Қазақстанның ашық кітапханасы
билеп-төстейтін, олардың арасында төрелік айтатын билігі бар әлдекімсіз, парасатқа
сәйкес бірге тұратын адамдар, шын мәнінде жаратылыстық ахуалда болады. Бірақ күш-
қауқар немесе жер бетінде көмек сұрайтын ешкім жоқ кезде оны басқа адам жөнінде
қолдануға дайын екендігі туралы мәлімдеме – соғыс ахуалы дегеніміз осы; нақ осынау
көмек сұрау мүмкіндігінің жоқтығы адамға, ол қоғамның мүшесі және азаматтығы
бойынша бауыры болса да, агрессорға қарсы соғысу құқығын береді. Демек, менің барлық
мал-мүлкімді ұрлап алған ұрыға, мен заңға жүгініп қана зиян тигізе аламын, бірақ ол,
менің атымды немесе киімімді ғана ұрлағысы келгенімен, маған бас салса, мен оны өлтіре
аламын; өйткені менің өмірімді қорғау үшін жасалған заң, осы жолғыдай күш
қолданылғанда, оны қорғауға араласа алмайтын кезде, - ал егер менің өмірім қиылып
кетсе, оның орнын толтыру мүмкін емес – жасалған жамандықтың есесі қайтпайтын
жағдайда, менің өзімді өзім қорғауыма және соғысу құқығымды, шабуыл жасаушыдан
құтылу амалы ретінде оны өлтіру бостандығын пайдалануыма мүмкіндік береді, өйткені
шабуыл жасаушы біздің ортақ қазымызға жүгінуге де, заңды шешім шығаруға да мұрсат
бермейді. Қолында билігі бар ортақ қазының болмауы барлық адамдарды жаратылыстық
ахуалға қояды; адамның жеке басына қарсы бағытталған құқықсыз күш ортақ қазы болған
күнде де, ол болмаған күнде де соғыс ахуалын туындатады.
20. Күш қолдану тиылған кезде, қоғамдағы адамдар арасындағы соғыс ахуалы
тоқтатылады да, екі жақ та заңның әділ талқысына тартылады, өйткені ол кезде өткендегі
шығындары үшін талап қойып, болашақ нұқсанға кедергі жасау мүмкіндігі туады. Бірақ
жаратылыстық ахуалда орын алатынындай қолданыстағы заңдардың және билігі бар
қазылардың жоқтығынан мұндай жүгіну мүмкіндігі жоқ кезде, бір кезде басталған соғыс
ахуалы жалғаса береді, бұл ретте кінәсіз тараптың кез-келген мүмкіндікті пайдаланып,
шабуыл жасаған адам бітісуді ұсынып, езі жасаған кез-келген нұқсанның есесін
қайтаратындай жөне болашақта кінәсіздің қауіпсіздігін қамтамасыз ететіндей шарттармен
бітісуді қалағанға дейін оларды жоя беру құқығы болады. Ал заңға және соған бола
қойылған қазыларға жүгіну мүмкіндігі бола і ұрып, әлдебір адамдар немесе адамдар тобы
тарапынан жасалған зорлықты немесе нұқсанды бүркемелеу немесе ақтау мақсатында әділ
сотты көпе-көрнеу бұзу және заңдарды ұялмастан бұрмалау жолымен бұл құралдан
айырған кезде, соғыс ахуалынан езге бірдеңені елестету қиын. Зорлық жасалып, нұқсан
келтірілгенде, тіпті ол әділ сот құру үшін тағайындалған адамдардың қолымен істелсе де,
соған қарамастан бұл заңның атымен, сырт көрінісімен немесе пошымымен бүркемеленсе
де, бәрібір бұл зорлық және нұқсан болып қала береді, өйткені заңның мақсаты – заң
қолданылатындардың барлығына оны ешкім бұрмай әділ қолдану арқылы кінәсізді қорғау
және әділетті қалпына келтіру; ал бұл ашық көрсетіліп істелмесе, жапа шеккендер
жөніндегі соғыс жүргізіле бергені, сонда әділдікті қалпына келтіру үшін олардың жер
бетінде жүгінер ешкімі болмағандықтан, мұндай жағдайда оларға жалғыз амал – көкке
жүгіну ғана қалады.
21. Осынау соғыс ахуалына ұшырамау (аспаннан басқа барар жері жоқ, және барлық
айырмашылықтар жойылып, дауласушылар жөнінде шешім шығаратын ешқандай билік
жоқ кезде)—адамдардың қоғам құрып, жаратылыстық ахуалдан бас тартуының басты
себебі міне осы.
VII тарау
Саяси және азаматтық қоғам туралы
77. Құдай адамды өзінің шешімі бойынша жалғыз болуы жарамас деп жаратып,
қажеттілікті, қолайлылықты және бейімділіктерді адам бағынатын ұмтылдырушы ұлы
күш етіп сіңіріп, ол оны қоғам іздеуге мәжбүр етті, сол сияқты оған өзі пайдаланып,
рахаттануы үшін парасат пен тіл берді. Алғашқы қоғам күйеуі мен әйелінен тұрды, бұл