Page 19 - ӘЛЕМДІК САЯСАТТАНУ АНТОЛОГИЯСЫ. кисинджер. ДИПЛОМАТИЯ

Basic HTML Version

Қазақстанның ашық кітапханасы
Орталық Азиядағы шекарасының бойында тағы пайда болса, Ресей мен оның көршілері
арасындағы үрейге және өзара күдікке толы тарихи шиеленіс міндетті түрде қайта пайда
болады.
Бұрынғы империя шегінен тыс жерлерден өзгеше Ресей өз қауіпсіздігіне байланысты
бұрынғы Кеңес Одағы республикаларында - ол "таяу шетел" деп атайтын мемлекеттерде -
өзінің ерекше мүдделерін сақтауға мәжбүр. Бірақ дүние жүзіндегі бейбітшілік ісі бұл
мүдделер әскери қысым немесе біржақты әскери араласу болмайтын жағдайда
қанағаттандырылуын талап етеді. Өзекті сұрақ - Ресейдің жаңа республикалармен
қатынасын сыртқы саясат қызметтінің баршаға ортақ ережелеріне бағынатын
халықаралық проблема деп санауымыз керек пе? Әлде бұл ресейлік біржақты шешімдер
қабылдау практикасынан туындайтын нәрсе ме? Ал оларға АҚШ, солай істегісі келген
күннің өзінде, Ресей басшылығының ізгі ниетіне сілтеп қана, ықпал етуге тырысады.
Ислам фундаментализм! қатер төндіретін кейбір аудандарда, мысалы, Орталық Азия
республикаларында, Құрама Штаттардың ұлттық мүдделері, бері салғанда әңгіме Иран
фундаментализміне қарсылық көрсету туралы болғанда, мүмкін, Ресейдікімен ұқсас та
болар. Бұл тұрғыдағы ынтымақтастық дәстүрлі ресейлік империализма қайта оралу
сценарию орын алмайтын шамада әбден мүмкін болады.
Осынау кітаптың жазылып жатқан сәтінде Ресейдегі демократияның болашағы әлі тым
бұлдыр, тіпті демократиялық Ресей халықаралық тұрақтылықпен сыйысатын саясат
жүргізе ме - бұл да анық емес. Өзінің драмаға толы бүкіл тарихында Ресей, бүкіл қалған
батыс әлемінен өзгеше, мүлде басқа барабаншының дүңкіліне сай аяқ басты. Онда
ешқашан шіркеу дербестігі болған емес; ол Реформацияны, Ағартуды, ұлы географиялық
жаңалықтар мен осы заманғы базар экономикасын құру ғасырын өткізіп алды.
Демократиялық тәжірибесі бар көшбасшылар өте аз. Ресей көшбасшыларының барлығы
дерлік - нақ жаңа республикадағылардай - коммунизм тұсында жоғары қызметтер
атқарды; плюрализмге адалдық олардың ең бірінші инстинкті емес, тіпті оларға мүлдем
тән болмауы да мүмкін.
Ол-ол ма, орталықтандырылған жоспарлаудан базар экономикасына көшу, қай жерде
қолға алынса да, тым қиын іс болып шықты. Басқару аппаратының базар қызметіне
қатысты және ынталандыру факторларын пайдалану тәжірибесі жоқ; жұмысшылар ынта
сарынынан айрылды; министрлер ешқашан фискалдық саясат жөнінде ойланып көрген
емес. Стагнация, тіпті құлдырау сөзсіз дерлік болады. Базар экономикадан
орталықтандырылып жоспарланған экономикалардың бірде-бірі әлі кесепатты
жоқшылықсыз өте алмаған, және де проблема көптеген американдық кеңесші -
сарапшылардың ұсыныстарына сәйкес бірден, бір секіріп өту әрекетімен ушыға түседі.
Өтпелі кезеңнің әлеуметтік - экономикалық құнына қанағаттанбаушылық коммунистерге
коммунистік дәуірден кейінгі Польшада, Словакияда және Венгрияда елеулі табыстарға
жетуге мүмкіндік берді. 1993 жылдың желтоқсанында Ресейдегі парламент сайлауында
коммунистік және ұлтшыл партиялар дауыстың 50 пайызы дерлігіне ие болды.
Тіпті шынайы реформаторлар да дәстүрлі орыс ұлтшылдығынан өз мақсаттарына қол
жеткізуге қажет біріктіруші күшті көре алады. Ал Ресейде ұлтшылдық тарихи тұрғыда
миссионерлік және империялық сипатқа ие. Психологтар мұның себебі терең тамыр
жайған сенімсіздік сезімі ме, табиғи агреесияшылдық па деп дауласа алады. Орыс
экспансияның құрбандары үшін айырмашылық таза академиялық сипатта. Ресейде
демократияландыру және ұстамды сыртқы саясат міндетті түрде қатарласа жүрмейді.
Міне сондықтан бейбітшілік бірінші кезекте Ресейдің ішкі реформаларымен қамтамасыз
етіле алады деген тұжырымды Шығыс Еуропада, Скандинавия елдерінде немесе Қытайда