Қазақстанның ашық кітапханасы
болмайтындай етіп өзгертуден қашып құтыла алмаймыз. Олардың аумақтық статус-кво
мен бітпейтін аяусыз азаматтық жанжалдың арасында таңдау жасауына тура келеді.
Ақыр соңында, континенттік тұрпаттағы мемлекеттер бар, бәлкім, жаңа әлемдік тәртіптің
негізгі ұялары солар болар. Британияның отаршылдық басқаруы тұсында пайда болған
Үндістан ұлты көп тілді һәм көп дінді. Бұл шындап келгенде - толып жатқан ұлттар. Ол
көрші мемлекеттердегі идеологиялық және діни ағымдарға XIX ғасырдағы еуропалық
ұлттардан гөрі неғұрлым сезімтал болғандықтан, оның сыртқы және ішкі саясатының
арасындағы болу сызығы біршама өзге және бұлыңғырлау. Тиісінше, Қытай әрқилы
тілдердің конгломераты, оларды жазудың ортақтығы, мәдениеттің ортақтығы және ортақ
тарих біріктіреді. Егер XVII ғ. діни соғыстар болмаса, Еуропа да сондай болар еді, және,
егер Еуропа Одағы өз жақтастарының армандарын ақтай алса, әлі сондай бола алады.
Тиісінше қырғи қабақ соғыс кезіндегі екі астам держава да ешқашан еуропалық
мағынадағы ұлт-мемлекет болған емес. АҚШ ұлттық көп тілділік базасында анық
ерекшеленетін айқын ұлттық мәдениет жасауда көп табыстарға жетті; Кеңес Одағы толып
жатқан ұлттарды қамтитын империя болатын. Оның мұрагерлері әсіресе осы кітап
жазылар сәттегі Ресей Федерациясы, кезінде дәл Габсбургтер империясы және XIX
ғасырдағы Осман империясы секілді бөліну мен империядан арылу арасында бейберекет
күйге ұшырап отыр.
Мұның бәрі халықаралық қатынастардың мазмұнын, әдістемесін және, бәрінен
маңыздысы, ауқымын түбегейлі өзгертеді. Осы кезеңге дейін әрқилы континенттер
негізінен бір-бірінен оқшау қимылдады. Мысалға, Франция мен Қытайдың қуатын
салғастыру мүмкін емес еді, өйткені осы екі eл өзара ықпалдастық құралдары болмады.
Бірақ технологиялық шекаралар кеңейген бойда басқа континенттердің болашағы
еуропалық елдердің "концертімен" анықтала бастады. Бұған дейінгі халықаралық
тәртіптердің ешқайсысына да бүкіл жер шарында орналастырылған ірі күш орталықтары
болған емес. Сондай-ақ ешқашан мемлекет қайраткерлері олардың елдеріндегі
көшбасшылар да, қоғамдар да оқиғаларды заматта және бір мезгілде қабылдайтын кезде
диломатиялық қызметпен айналысуға міндетті емес-ті.
Мемлекеттер саны көбейіп, олардың арасындағы ықпалдастық мүмкіндігі өсе
түскендіктен, жаңа әлемдік тәртіп қандай принциптерге негізделіп ұйымдастырылуы
мүмкін? Жаңа халықаралық жүйенің күрделілігін ескерсек, "демократияны кеңейту"
секілді Вильсон тұжырымдамалары американ сыртқы саясаты үшін темірқазық, сондай-ақ
қырғи қабақ соғыс кезіндегі тежеу стратегиясын алмастырушы қызметін атқара ала ма?
Бұл тұжырымдамалардың сөзсіз табыс да, сөзсіз сәтсіз де болмағаны айқын. XX ғ.
дипломатиясының ең нәзік жетістіктерінің кейбірі - "Маршалл жоспары", коммунизмді
тежеу жөніндегі жанқиярлық міндеттеме, Батыс Еуропаның бостандығын қорғау және
тіпті бағы ашылмаған Ұлттар лигасы, сондай-ақ оның кейінгі жалғасы БҰҰ - өзінің
тамырын Вудро Вильсонның идеализмінен алады.
Қырғи қабақ соғыстың аяқталуы толып жатқан байқаушылар "бір полюсті" немесе "бір
астам державалық" әлем деп атаған ахуалды жасады. Бірақ Құрама Штаттар жаһанды
халықаралық қызметті бір жақты билеп-төстейтіндей іс жүзінде соншалықты тамаша
жағдайда емес. Ол бұдан он жыл бұрынғыдан көбірек артықшылыққа қол жеткізді, бірақ
тағдырдың тәлкегімен оның қуаты неғұрлым шашыраңқы орналасты. Осылайша, қалған
әлемнің әлпетін өзгерту үшін елдің сол қуатты пайдалану қабілеті іс жүзінде кеміп кетті.
XXI ғасыр жақындаған сайын жаһандық ғаламат күштер бұрынғыдан да табандылықпен
еңбек етуде, демек уақыт озған сайын АҚШ өзінің бірегейлігінің бір бөлігінен айрылады.