Қазақстанның ашық кітапханасы
Біріккен Германияның Батыс жүйесіне кірігуі және НАТО - ның жаңа Ресей жөніндегі
көзқарасы сияқты осы заманғы кезеңнің еуропалық аса ұлы екі сынағына Ришельенің
немесе Вильсонның мемлекеттік саясатын сол күйінде қолданумен төтеп бере алмайсың.
Ришельенің амалы жекелеген еуропалық елдердің ұлтшылдығын көтермелейді және
шашыраңқы Еуропаға жетелейді. Ал таза түріндегі вильсоншылдық еуропалық ортақтық
сезімін әлсіретер еді. Еуропа институттарын Құрама Штаттарға оппозиция базасында құру
әрекеттері сайып келгенде еуропалық бірлікті де, атлантикалық ортақтықты да қиратады.
Екінші жағынан, Құрама Штаттар НАТО ішінде көзге ұрып тұрған еуропалық бірігуден
қорықпауы керек, өйткені Американың саяси және материалдық қолдауынсыз еуропалық
автономды әскери қимылдарды қай жерде болсын, қай ауқымда болсын елестету қиын.
Түптің түбінде, бірлікті қамтамасыз ететін бірлескен командование емес, саяси және
қорғаныстық мүдделердің өзара ортақтығын сезіну болмақ.
АҚШ пен Франция арасындағы, Вильсон мен Ришелье идеяларының арасындағы
қайшылықтар оқиғалардың артынан ілесуде. НАТО да, ЕО да жаңа һәм тұрақты әлемдік
тәртіп ғимаратының етене құрамдас бөлігі болып табылады. НАТО - әскери бопсадан, ол
қайдан шықса да, ең сенімді қорған; Еуропалық Одақ Орталық және Шығыс Еуропадағы
тұрақтылықты қамтамасыз етудің аса маңызды механизмі болып табылады. Кеңес
Одағының бұрынғы сателлиттерін және мұрагер мемлекеттерді бейбіт халықаралық
тәртіпке бейімдеу үшін екі институт та қажет.
Шығыс Еуропа елдерінің және Кеңес Одағының аумағында пайда болған мемлекеттердің
болашағы бір проблема емес. Шығыс Еуропаны Қызыл Армия оккупациялаған болатын.
Шығыс Еуропа өзін саяси әрі мәдени тұрғыдан батыс - еуропалық дәстүрмен
ұқсастырады. Бұл әсіресе Вышеград тобының елдеріне - Польшаға, Чехияға, Венгрияға
және Словакияға қатысты. Батыс Еуропамен және атлантикалық институттармен
байланысы болмаса, бұл елдер Германия мен Ресей арасындағы "ешкімдікі емес
жерлерге" айналуы мүмкін. Ал бұл байланыстардың парықты сипаты болу үшін аталмыш
елдер категориясы ЕО-ға да, НАТО-ға да тиесілі болуға тиіс. Экономикалық және саяси
тұрғыдан өміршең ) үшін олар Еуропалық Одаққа зәру; өздерінің қауіпсіздігін қамтамасыз
ету үшін олар назарын Солтүстік Атлантикалық одаққа аударады. Және де осы
институттардың біріне мүше болу іс жүзінде екіншісіне де мүше болуды қажет етеді.
НАТО мүшелерінің көпшілігі сондай-ақ ЕО-ға да мүше болғандықтан және еуропалық
кірігудің белгілі бір дәрежесіне қол жеткеннен кейін солардың біріне шабуыл жасалғанда
басқаларының оған немкеттілікпен қарауы мүмкін болмайтындықтан, ЕО-ға мүшелік,
қандай тәсілмен болмасын НАТО тарапынан де-факто кепілдіктің таралуына жетелейді.
Әзірге шығысеуропалық елдердің мүшелігіне осынау екі институтта да тосқауыл
тұрғандықтан, бұл мәселелер тыс қалып тұр. Алайда екі тыйымды да қуаттайтын себептер
еуропалық және американдық саяси дәстүрлер арасындағы айырмашылық қаншалықты
зор болса, соншалықты әрқилы. Еуропа "реалполитиктің" іргелі тезистеріне сүйеніп
Еуропалық Одақты шығысқа қарай кеңейту туралы шешім қабылдады: ол принципті
мойындап, Шығыс Еуропа елдерінің экономикаларын реформалау шартымен (және іс
барысында Батыс Еуропа елдерінің экономикасын әлдене ұзақ мерзімдік бәсекеден
арашалай отырып) шығысеуропалық елдерге ассоцияланған мүшелікті ұсынды. Бұл толық
құқықты мүшелікті уақыт өте келе шешілетін техникалық мәселеге айналдырады.
Елдердің осынау санатының НАТО-ға мүше болуына қарсы американдық уәждердің
принципті сипаты бар. Вильсонның альянстарға қарсы тарихи уәждеріне қайта орала
отырып (өйткені бұл текетіресті күтуге негізделген), президент Клинтон бұл мәселеге