Қазақстанның ашық кітапханасы
олардың еңбекқорлығы ынталандырылып, олардың ортақ ұрпағын барлық қажет нәрсемен
қамтамасыз ету, қор жасау ісінде мүдделері жақсырақ бірігетіндей етіп жасаған, ал оңды-
солды байланыс немесе неке одағын оңай да жиі бұзу ортақ ұрпаққа қатты зиян тигізер
еді.
81. Бірақ адамзат жан-жануарлардың басқа түрлеріне қарағанда неке дәнекерін неғұрлым
берік ететін осындай міндеттемелермен маталса да, дегенмен мынадай сұрақ қоюға ілік
бар: ұрпақ әкелу, тәрбиелеу және мұрагер болу қамтамасыз етілген осынау келісімді не
келісілуіне қарай, не белгілі бір уақытқа, не кез-келген басқа ерікті келісімдер сияқты
белгілі бір жағдайларда шектеулі етуге неге болмайды? Заттың табиғатының өзінде де,
оның мақсаты үшін де мұның ғұмырлық болуының қажеттігі жоқ қой. Мен осындай
шарттардың барлығы мәңгілік болсын дейтін қандай да бір позитивтік заңның
шектеулеріне жатпайтындар туралы айтып отырмын.
82. Бірақ күйеуі мен әйелінің қамы ортақ болса да, әртүрлі ойлайтындықтан, олар кей-
кейде әртүрлі еріктерін де көрсететін болады; дегенмен, түпкілікті шешім, яғни,
басшылық біреуіне жүктелуі қажет болатындықтан, ол, әрине, неғұрлым қабілетті және
неғұрлым күшті жан ретінде еркектің үлесіне тиеді. Бірақ бүл олардың ортақ мүдделері
мен меншігіне ғана таралады да, шарт бойынша әйелдің ерекше құқығына жататындардың
барлығы соның толық та еркін иелігіне қалдырылады, және күйеуіне әйелдің өміріне,
оның күйеуінің өміріне деген билігінен артық билік бермейді. Күйеудің билігі абсолютті
монархтың билігімен үш қайнаса сорпасы қосылмайтындығы соншалық, әйел көптеген
жағдайда, жаратылыстық құқық немесе өздерінің шарты жол берген жағдайда күйеуімен
ажырасуға ерікті, бұл шартты олардың өздері жаратылыстық ахуалда жасасты ма немесе
олар тұратын елдің салттары мен заңдары бойынша жасалды ма, мұның бәрі бір; мұндай
бөлек тұратын жағдайда балалар шартта не жазылғанына сәйкес әкесіне немесе шешесіне
тиесілі болады.
83. Некенің барлық мақсаты саяси басқару кезінде де, жаратылыстық ахуалда да жүзеге
асырыла алатындықтан, азаматтық басқарушы осы мақсат үшін, яғни ұрпақ келтіру және
өзара қолдап, көмектесіп отыру үшін қажет екеудің, олар бірге болған кезде,
ешқайсысының құқығын да, билігін де кеміте алмайды, тек осы мәселе бойынша күйеуі
мен әйелінің арасында туындауы мүмкін кез-келген дауды шеше алады. Егер гәп басқаша
болып, абсолютті басшылық және соған орай, өмір мен өлім билігі күйеуіне тиесілі, бұл
күйеуі мен әйелінің қоғамы үшін қажетті болса, онда күйеуіне осындай абсолютті билік
берілмеген елдердің бірде-бірінде некенің болуы мүмкін емес. Бірақ некенің мақсаты
күйеудің мұндай билікке не болуын талап етпейді және некелік қоғамдастық шарттары
оған мұны бермейді, өйткені мұндай жағдайда оның ешқандай қажетті жоқ. Некелік
қоғамдастық онсыз да күн көріп, өзінің мақсаттарына жете алады; өйткені мүліктің және
оған билік ету құқығының ортақтығы, өзара көмек пен қолдау, некелік қоғамдастыққа
жататын басқа да жайттар бүл дүниеге ұрпақ әкелуге және балаларды олар өз бетінше күн
кере алатын жасқа дейін тәрбиелеуге байланысты шамада еркек пен әйелді осы
қоғамдастыққа қосатын шартпен өзгертіле және реттеле алады; егер осы қоғамның
құрылуының мақсаты үшін қажет болмаса, ешқандай қоғам үшін ештеңе қажет болып
табылмайды.
84. Ата-аналар мен балалар арасындағы қоғамдастықты және тиісінше оларға тиесілі
әртүрлі құқықтар мен билікті мен осының алдындағы тарауда барынша егжей-тегжейлі
қарастырдым, сондықтан осы арада ол туралы бірдеңе айтып жатуымның қажеті жоқ.
Және бұл қоғамдастықтың саяси қоғамнан айтарлықтай айырмашылығы бар екені айдан
анық деп ойлаймын.