға және ұлттық мүдделерді қамтамасыз етуге баса ден қойылады.
Барлық ірі азиялық елдерде әскери шығындар өсіп барады. Қытай қазірдің өзінде астам
держава статусына ие болу жолында 8 пайыздық өсу қарқыны тұсында (ал бұл 80-
жылдардағы нақты өсуден төмен) Қытайдағы ІЖӨ көрсеткіші XXI ғ. екінші
онжылдығының аяғында Американың деңгейіне жақындайды. Содан көп бұрын