Қазақстанның ашық кітапханасы
балама көзқарас ұсыну үшін НАТО-ға мүше мемлекеттер басшыларының 1994 жылғы
қаңтардағы кездесуін пайдаланды. АҚШ-тың НАТО-ға Польшаны, Венгрияны, Чехияны
және Словакияны қабылдауға неліктен құлқының жоқтығын түсіндіре келіп, ол негіздеу
ретінде былай деп мәлімдеді: одақ "Шығыс пен Батыстың арасында жаңа текетірестердің
өздігінен-ақ жаршысына айналатын жаңа бөлу сызығын жүргізуге жол бере алмайды...
Мен Еуропа мен Құрама Штаттардағы бізді Еуропада шығысқа жақынырақ жаңа бөлу
сызығын жүргізуге жай ғана мәжбүрлегісі келетіндердің бәріне былай деймін, біз Еуропа
үшін ең жақсы болашақтың мүмкін екендігін қаперден тіпті де шығармауға тиіспіз, онда
демократия мен базар экономикасы барлық жерде орын алатын болады, әрі адамдар да
өзара қауіпсіздік үшін барлық жерде ынтымақтастық жасайды".
Осының рухында Клинтон өзі "Бейбітшілік жолындағы әріптестік" деп атаған схеманы
ұсынды. Ол барлық мемлекеттерді - бұрынғы КСРО республикаларын және Мәскеудің
барлық бұрынғы шығысеуропалық сателлиттерін ұжымдық қауіпсіздіктің болашақ
схемасына қосылуға шақырды. Вильсоншылдықтың және Уоллес тарапынан "тежеу"
теориясына жасалған сынның қорытпасы іспеттес болған бұл схема - ұжымдық қауіпсіздік
принциптерінің бейнесі болып табылады және ол Кеңес һәм Ресей империализмінің
құрбандарын олардың үстінен қарағандармен теңестіреді, Ауғанстанмен шекаралас
орталық азиялық республикаларға және төрт рет бөлшектеудің құрбаны болған (бұған
Ресей де атсалысқан) Польшаға бірдей статус береді. "Бейбітшілік үшін әріптестік" іс
мәнісін бұлдіріп, жиі айтылатындай НАТО-ға апаратын жол бойындағы аралық аялдама
емес, оған мүшелікке балама, бұл 20-жылдары Париж асыға күткен Англияның
Франциямен одағына балама болған Локарно шарты секілді.
Қайткен күнде де Локарно мақсаттар бірлігіне негізделген одақ пен қатерді қабылдаудағы
ортақтыққа емес, ішкі басқару жүйесіне қатысты нақты шарттарды орындауға негізделген
көп жақты институттардың арасында аралық кеңістік болмайтынын көрсетті. "Бейбітшілік
жолындағы әріптестікте" Еуропада шекаралардың екі тұрпатын құру қаупі бар: олар -
қауіпсіздік кепілдігімен қорғалатын және сондай кепілдік берілмеген шекаралар, және де
істің мұндай ахуалы ықтимал агрессорлар үшін сөзсіз әзәзілдік болып табылады, ал
ықтимал құрбандардың еңсесін басады. Сондықтан текетіреске жол бермеу үшін Шығыс
және Орталық Еуропада толып жатқан еуропалық жанжалдар ошағының көзі болатын
стратегиялық та, тұжырымдалық та тұрғыдан "ешкімге тиесілі емес жердің" жасалмауы
жөнінде қам жеген абзал.
Халықаралық қоғамдастық шеңберінде бір проблеманың бөліктері ретінде екі проблеманы
- Шығыс Еуропадағы қауіпсіздік проблемасын және Ресейдің әлемдік қоғамдастыққа
...ірігуін шешу мүмкін болмайды. Егер "Бейбітшілік жолындағы әріптестік" НАТО-ның
бір бөлігі секілді бірдеңеге айналса, онда ол іс жүзінде қауіпсіздікті қамтамасыз ету
саласындағы блоктың миссиясына жатпайтын жанама қызметке тарту жолымен бұл
одақты бүлдіруге, Шығыс Еуропада қорғансыздық сезімін ұлғайтуға әбден қабілетті бола
алады және сонымен бір мезгілде, және ішкі мәнісі жағынан екіұшты болғандықтан,
Ресейді жуасыта алмайды. Және шынында да, ықтимал құрбандықтар "Әріптестікті"
қажет емес, тіпті қатерлі дүние ретінде қабылдауы мүмкін, ал Азияда ол ең алдымен
Қытайға және Жапонияға қарсы бағытталған этностық клуб ретінде қарастырылуы әбден
мүмкін.
Сонымен бір мезгілде Ресейді Атлантика елдерімен салғастыру маңызды. Сондықтан да
"Бейбітшілік жолындағы әріптестік" деп аталған институтқа, егер ол барлық мүшелері
бірдей түсінетін миссияны өз мойнына алса, өмірде орын бар. Мұндай міндеттер
ортақтығы экономикалық даму, білім беру және мәдениет саласында баршылық. Бұл