Page 21 - ӘЛЕМДІК САЯСАТТАНУ АНТОЛОГИЯСЫ. кисинджер. ДИПЛОМАТИЯ

Basic HTML Version

Қазақстанның ашық кітапханасы
келген титімдей қозғалысына бейімделуі керек пе? Егер Ресейде Америка құптамайтын
қандай да бір ішкі өзгерістер орын алса, онда Америка одан теріс айнала ма? Құрама
Штаттар бір мезгілде Ресейді Қытайдан аулақтатуға және ішкі саяси артықшылықтар үшін
қытай - кеңес альянсын қалпына келтіруге тырысып көре ала ма? Қазіргі кезде Ресейге
жөніндегі мезі етуі кемірек саясат кейінірек мазмұны жағынан неғұрлым тұрақты ұзақ
мерзімді бағыт жүргізуге мүмкіндік береді.[...]
Мемлекет қайраткері болашақ жөнінде неғұрлым қолайлы топшылаулар жасай отырып,
өзінің алдында тұрған дилеммалардан әрқашан бойын аулақ сала алады; ол үшін
сынақтардың бірі өзін қолайсыз, тіпті күтпеген жағдайлардан қорғай білу қабілеті болып
табылады. Ресейдің жаңа басшылығы 70 жылдық жарамсыз коммунистік басқарудың
салдарларын еңсерудің қиындығын түсінуді талап етуге хақылы. Бірақ ол басшылықтың
Ресейдің ұлан-ғайыр шекарасы бойында 300 жыл бойы патшалар мен комиссарлар
жасаған ықпал өрісін өзінің қолына қайта жиып алуына жол береді деп есептеуге хақысы
жоқ. Егер Ресей жаңа әлемдік тәртіп құруда байыпты әріптес болғысы келсе, ол
тұрақтылықты сақтау жөніндегі тәртіптейтін талаптарды орындауға, сондай-ақ оларды
сақтаудан пайда табуға дайын болуға тиіс.
Американ саясаты өмірлік маңызды мүдделердің барша мойындаған анықтауышын
қабылдауға Атлантика аймағындағы өз одақтастары жөнінде бәрінен жақын келді.
Солтүстік Атлантика шарты Ұйымы (НАТО) әдетте Вильсон терминологиясының
көмегімен одақ емес, ұжымдық қауіпсіздік аспабы ретінде суреттелгенімен, және оның
тіршілік етуі сонымен ақталғанымен, іс жүзінде ол американдық моральдық және геосаяси
мақсаттардың арасындағы жарасымнан жоғары дәрежеде сақталатын институт болатын.
Оның мақсаты Еуропаға кеңестік үстемдікке жол бермеу болғандықтан, ол негізгі
геосаяси мақсатқа - Еуропа мен Азияның күш орталықтарының, заң жүзінде ақталуына
қарамастан, дұшпан елдің билігі уысына түсуіне жол бермеуге сай келетін.
Солтүстік Атлантика одағын құрушылар, егер оларға қырғи қабақ соғыстағы жеңіс
олардың перзентінің болашағына күмән туғызады десе, өз құлағына өздері сенбес еді.
Олар жеңіс наградасы мызғымас атлантикалық әріптестік болатынын өзінен өзі түсінікті
нәрсе деп санады. Қырғи қабақ соғыстың шешуші саяси шайқастарының көбісі сол мақсат
жолында ойластырылып, ұтып шығып отырылды. Осының барысында Америка тұрақты
консультациялық институттар мен біріккен әскери командование жүйесі - коалициялар
тарихындағы көлемі мен тіршілік етуінің ұзақтығы жөнінен бірегей құрылымдар арқылы
Еуропаға байланған болып шықты.
"Атлантикалық қоғамдастық" деп атала бастаған нәрсе - Қырғи қабақ соғыс аяқталғаннан
кейін әлдеқайда аз айтылатын термин - коммунизм күйрегеннен кейінгі заман лебіне сай
келмейтін бірдеңеге айналды. Еуропамен қатынас деңгейін төмендету сыпайылықтың
нышанына айналды. Қай жерде болсын демократияны кеңейтуге баса көңіл болу мынаған
алып келді: Америка әлемнің басқа өңірлерінен гөрі, өзiнe ұқсас институттары бар, адам
құқықтары мен басқа да іpгелі құндылықтарға көзқарасы ортақ қоғамдарға аз көңіл аудара
бастаған сыңайлы. Атлантикалық ортақтастықтың негізін қалаушылар Трумэн, Ачесон,
Маршалл және Эйзенхауэр - дипломатияның еуропалық стилі жөніндегі көптеген
американдардың күн ілгері сенімдеріне ортақтасатын. Бірақ олар Атлантика елдерімен
байланыссыз АҚШ-тың моралыдық ортақтығы жоқ ұлттар - Батыс жартыларын
есептемегенде - дүниесінде қалатынын түсінген еді. Аталмыш жағдайға ол таза күйіндегі
"realpolitik" жүргізуге мәжбүр болады, ал бұл шын мәнісінде американ дәстүрімен
сыйыспайды.