Page 23 - ӘЛЕМДІК САЯСАТТАНУ АНТОЛОГИЯСЫ. кисинджер. ДИПЛОМАТИЯ

Basic HTML Version

Қазақстанның ашық кітапханасы
Осынау екі институт жайғасқан негіздерді Кеңес Одағының күйреуі және Германияның
бірігуі шайқалтып жіберді. Кеңес әскері енді жоқ, ал Ресей әскері қазір шығысқа қарай
жүздеген миль шегінді. Таяудағы болашақта Ресейдің ішкі дүрбелендері Батыс Еуропаға
шабуыл жасалуын мүлдем мүмкін етпейді. Сонымен бір мезгілде Ресейдегі бұрынғы
империяны қалпына келтіру жөніндегі ресейлік тенденция орыс эспансионизмі жөніндегі
тарихи қауіпті, әсіресе Шығыс Еуропадағы бұрынғы сателлит мемлекеттерде қайта оятты.
Ресейге тікелей жақын орналасқан елдер басшыларының бірде - бір ақиқат жолына түсуі
сол елдің қауіпсіздігінің американдық сеніммен ортақтаса алмайды. Бәрі де президент
Борис Ельцинді оның оппоненттерінен тәуір көреді, бірақ тек өздерінің қауіпсіздігіне
тарихи күмәнін сейілтетін қайраткер ретінде емес, ықтимал екі жамандықтың кішірегі
ретінде тәуір көреді.
Біріккен Германияның пайда болуы бұл үрейді ушықтыра түседі. Континенттік екі
алыптың өз көршілерін не тарихи түрде табанының астына салатынын, не солардың
аумағында шайқасатынын білетін олардың арасында орналасқан елдер пайда болып келе
жатқан қауіпсіздік вакуумынан қауіптенеді; сол себепті де олар НАТО-ға мүше болу
арқылы АҚШ-тың қорғауына кірмекке жанталасады.
НАТО кеңестік құдіреттіліктің күйреуіне бейімделу қажеттігін бастап өткеріп отырса,
Еуропалық Одақтың алдында біріккен Германия түріндегі жаңа болмыс өсіп шықты, оның
тіршілік етуі еуропалық кірігудің өзегі болып табылатын үнсіз уағдаластыққа: ГФР - дің
экономикалық мәселелердегі шешуші дауысқа ие болуына айырбас ретінде Францияның
ЕО-дағы саяси көшбасшылығын мойындауына қатер төндіреді. Осылайша, ГФР НАТО-
ның ішінде стратегиялық мәселелердегі американдық көшбасшылық арқылы және
Еуропалық Одақ ішінде саяси мәселелердегі француздық көшбасшылық арқылы Батыспен
маталған.
Алдағы жылдары дәстүрлі атлантикалық қатынастардың бәрі өзгереді. Еуропа,
бұрынғыдай, Американың қорғауына қажеттілікті сезінбейтін болады әрі төл
экономикалық мүдделерін әлдеқайда батыл қорғай бастайды; Америка еуропалық
қауіпсіздік үшін айтарлықтай құрбандықтарға барғысы келмейді, оның алдынан әрқилы
әлпеттегі изоляционизм әзәзілі көлденеңдейді; іс барысында Германия саяси ықпалға ие
болуды табандап талап ете бастайды, бұған құқықты оған әскери - экономикалық қуаты
береді, және эмоциялық тұрғыдан ол американдық әскери және француздық саяси
қолдауға соншалықты тәуелді болмайды.
Әзірше билік басында Аденауэр дәстүрлерінің мұрагері Гельмут Коль тұрғанда бұл
тенденциялар ақырына дейін ашыла қоймайды. Дегенмен ол - сол тұрпаттағы
көшбасшылардың соңғысы. Енді Сахна алдына шығатын ұрпақтың соғыс туралы және
соғыстан кейін ойрандалған Германияны қалпына келтірудегі Американың рөлі туралы
төл естеліктері жоқ. Оның ұлттан жоғары институттарға иек артуын немесе төл
көзқарасын АҚШ-қа яки Францияға бағындыруына эмоциялық себебі жоқ.
Американың және Еуропаның басшыларының соғыстан кейінгі ұрпағының аса үздік
жетістігі мынаны мойындау болды: егер Америка Еуропамен табиғи байланыста болмаса,
екіншісінің істеріне біріншісінің кейінірек және екі жақ үшін де анағұрлым қолайсыз
жағдайда араласуына тура келер еді. Бұл әсіресе бүгінде әділетті. Германияның күшейгені
соншалық, қазіргі еуропалық институттар өздігінен Германия мен оның еуропалық
әріптестері арасындағы тепе - теңдікті қамтамасыз етуге қабілетсіз. Еуропа да, тіпті
Герминияны қосқанның өзінде, жападан жалғыз, Ресейдің қайта і улеуіне де, ыдырауына