Қазақстанның ашық кітапханасы
Мұндай әлсіреуі ішінара мынамен түсіндірілетін саясатының өмірлік маңызды бөлігі бола
отырып, НАТО халықаралық жағдайдың өзінен-өзі белгілі бөлшегіне айналды. Бірақ,
бәлкім, әлдеқайда маңыздырақ факт - соңғы біржарым онжылдық ішінде танымал болған
американдық басшылар буыны негізінен Оңтүстіктен немесе Батыстан шыққандығы
шығар, ал ол жерлерде ескі Солтүстік - Шығыстың тұрғындарына қарағанда, адамдардың
Еуропамен эмоциялық және жеке байланыстары кем. Ол-ол ма, американ либералдары -
вильсоншылдықтың ту ұстаушылары демократияшыл одақтастарының өздерінен басым
түсе бастағанын жиі сезінетін болды, ал олар болса, "қоғамдық қауіпсіздік" ұғымын
ұстанғаннан гөрі немесе халықаралық құқыққа сүйенгеннен гөрі, ұлттық мүдделер
принципін көбірек ұстанатын; олар ортақ құндылықтар бар екендігіне қарамастан
уағдаласу мүмкін болмайтын мысалдар ретінде Боснияға және Таяу Шығысқа сілтеме
жасайды. Сонымен бір мезгілде американ консерватизмінің оқшаулануды жақтайтын
қанаты - бірегейлік принципі жақтастарының тағы бір әлпеті - өздерінің ызасын келтіретін
нәрсеге, яғни, еуропалық макиавеллистік релятивизм мен эгоцентризмнен теріс
айналғысы келіп тұрады.
Еуропамен алауыздық үй-ішіндегі ырың-жырыңға ұқсас. Алайда өзекті мәселелерді
шешуде Еуропа тарапынан көрсетілетін шынайы жәрдем жер шарының кез-келген басқа
аймағына қарағанда әрқашан әлдеқайда маңыздырақ. Адалын айтсақ, Боснияда ұрыс
даласында француз және ағылшын әскерлері болғанын, ал жұртшылық арасындағы
мылжың мүлде қарама-қарсы әсер тудырса да, американдар онда болмағанын еске
түсіруіміз керек. Ал Парсы шығанағындағы соғыс кезінде американдық емес ең елеулі
күш тағы да британ және француз күштері болды. Ортақ құндылықтар мен мүдделер
американ әскерлерін бір ұрпақ бойында Еуропаға екі рет алып келді. Қырғи қабақ соғыс
аяқталғаннан кейінгі дүниеде Еуропа, мүмкін, бұдан әрі, жаңа атлантикалық саясат
төңірегіне топтасуға қабілетсіз болар, бірақ АҚШ өзінің алдында өзі қарыздар және жеңіс
сағатында оның үш ұрпақтың саясатынан бас тартуға хақысы жоқ. Міндет атлантикалық
қатынастарды қалыптастыратын екі негізгі институтты, атап айтсақ, НАТО мен Еуропа
Одағын (бұрынғы Еуропалық экономикалық қоғамдастық), қырғи қабақ соғыс
аяқталғаннан кейінгі дүниенің нақты болмысына бейімдеуде.
НАТО Америка мен Еуропа арасындағы басты ұйымдастырушы - байланыстырушы буын
болып қалып отыр. Бұл ұйым қалыптастырылып жатқан кезде кеңес әскерлері
бөлшектелген Германияда Эльба бойында тұрған-ды. Жұрттың бәрі ойлағанындай,
әдеттегі тұрпатты күш көмегімен бүкіл Батыс Еуропа арқылы жарып өтуге қабілетті
кеңестік әскери машина көп ұзамай жедел ұлғая түскен ядролық арсеналға да ие болды.
Қырғи қабақ соғыстың бүкіл кезеңінде Батыс Еуропаның қауіпсіздігі Құрама Штаттарға
тәуелді болды, қырғи қабақ соғыс аяқталғаннан кейін де НАТО-ның институттары істің
осындай жағдайын бейнелеп отыр. Құрама Штаттар американ генералы басқаратын
біріккен командованиені нақылайды және қорғанысқа айқын еуропалық келбет бергісі
келетін Францияның әрекеттеріне қарсы шығады.
Еуропалық кірігу бағытындағы қозғалыстың екі алғышарты бар: егер де Еуропа ала-құла
сөйлеп, қимылдауды доғармайтын болса, ол біртіндеп дүниежүзілік саясат жолының
жиегіне шығып қалар еді; бөлшектелген Германияны ол екі блоктың арасында
түлкібұлаңға салатын және қырғи қабақ соғыстың қарама-қарсы күштерін бір-біріне
айтақтайтын жағдайда қалдыруға болмайды. Осы кітап жазылып жатқан тұста алғашында
алты елден құралған Еуропалық Одақ 12-ге дейін өсті және әлі кеңею процесінде тұр, өз
құрамына Скандинавия елдерін, Австрияны, тіпті сайып келгенде бұрынғы кеңестік
сателлиттердің бір бөлігін қабылдауға дайын.