Қазақстанның ашық кітапханасы
ата-аналар мен балалардан құралған қоғамның басы болды; уақыт өте бұған қожайын мен
қызметші қоғамы қосылды. Олардың барлығы, әдетте болып жататындай, бір-бірімен
қосылып, отағасы немесе отанасы отбасына тән басқару құқығына ие болатын бір ортақ
отбасын құрай алатын болғанымен, осы қоғамдардың бірде-бірі және олардың барлығы
бірге, біз олардың әрқайсысының әртүрлі мақсаттарын, байланыстары мен шекараларын
қарастырсақ көретініміздей, саяси қоғам болған жоқ.
78. Некелік қоғамдастық еркек пен әйелдің арасындағы ерікті келісім арқылы құрылады;
бүл қоғамдастық олардың қосылуына және негізгі мақсат – дүниеге ұрпақ әкелу үшін
қажет болғандықтан, ерлі-зайыптылардың бір-бірінің тәнін иелену құқығына сайса да, ол
сонымен бірге өзара қолдау мен жәрдемді, сондай-ақ мүдделер ортақтығын туындатады,
өйткені олардың бір-біріне қамқорлығы мен бауыр басуын ғана біріктіріп қоймай, сондай-
ақ өз бетінше өмір сүре алатын жасқа жеткенше бұлардың тарапынан асырау мен қолдау
табуға құқығы бар ортақ ұрпақты қамтамасыз етуі қажет.
79. Еркек пен әйелдің одағын құру мақсаты ұрпақ туғызу ғана емес, сол тұқымды
жалғастыру да ғой; еркек пен әйелдің арасындағы бұл одақ ұрпақ әкелгеннен кейін де,
балалар сырт адамның көмегінсіз күн көріп, өздігінен өмір сүре ала¬тын жасқа дейін
оларды асырауға міндетті дүниеге әкелушілер балаларды күтіп-бағып, аяғына тұрғызу
үшін қаншалықты керек болса, соншалықты ұзақ уақытқа созылуға тиіс. Біз кемеңгерлігі
шексіз жаратушымыз өз жаратқандарына арнап белгілеген осы заңға төменгі тіршілік
иелері ұдайы бағынатынын көріп жүрміз. Шөппен қоректенетін, тірі туатын тіршілік
нелерінің еркегі мен ұрғашысының арасындағы одақ жыныс қатынасынан әріге бармайды,
өйткені хайуанның желініндегі сүт төлін шөппен қорс шаққа дейін асырауға жеткілікті,
сондықтан еркек аттандырады, бірақ оларға көмектесу үшін ештеме жасай
алмайтындықтан, ұрғашысына да, төліне де қамқорлық жасамайды. Ал жыртқыш
хайуандарда, ұрғашысы ез тамағын тауып, оның үстіне толып жатқан күшіктерін тек өз
олжасымен асырауға әлі келмейтіндіктен, олардың одағы ұзағырақ болады; бұл шөппен
қоректенуге қарағанда тіршілік етудің анағұрлым ауыр әрі неғұрлым қауіпті тәсілі;
еркегінің көмегі өздері қорек табуға әлі шамасы келмейтін мүшелерін олар өскенше
асырауға тиіс ортақ үйірді асырау үшін керек, яғни, бұл жерде ұрғашысы мен еркегінің
ортақ қамқорлығы керек. Балапандары ұяда отырған кезде тамақ қажет ететіндіктен,
еркегі мен ұрғашысы балапандар ұшуға, өздерінің қорегін табуға шамалары келгенге
дейін одақта болатын барлық құстарда да (жемнің көптігі қораздың ұрпағын асырамауға
және оларға қарамауға мүмкіндік беретін кейбір үй құстарын қоспағанда) осы жай
байқалады.
80.. Адамдарда еркек пен ұрғашының басқа тіршілік иелеріне қарағанда неғұрлым ұзақ
мерзімді одақпен байланысты болатынының, бірден-бір демегеннің өзінде, негізгі себебі,
менің ойымша осында, атап айтқанда ұрғашы бала көтеруге қабілетті, және іс жүзінде ол
алдыңғы туған бала өз аталасының қолдауы мен көмегін қажет етпейтін уақытқа жетпей
жатып, тағы да бала туатындығында; ол өзінің ата-анасы көрсетуге міндетті көмекке әлі де
мұқтаж болады. Осының салдарынан әйелдің бойына өзі бітірген балаларға қамқорлық
жасауға міндетті әке, ұрпақтары бала туу кезеңі айналып келгенге дейін өздігінен күн көре
алатын және некелік байланыстары өздігінен үзіліп, Гименей өзінің жыл сайынғы
уақытында оларды жаңа жұбайлар мен зайыптар табуға шақыратын уақытқа дейін
еркіндікте болатын басқа тіршілік иелеріне қарағанда, ол әйелмен некелік одақта ұзағырақ
болуға тиісті. Бұл ретте ұлы жаратушының кемеңгерлігіне қайран қалмай тұра алмайсың,
ол адамға қазіргі мұқтаждықты қамтамасыз ету қабілетін де, алдын болжап, болашағына
қор жимау қабілетін де сыйлаған, және басқа тіршілік иелерінің еркегі мен ұрғашысына
қарағанда еркек пен әйелдің қоғамы неғұрлым ұзағырақ болуын қажетті еткен; мұны