Қазақстанның ашық кітапханасы
Соғыс ахуалы туралы
16. Соғыс ахуалы дегеніміз жауласу және қирату ахуалы. Демек, басқа бір адамның өмірін
қию туралы ойланбай айтылып, асығыс қабылданбаған, қайта ойланып-толғанып, нық
қабылданған шешім туралы сөзімен немесе қарекетімен білдірген адам, осынысымен
өзінің ондай пиғылы туралы мәлімдеген адаммен өзін соғыс ахуалына ұрындырады,
сөйтіп басқаның немесе соның жағына шығып, қорғануына көмектесетін кез-келген
адамның тарапынан өзінің өміріне қауіп төндіреді. Мені өлтірмек болғанды өлтіріп жіберу
құқығына ие болуым әбден орынды да әділетті. Өйткені табиғаттың негізгі заңы бойынша
мүмкіндігінше адамды қорғаштап жүруге ұмтылу керек; баршаны аман алып қалу мүмкін
болмаған жағдайда, бірінші кезекте бейкүнә жандардың қауіпсіздігін ойлаған жөн. Адам
өзімен соғысып жатқан немесе өзі жөнінде дұшпандық пиғыл танытқан, сөйтіп тіршілік
етуіне қатер төндіретін адамды, өзі қасқырды немесе арыстанды өлтіре алатын себеппен,
жойып жібере алады; өйткені ондай адамдар ортақ парасат заңымен матаспаған, олардың
мойындайтыны тек күш пен зорлық, ендеше, оларды жыртқыш хайуандар, қолына түскен
бойда адамды сөзсіз құртып жіберетін қауіпті де зиянды тіршілік иелері деп қарастыруға
болады.
17. Осыдан келіп мынадай қорытынды шығады: басқа адамды өзінің билігіне толығымен
бағындырғысы келетін адам сол арқылы өзін онымен соғыс ахуалына ұрындырады; мұны
оның өміріне қарсы пиғылын жариялау деп түсіну керек. Өйткені, мені өзімнің
келісімімсіз өзінің билігіне бағындырғысы келген адам, өз дегеніне қол жеткізгеннен
кейін, маған ойына келгенін істейді, тіпті, қаласа, өлтіріп те жібере алады деген байлам
жасауға негізім бар; егер менің бостандық құқығыма қайшы келетін жайға мені
мәжбүрлегісі, яки, құл еткісі келмесе, мені өзінің шексіз билігінде ұстауға ешкім де
ұмтылмайды ғой. Менің осындай күштен бостан болуым аман қалуымның бірден-бір
кепілі болып табылады; сондықтан менің парасатым оған қауіпсіздігімнің жауы ретінде
қарауға итермелейді, өйткені ол қауіпсіздігімді қамтамасыз ететін бостандығымды тартып
алуға ұмтылып отыр; демек, мені езіп-жаншуға тырысатын адам, сонысымен әзін менімен
соғыс ахуалына қояды. Жаратылыстық ахуалда осы ахуалда әркім ие болатын
бостандықты тартып алғысы келген адамды, барлық басқасын да тартып алғысы келетін
«дам деп санау керек, өйткені бостандық барлық басқасының негізі болып табылады. Тап
осылайша, қоғамдық ахуалда осы қоғамның немесе мемлекеттің мүшелеріне тиесілі
бостандықты тартып алғысы келген адамды, олардан барлық басқасын да тартып алу
пиғылы бар адам деп күдіктену, сөйтіп соғыс ахуалындағы адам деп санау керек.
18. Мұның өзі адамның өзін тіпті де қинамаған, оның өміріне қарсы ешқандай арам ниеті
туралы мәлімдемеген, тек күш қолдану арқылы оның ақшасын немесе қалаған нәрсесін
тартып алу үшін оны өзінің билігіне бағындырғысы келген ұрыны өлтіруін заңды етеді.
Ол құқығы болмай-ақ мені өзінің билігіне бағындыру үшін күш қолданатындықтан, оның
қандай ойы болғанына қарамастан, менің бостандығымды тартып алғысы келген адамның,
мені өз уысына түсіргеннен кейін барлық басқасын да тартып алмайды деп санауға менде
негіз жоқ. Осының салдарынан, оны менімен соғыс жағдайында деп санау, яғни, егер
қолымнан келсе, оны өлтіру мен үшін заңды; өйткені, ол кім болса да, егер соғыс ахуалын
тудырса және онда агрессор болса, әділетін айтқанда, о л өзіне тап осы қауіпті төндіреді
ғой.
19. Міне осы арада біз жаратылыстық ахуал мен соғыс ахуалының арасындағы анық
айырмашылықты байқаймыз; ал бұл ахуалдар кейбір адамдар не десе де, бейбітшілік, ізгі
ниет, өзара көмек және қауіпсіздік ахуалы, жауласу, өштесу, зорлық және бір-бірін қирату
ахуалынан қаншалықты алыс болса, сол секілді бір-бірінен соншалық алыс. Баршаны