Page 55 - ӘЛЕМДІК САЯСАТТАНУ АНТОЛОГИЯСЫ. Д. Локк. БАСҚАРУ ТУРАЛЫ ЕКІ

Basic HTML Version

Қазақстанның ашық кітапханасы
тастамақ екендігін, сосын Александрияға кететіндігін және бір-ақ сермеп шауып тастай
алу үшін халықтың бір-ақ мойны болса деп тілейтінін ашық мәлімдеген Калигула туралы
хабарлар жеткен. Егер қандай да бір корольдің осындай пиғылы болып, шынында да оны
жүзеге асыруға ұмтылса, онда ол сол бойда мемлекет жөніндегі барлық қамы мен ойынан
бас тартады, демек, құлдарын тастап кеткен бойда, оларға билігінен айрылатын қожайын
секілді, король де өзінің бодандарын басқару құқығын айрылады.
238. Екінші жағдай мынадай: король басқаның вассалына айналады да, ата-бабалары
қалдырған корольдікті және өзінің қолына бостан күйінде берілген халықты басқаның
билеп-төстеуіне береді. Оның пиғылы халыққа зиян келтіруге бағытталмаған болса да, ол
осынысымен корольдік ар-намыстың негізгі бөлігінен, атап айтқанда, ол құдайдан кейінгі
тұлға және тек соған бағыну, өз корольдігінде жоғарғы әмірші болу керек деген бөлігінен
айрылады, сондай-ақ ол бостандығын мұқият қорғауға тиіс болған өзінің халқын сатып
кеткендіктен немесе жатжерлік ұлттың билігі мен үстемдігіне көшуге мәжбүрлегендіктен
солай болды. Өз корольдігін осылай оқшаулау арқылы ол өзі билікті кімге жүктесе де,
оларға титтей де құқық берместен, өзінің онда бұрыннан бар билігінен айырылады; және
өзінің осы актысы арқылы халықты босатады, ал халық енді өз-өзіне билік ете алады.
Осындай мысалдардың бірін "Шотланд хроникаларынан" табуға болады".
239. Мұндай жағдайларда абсолютті монархияның ұлы қорғаушысы Баркли корольге
қарсылық жасауға болатынын және оның король болып қалмайтынын мойындайды.
Мысалдарды көбейте бермес үшін қысқартып басқаша айтсақ, корольдің өкілеттіктері жоқ
болса, ол король емес және оған қарсылық жасауға болатын жағдайларда; өйткені,
өкілеттіктер күші тоқтатылған бойда король сол сәтте король болудан қалады және
өкілеттіктері жоқ басқа адамдармен бірдей болады. Ол келтірген екі жағдайды алсақ,
қиратушылығы жағынан олардың жоғарыда аталғандардан үкіметтер үшін
айырмашылығы аз; ол тек өзінің доктринасына негіз болатын принципті, атап айтқанда,
уағдаласылған басқару пошымы сақталмағандықтан және қоғамдық игілік пен меншікті
сақтау көзделетін басқарудың өзінің мақсаты жүзеге асырылмайтындықтан сенімнің
ақталмағанын қалдырып кетеді. Король өздігінен орнын тастап, өзін өз халқымен соғыс
ахуалына қойған кезде, Баркли мен оның пікірін қолдаушылар бізге халықтың, өзін
халықпен соғыс ахуалына қойған кез-келген басқа адаммен істейтіндей, король емес
адамды сот арқылы қудалауына не кедергі жасай алатынын айтса жақсы болар еді. Мен
тағы Барклидің: "Халық өзіне қарсы ойластырылған қаскөй пиғылдың алдын ала алады"
деген сөздеріне назар аударғым келеді; осынысымен ол тирания ойластырылып жатқан
кезде-ақ қарсылық жасауға болатынын мойындайды. "Егер қандай да бір корольдің (дейді
ол) осындай пиғылы болып, шынында да оны жүзеге асыруға ұмтылса, онда ол мемлекет
жөнінде барлық қамы мен ойынан бас тартады"; осылайша, оның айтуынша, қоғам
игілігін елемеу сондай пиғылдың дәлелі немесе бері салғанда қарсылық үшін жеткілікті
себеп болып саналуға тиіс. Ал мұның барлығының себебін ол мынадай сөздермен
баяндайды: "ол... бостандығын мұқият қорғауға тиіс болған өзінің халқын сатып кетті
немесе мәжбүрледі". Оның қосатынының – "жатжерлік ұлттың билігі мен үстемдігіне
өтуге" – дегенінің ешқандай мәні жоқ, өйткені кінә мен заң бұзып пайдалану халықтың
король сақтауға міндетті болған бостандықтан айрылуында, сондықтан халықты қандай
адамдардың қол астына өтуге мәжбүрлегеннің ешқандай айырмашылығы жоқ. Оны өз
ұлтының қандай да бір адамдарының немесе жатжерлік ұлттың құлы ететіндігіне
қарамастан, халықтың құқығы тең дәрежеде бұзылған және бостандығынан айырылған;
нұқсанның өзі осында және халықтың тек осыған қарсы қорғану құқығы бар. Барлық
елдерде билік басындағы адамдардың ұлтының өзгергені емес, басқарудың өзгергіші
қорлайтыны туралы мысал табуға болады. Біздің шіркеудің епископы және тақсырлардың
билігі мен айрықша құқықтарының ұлы жақтаушысы Билсон, егер мен қателеспесем,