Қазақстанның ашық кітапханасы
міндеттерінің бірі. XIX ғ. дипломатиясы Осман империясының жайыла беру процесін
баяулатты және оның жаппай соғысқа айналып кетуіне жол бермеді; XX ғ. дипломатиясы
Австро-Венгрия империясының ыдырау зардаптарын тежеуге қабілетсіз болып шықты.
Күйреп бара жатқан империялар шиеленістің екі тұрпатын жасайды: оның біреуін
көршілердің империялық орталықтың дәрменсіздігін пайдаланып қалу әрекеттері,
екіншісін құлдырап бара жатқан империяның шет аймақтарда өз билігін қалпына
келтіруге күш салуы туындатады.
Осынау екі процесс те бұрынғы Кеңес Одағының мұрагер мемлекеттерінде бір мезгілде
жүріп жатыр. Иран мен Түркия халқы негізінен мұсылман дініндегі ортаазиялық
республикаларда өз ролін арттыруға тырысуда. Бірақ негізгі геосаяси ілгерілеу Ресейдің
бұрын Мәскеудің бақылауында болған барлық аумақтарда өз басымдығын қалпына
келтіруге тырысу әрекеті болып табылады. Бейбітшілікті сақтау үшін Ресей орыс
қамқорлығын кез-келген пошымда қалпына келтіруге ұмтылуда, ал Құрама Штаттар
назарын "реформатор" үкіметтің ізгі ниетіне шоғырландырып және геосаяси
мәселелермен айналысқысы келмей, мұнымен үнсіз келісіп отыр. Балтық мемлекеттерінен
басқа, мұрагер мемлекеттердің халықаралық мойындалуын қамтамасыз ету үшін ол
ештеңе істеген жоқ. Американдық жоғары ресми адамдар тарапынан ол елдерге сапар
едәуір сараң әрі сирек жасалады; көмек мардымсыз. Олардың аумақтарындағы Ресей
әскерлерінің қарекеті, немесе тіпті сол әскерлердің жай ғана сонда тұруы, ілуде бір дау
тақырыбына айналады. Мәскеу өзін қалай империялық орталық деп білсе, ол де - факто
солай қарастырылады.
Мұның солай болуының ішінара бір себебі АҚШ бұрынғы Кеңес империясы жерінде
болып жатқан антикоммуниста және антиимпериалистік революцияларды біртұтас
феномен деп біледі. Іс жүзінде олар қарама-қарсы бағытта қимылдайды. Антикоммунистік
революция бұрынғы Кеңес Одағында айтарлықтай қолдау табады. Ресейдің үстіне қарсы
бағытталған антиимпериалистік революция орыстық емес жаңа республикаларда едәуір
қолдау тапса, Ресей Федерациясының өзінде мүлдем жақтырылмайды. Өйткені билік
басында тұрған ресейлік топтастықтар өз мемлекетін тарихтың өне бойында
"өркенияттық" миссия ауқымында тәпсірлейді; Ресейдегі жетекші қайраткерлердің басым
көпшілігі өздерінің саяси сенімдеріне қарамастан, Кеңес империясының күйрегенін
немесе мұрагер мемлекеттердің, әсіресе орыс православиесінің бесігі Украинаның
заңдылығын мойындаудан бас тартады. Тіпті Александр Солженицын да Ресейді онда
тұрғысы келмейтін бұратаналардан босату керектігі туралы жазғанда, Мәскеудің қол
астында Украинаның, Белоруссияның және халқының жартысына жуығы славяндар
болып табылатын Қазақстанның - бәрін қосқанда бұрынғы империя жұртшылығының 90
пайызын құрайтын халықтың - қалуын табандап талап етеді. Бұрынғы Кеңес Одағы
аумағында антикоммунистің әрқайсысы демократ емес, және әрбір демократ орыс
империализмін жоққа шығармайды.
Реалистік саясат тіпті Борис Ельциннің реформаторлық Ресей үкіметі ресей әскерлерін
қазір Біріккен Ұлттар Ұйымының мүшелері болып табылатын кеңестік республикалардың
аумағында, олардың үкіметтерінің нақты білдірілетін ырқына кереғар, сақтап
отырғандығы фактысына сүйенетін болады. Бұл қарулы күштер сол республикалардың
бірқатарында азамат соғысына қатысты. Ресей сыртқы істер министрі бейбітшілдік
қызметте "таяу шетелдегі" Ресей монополиясы тұжырымдамасын талай рет көлденең
тартты, ал мұның Мәскеу үстемдігін қалпына келтіру әрекеттерінен еш айырмашылығы
жоқ. Бейбітшіліктің ұзақ мерзімді перспективасына Ресей реформалары ықпал жасайды,
бірақ қысқа мерзімді перспектива ресейлік әскерлердің үйінде қалуға тиіс екендігіне
сендіру мүмкіндігіне байланысты. Егер олар бұрынғы империяның Еуропадағы және