Page 16 - ӘЛЕМДІК САЯСАТТАНУ АНТОЛОГИЯСЫ. кисинджер. ДИПЛОМАТИЯ

Basic HTML Version

Қазақстанның ашық кітапханасы
Американ сыртқы саясатының моральдық және стратегиялық элементтерінің арасындағы
дәл ара қатынас абстрактылы нұсқаулардың пәні бола алмайды. Бірақ кемеңгерліктің
бастауы - осындай ара қатынастың қажеттігін мойындау. АҚШ қаншалықты құдіретті
болса да, бірде-бір елдің өзі ұнататын нәрсені қалған адамзатқа таңу мүмкіндігі жоқ;
бірінші кезектегі нәрселерді белгілеп алу қажет. Тіпті егер саралап жіктелмеген
вильсоншылдықты қамтамасыз ететін нақты ресурстар болған күннің өзінде, егер
американ жұртшылығы өзінің жанжалға тартылғандығының дәрежесі мен соған ілесе
жүретін міндеттемелерін анық та айқын түсінбесе, оны қолдаудың керегі жоқ. Әйтпесе
вильсоншылдық жалаң үндеу тастап кетуі мүмкін, ал ондай үндеудің көмегімен қандай
болсын тәуекелден жалтаруды ақтайтын ділмарсудың торына шырмалатын қиын геосаяси
таңдаудан жалтару жасала алады. Және сонда американ саясаты саласында мәлімделген
дәмелер мен оларды іспен қуаттауға дайын тұру арасындағы қатерлі алшақтық пайда
болуы мүмкін; іс жүзінде сөзсіз болатын түңілуді халықаралық істерден толық бас
тартуды ақтауға айналдыру өте оңай.
Қырғи қабақ соғыс аяқталған дүниеде жаңа қиындықтардың қалың қатпарынан бұзып-
жарып шығу үшін американдық идеализмге геосаяси талдау түріндегі ашытқы керек
болады. Бұл оңай болмайды. Америка ядролық монополия қолында тұрғанда, дүниеге
үстемдік етуден бас тартты, және тіпті қырғи қабақ соғыс кезеңінде дипломатиясын
ұлттық мүдделер өрістерін ескере отырып жүргізген кезде де, күштер тепе-теңдігі
ұғымына жүрдім-бардым қарады. XXI ғасырда, алайда АҚШ-тың, басқа да елдер секілді,
аяусыз қажеттілік пен таңдау икемділігі арасында, халықаралық қатынастардың бұлжымас
принциптері мен мемлекет қайраткерлері құпиялап ұстайтын элементтер арасында
амалдауды үйренуіне тура келеді.
Ал құндылықтар мен қажеттілік арасында баланс орнатылған кезде, сыртқы саяси қызмет
ел үшін маңызды мүдделер дегеннің не екендігін қандай да бір анықтаудан басталуға тиіс
халықаралық жағдайдың өзгеруі кейде ұлттық қауіпсіздікті мықтап бүлдіре алатындығы
соншалықты, сол өзгеріске оның сипатына немесе оның заңды сияқтылығына қарамастан
қарсы қимылдау керек болады. [... ]
Геосаяси тұрғыдан Америка ресурстары мен халқы Құрама Штаттардағыдан орасан зор
ұлан-ғайыр Еуразия жағалауларының арасындағы арал іспеттес. Қандай да бір
державаның Еуразия континенттерін құрайтын кез-келген бөлігіне - Еуропаға немесе
Азияға үстемдік жүргізуі қырғи қабақ соғыстың бар-жоғына қарамастан АҚШ үшін
стратегиялық қатердің өлшемі боп қалып отыр. Өйткені елдердің бұлайша қайта топтасуы
экономикалық тұрғыдан да, сайып келгенде әскери тұрғыдан да, одан асып түсуге
қабілетті. Осынау қауіпке, тіпті егер үстемдікке жеткен держава АҚШ жөнінде достық
ниетте болса да, қарсы қимылдауға тура келеді, өйткені оның пиғылы өзгере қалса,
Америка тиімді қарсылық көрсету мүмкіндігінің айтарлықтай бөлігінен айырылады да,
оқиғаларға шешуші ықпал ету мүмкіндігінен барған сайын көп дәрежеде айрыла
бастайды.
АҚШ қырғи қабақ соғысқа кеңес экспансионизмінің қатерінен тартылып еді және ол
қырғи қабақ соғыс аяқталғаннан кейін өз үміттерінің көбісін коммунистік қатердің і айып
болу фактысына артады. Американың Кеңес Одағы тарапынан дұшпандыққа көзқарасы
оның жаһандық тәртіпке тежеу тұрғысынан қарағандағы қатынасын қалыптастырғаны
секілді, нақ солай, Ресейдегі реформа қырғи қабақ соғыс аяқталғаннан кейінгі әлемдік
тәртіп жөніндегі американдық ой жүйесінің анықтаушы факторы болып табылады.
Американ саясаты бейбітшілікті демократияның от-жалынында шыңдалу үстіндегі және
өз күш-қуатын базар экономикасын құруға шоғырландырған Ресей қамтамасыз етеді деген