Қазақстанның ашық кітапханасы
Көз жетер болашақта американ әскери қуатының бақталасы бұрынғыша болмайды.
Дегенмен осы қуат - құдіретті алдағы онжылдықтарда дүние жүзі куә болатын қисапсыз
титімдей жанжалдарға (Босния, Сомали және Гаити сияқты) бағыттау ұмтылысы
американ сыртқы саясаты үшін өзекті тұжырымдамалық қыр көрсету болады. Құрама
Штаттар, бәрінен ықтималы, келер ғасырда да дүние жүзіндегі ең қуатты экономикасын
сақтап қалады. Әйтсе де әл-ауқат, сол әл-ауқатты қамтамасыз ететін технология секілді,
әлдеқайда кеңірек таралады. Сөйтіп АҚШ қырғи қабақ соғыс кезеңінде байқалмаған
экономикалық бәсекемен бетпе-бет келетін болады.
Америка ұлы да құдіретті ұлт бола береді, бірақ онымен теңесетіндер табылатын ұлт бола
береді; "теңдестер арасындағы бірінші" бола береді, бірақ өзі секілділердің бірі ғана
болады. Вильсон сыртқы саясатының етене іргетасы болған американдық бірегейлік
өзінің мәнінен алдағы ғасырда едәуір шамада айрылады.
Бірақ американдықтар мұны қорлық немесе ұлттық құлдырау нышаны деп қарастырмауы
керек. Өз тарихының айтарлықтай бөлігінде Құрама Штаттар іс жүзінде абсолюттік астам
держава емес, көп ұлттардың бірі ғана болып келді. Басқа күш орталықтарының - Батыс
Еуропаның, Жапонияның және Қытайдың - өрлеуі американдарды алаңдатпауы керек.
Сайып келгенде, дүниежүзілік ресурстарды бірігіп пайдалану және басқа қоғамдар мен
экономикаларды дамыту сонау "Маршалл жоспары" заманынан - ақ әдеттегі американдық
міндет болып келген-ді.
Бірақ вильсоншылдық барған сайын заманға сәйкес болудан қалып бара жатқандықтан,
вильсондық сыртқы саясаттың міндетті принциптері: ұжымдық қауіпсіздік, бәсекелестерді
өзіне жақтас ету және американдық өмір салтымен қауыштыру, дау-дамайларды заңгерлік
жолмен шешудің халықаралық жүйесі және этностық өзін-өзі басқаруды шексіз қолдау
практикада барған сайын кем дәрежеде іске асуда. Алдағы жүзжылдықта Америка өзінің
сыртқы саясатын қандай принциптерге негіздеуі керек? Тарих қандай да бір жол сілтеу
былай тұрсын, тіпті азды-көпті қанағаттандыра алатын ұқсас үлгіні де ұсынбайды.
Дегенмен тарих өз мысалдарының пәрменімен үйретеді, ал Құрама Штаттар жүзуге
картаға түсірілмеген сулармен аттанатындықтан, ол келешек онжылдықтарға арналатын
тиісті жол табу үшін Вудро Вильсонның пайда болуының алдындағы дәуір мен "американ
і асырын" салыстырғаны абзал болар еді.
Ришельенің raison d'etat турасындағы тұжырымдамасы, басқаша айтқанда, аталмыш
мемлекеттің өз мүдделерін қамтамасыз ету үшін пайдаланатын құралдарын сол
мүдделермен ақтау принципі, американдарға әрқашан жиіркенішті болатын. Әңгіме
американдар ешқашан raison d'etat принципін қолданбады дегендікте емес: республика
тіршілігінің алғашқы онжылдықтарында еуропалық державалар жөнінде қатаң да парықты
саясат жүргізілген "негіз қалаушы аталар" заманынан бастап "жазмышты көріністер"
ұранымен жүргізілген батыс экспансиясын мақсатты қамтамасыз етуге дейін көптеген
мысалдар бар. Бірақ американдар өздерінде эгоистік мүдделердің бар екендігін
мойындаған кезде, өздерін ылғи да ыңғайсыз сезінетін. Дүниежүзілік соғыстарда
шайқастарға немесе жергілікті жанжалдарға қатыса отырып, американ басшылары
әрқашан өздерінің төл мүдделері үшін емес, принцип үшін шайқасамыз деп мәлімдейтін.
Еуропа тарихын зерттейтін кез-келген адам үшін күштер тепе-тендігі тұжырымдамасы
өзінен-өзі белгілі нәрсе сияқты көрінеді. Күштер тепе-теңдігі ұғымын, айтпақшы,
мемлекеттің ең жоғары мүдделері ұғымы секілді, күнделікті қолдануға Францияның
экспансиялық пиғылдарын тізгіндегісі келген ағылшын королі III Вильгельм енгізген
болатын. Демек, неғұрлым күшті мемлекетке қарсы тұру үшін бірігетін неғұрлым әлсіз