Page 56 - ӘЛЕМДІК САЯСАТТАНУ АНТОЛОГИЯСЫ. Д. Локк. БАСҚАРУ ТУРАЛЫ ЕКІ

Basic HTML Version

Қазақстанның ашық кітапханасы
өзінің "Христиандық мойынсұну" атты трактатында, тақсырлар өзінің билігінен және
бодандардың тарапынан мойынсұнуынан айрыла алатынын мойындайды; ал егер онсыз да
барлығы түсінікті осы мәселеде тағы да беделділер керек болса, онда мен өзімнің
оқырманымды Брактонға, Фортескьюге, "Зерцаланың" авторына және басқаларға – біздің
құрылыспен таныс емес деп немесе олар оның дұшпандары деп күдіктенуге болмайтын
авторларға сілтей аламын. Бірақ мен, өздерінің шіркеу саясатында соған сүйене отырып,
сол саясатқа ол негіз ететін принциптерді түсініксіз түрде жоққа шығаруға бейім
адамдарды қанағаттандыру үшін Гукердің жалғыз өзі де жеткілікті болар деп ойлаймын.
Бұл орайда оларды өздерінің диірмендеріне су құюға мәжбүр ету үшін неғұрлым қу
қайраткерлер өздерінің қаруы етіп отырған жоқ па – бұл туралы олардың жақсырақ
ойланғаны жөн болар. Мен тек мынаған кәміл сенемін: олардың азаматтық саясаты
билеушілер үшін де, халық үшін де соншалық жаңа, соншалық қауіпті және соншалық
қиратқыш өткен ғасырлар оны жүргізуге ешқашан жол бере алмағанындай, осынау
мысырлық қарауылдардың жаласынан босанған келер замандар да осынау сұрқия
жарамсақтар аруағына жиіркеніш сезімін оята береді деп үміттенуге болады, ол
жарамсақтар тегінде, өздеріне тиімді болған соң кез-келген басқаруды абсолютті
тиранияға айналдырып отырған және адамдардың барлығы да, осынау пасық
пиғылдардың пікірі бойынша, өздеріне дөп келетін ахуалда – құлдықта туғанын қалар еді.
240. Бұл жерде, сірә: "Қазы кім болады және тақсыр немесе заң шығарушы орган өзіне
көрсетілген сенімге кереғар қарекет жасады ма, дегенді шешетін кім?" деген әдеттегідей
сұрақ қойылатын болар. Бәлкім, тақсыр өзіне тиесілі айрықша құқықты ғана пайдаланса
да, наразы және арам ниетті адамдар халық арасында осындай сыбыс таратар. Бұған
жауабым: халық қазы болады; өйткені ол сенім білдірген немесе өкілеттік берген адамның
ісінің дұрыс-бұрыстығын және оның өзіне білдірілген сенімге сәйкес қарекет жасап
жүргенін айқындайтын қазы сол адамға өкілеттік берген халық болмағанда, кім болмақ
және өкілеттік бергенде көрсетілген сенімді ақтамаса, кім қайта шақырып алуы керек?
Егер бүл жеке тұлғаларға қатысты жағдайларда парасатты болса, миллиондардың игілігі
туралы сөз болып отырғанда және егер алдын алмаса келтірілетін жамандығы әлдеқайда
коп, ал орнын толтыру өте қиын, қымбат та қауіпті аса маңызды нәрселерде неліктен
өзгеше болуы керек?
241. Бірақ, тереңірек үңілсек, осынау сұрақ ("кім қазы болады?") жалпы қазы жоқ дегенді
аңғарта алмайды. Өйткені, жер бетінде адамдар арасындағы дауды шешетін сот жоқ кезде,
қазы көктегі құдайтағала ғой. Тек сол ғана расында әділ қазы. Бірақ әрбір адам барлық
қалған жағдайларда өзіне өзі қазы болатынындай, осынау, басқа біреу өзін мұнымен соғыс
ахуалына қойған жағдайда, Иеффай істегендей баршаның иесіне жүгінуге тура келген
кезде де қазы болады.
242. Егер заң үнсіз қалатын немесе күмәнді мәселеде тақсыр мен оның халқының ішінен
шыққан әлдебір адамдардың арасында дау туындаса, ал іс аса маңызды болса, онда мен
мұндай жағдайда ең лайықты аралық сот тұтас халық болуы керек деп санар едім. Өйткені
тақсырға сенім білдіріліп, ол заңның әдеттегі нұсқауларына бағынышты болмайтын және
қандай да бір адамдар зардап шеккен болып шығып, тақсыр өзіне білдірілген сенімге
кереғар іс-әрекет жасайды немесе оны асыра пайдаланады деп санайтын жағдайда, ол
сенім, халықтың пікірі бойынша қаншалық өріске таралу тиіс екендігі жөнінде қазылық
жасау үшін тұтас алғанда (бастапқыда сол сенімді білдірген) халықтан басқа лайықты
қазы кім болмақ? Бірақ тақсыр немесе билік басында тұрғандардың біреуі дауды шешудің
мұндай жолын қабылдамаса, онда тек көкке жүгіну ғана қалады. Адамдардың арасындағы
қатынастардың жер бетіндегі ең жоғарыны білмейтін немесе жер бетіндегі қандай да бір
қазыға жүгінуге жол бермейтін адамдар арасындағы күш, шынына келгенде соғыс ахуалы,