Page 17 - ӘЛЕМДІК САЯСАТТАНУ АНТОЛОГИЯСЫ. кисинджер. ДИПЛОМАТИЯ

Basic HTML Version

Қазақстанның ашық кітапханасы
топшылауға негізделген. Осының аясында Американың басты міндеті сыртқы саясаттың
дәстүрлі арсеналынан емес, "Маршалл жоспарын" жүзеге асыру тәжірибесінен алынған
шараларды қолдану арқылы Ресей реформаларының қаз тұруына септесу деп саналады.
Американ саясаты, оның әлуетін немесе тіпті саясатын емес, ниетін бағалауға сүйене
отырып, басқа ешқандай елге соншама мақсатты бағдарланған емес. Франклин Рузвельт
өз үмітін, айтарлықтай дәрежеде Сталиннің ұстамдылығын ескере отырып, соғыстан
кейінгі бейбіт болмысқа артты. Қырғи қабақ соғыс заманында оперативтік американдық
стратегияның жарияланған мақсаты ("тежеу") кеңестік ниетті өзгерту болды, және сол
стратегияға байланысты айтыстар негізінен осынау өзгерістер болды ма дегенге сайды.
Соғыстан кейінгі американ президенттерінің ішінде тек Никсон ғана ұдайы Кеңес
Одағынан геосаяси қыр көрсетуді көріп, тиісінше қимылдады. Тіпті Рейганның өзі кеңес
басшыларының шын жолға түсуіне орасан зор үміт артты. Коммунизм күйрегеннен кейін
дұшпандық ниет ғайып болды деп ұйғарыла жаздағанына, ал вильсоншылдық дәстүрлер
жанжалды мүдделердің бар болу фактысының өзін жоққа шығаратындықтан, қырғи қабақ
соғыс аяқталғаннан кейінгі американ саясаты нақ бір дәстүрлі сыртқы саяси ниеттер
күшін жойғандай жүргізілгеніне таң қалуға болмайды.
Тарихты зерттеушілер соншалық қарадүрсін астың алдында өздерін ыңғайсыз сезінеді.
Олар Ресейдің ішкі эволюциясының келбетін қалыптастыруға өз қабілетін асыра бағалап,
АҚШ-тың ешқандай зәруліксіз ішкіресейлік дау-дамайға тартылуы, бәз-баяғы
ұлтшылдықтың қозып кетуін туындатуы және әдеттегі сыртқы саяси міндеттерді назардан
тыс қалдыруы мүмкін деп қауіптенеді. Бұл мамандар дәстүрлі ресейлік
агрессияшылдықты өзгертуге бағытталған саясатты қолдар еді, және сол себепті Ресейге
экономикалық көмек көрсетуге және сонымен бірлесіп жаһандық сипаттағы жобаларды
жүзеге асыруға оң көзбен қарар еді. Бірақ алайда, олар кім басқарғанына қарамастан Ресей
Хэлфорд Макиндер "геосаяси өзек" деп атаған аумақта орналасқан, және ең қуатты
империялық дәстүрлердің бірінің мұрагері болып табылады деп мәлімдер еді. Тіпті егер
күні бұрын топшыланған моральдық өзгерістер іске асуға бұйырылған күнде де, олар
уақыт алады, ал бұл екі арада Америка бәсін арттыра түсуі керек.
Сондай-ақ оның Ресейге көмектің нәтижесі "Маршалл жоспарының" жүзеге
асырылуының нәтижесімен салыстырылатындай болады деп күтуінің де керегі жоқ. Батыс
Еуропада екінші дүниежүзілік соғыс тікелей аяқталған кезеңде жұмыс істеп тұрған базар
жүйесі, тармақталған бюрократиялық аппарат және, елдердің көпшілігінде,
демократиялық дәстүрлер болды. Батыс Еуропа Америкаға Кеңес Одағы тарапынан
әскери һәм идеологиялық қатердің орын алуымен байлаулы болды. Солтүстік Атлантика
одағының қалқанымен қорғалған экономикалық реформа тереңде жатқан геосаяси нақты
болмысты жоғары көтерілуге мәжбүр етті; "Маршалл жоспары" Еуропаға ішкі басқарудың
дәстүрлі жүйесіне қайыра ие болуға мүмкіндік берді.
Қырғи қабақ соғыс аяқталғаннан кейінгі Ресейде салыстыруға болатын жағдай жай ғана
жоқ. Азапты кеміту және экономикалық реформаға жәрдемдесу - американ сыртқы
саясатының маңызды аспаптары; алайда, олар экспансионизмнің ұзақ тарихы бар елге
қатысты әлемдік күштер тепе - теңдігін сақтау жөніндегі елеулі күш-жігерді алмастыра
алмайды.
Осы кітаптың жазылу сәтінде екі ғасыр бойында жасалған ұлан-байтақ Ресей империясы
ыдырау жағдайында тұр - дәл 1917 жылдан 1923 жылға дейінгі кезеңде де осылай болып,
сол кезде ол өзінің дәстүрлі экспансиялық ырғағын үзбей, өйтіп-бүйтіп қалпына келген
болатын. Қаусаған империяны құлдыраған жағдайында басқару - дипломатияның ең қиын