Қазақстанның ашық кітапханасы
жақтайтындар аз, нақ сондықтан Польша, Чех республикасы, Словакия және Венгрия
НАТО-ға кіруге соншалықты ұмтылуда.
Сыртқы саяси пиғылдарды ескере отырып қабылданатын жол ішкі реформалардың
нәтижесіне толық тәуелділікке емес, болжауға болатын тенденцияларға қарсы салмақ
жасауға бағытталған. Ресейлік еркін базарды және ресейлік демократияны қолдай отырып,
бұл жол бір мезгілде ресейлік экспансионизма бөгет қоюы тиіс. Тіпті іс жүзінде егер
Ресейге оның тарихында тұңғыш рет төл ұлттық аумағын (Санкт-Петербургтан
Владивостокқа дейін 11 сағаттық белдеу арқылы созылып жатқан, клаустрофобияның
пайда болуына ілік тудырмайтын) дамыту стимулына шоғырлану мүмкіндігін берсе,
реформалар тек нығая түседі деп кесіп айтуға болады.
Қырғи қабақ соғыс аяқталғаннан кейінгі кезеңде коммунистік дәуірден кейінгі Ресей
жөніндегі американ саясаты нақты көшбасшыларға даусыз үміт артуда. Буш әкімшілігі
кезінде ол Михаил Горбачев болса, Клинтонның тұсында Борис Ельцин. Екеуі де
демократияға бұрыннан адал сыбанды болып көрінгендігінің арқасында ресейлік сыртқы
саясаттың және халықаралық қоғамдастыққа Ресейдің кірігуінің кепілі ретінде
қарастырылды. Буш горбачевтік КСРО - ның ыдырауына өкіне қараса, Клинтон Ресей
ықпалының бұрынғы өрісін қалпына келтіру әрекеттеріне көнді. Америка басшылары
Ельциннің (бұған дейін - Горбачевтің) ықтимал ұлтшыл қарсыластарын арандату қаупі
болғандықтан, Ресей саясатын дәстүрлі дипломатиялық тұрғыдан тежегісі келмейді.
Ресей-американ қатынастарына сыртқы саясат тақырыбына маңызды диалог ауадай қажет.
Қалыпты сыртқы саясат пиғылдары жөнінде иммунитеті бар ел ретінде қарастырғаннан
Ресейге келіп-кетері шамалы, өйткені мұның іс жүзіндегі нәтижесі оның надұрыс бағытқа
біржола елігіп кеткені үшін неғұрлым ауыр төлем болады. Американ басшылары
американ мүдделері мен ресейлік мүдделер қай жерде сәйкес келеді, қай жерде
айырылады деген ашық пікірсайыстан қорықпауға тиіс. Ресейлік ішкі шайқастардың
ардагерлері - ұялғаннан қызарақтайтын, реалистік диалог барысында өзіне деген сенімі
шайқалып кететін балаң жастар емес. Олар бір - бірінің ұлттық мүдделерін өзара сыйлауға
негізделген саясаттың не екендігін толық түсінуге қабілетті. Олар мұндай есептің
абстрактылы әрі өмірден шалғай утопизмге үндеуден әлдеқайда жақсы екендігін іс
жүзінде түсінеді.
Ресейді халықаралық жүйенің етене бөлігіне айналдыру - туып келе жатқан халықаралық
тәртіптің өзекті міндеті. Бұл арада тепе-теңдікті қолдап отыруға қажет екі компонент бар,
олар: ресейлік оң ыңғайдағы сыртқы саяси стимулдарға қолдау көрсету және ресейлік
эгоистік есептерді шектеу. Жомарт экономикалық жәрдем мен техникалық кеңестер
өтпелі кезеңнің ауыртпалықтарын жеңілдету үшін қажет, сондықтан Ресейді Еуропадағы
қауіпсіздік пен ынтымақтастық жөніндегі ұйым (ЕҚЫҰ) секілді экономикалық, мәдени
және саяси ынтымақтастыққа септесетін институттардың құрамына қуана - қуана
қабылдау керек. Бірақ, егер Ресейдің тарихи империялық дәмесін қайта түлету назардан
тыс қалса, онда ресейлік реформаларға көмек емес, кедергілер қойылады. Жаңа
республикалар келгенде БҰҰ мойындаған тәуелсіз мемлекеттердің жерінде жүргізіп
жатқан әскери сипатты қарекеттермен келісу арқылы үнсіз төмендетілмеуге тиіс.
Ресей жөніндегі американ саясаты Ресейдің ішкі бағытының толқуына бейімделмей,
тұрақты сипаттағы мүдделерге сай болуға тиіс. Егер американ сыртқы саясаты Ресейдің
ішкі саясатын өзінің негізгі басымдығы етіп алса, онда ол саясат шындап келгенде өзінің
бақылауынан тыс күштердің құрбанына айналады да, пайымдаудың барлық объективті
өлшемдерінен айрылады. Сыртқы саясат шындап келгенде революциялық процестің кез-