Page 57 - ӘЛЕМДІК САЯСАТТАНУ АНТОЛОГИЯСЫ. Д. Локк. БАСҚАРУ ТУРАЛЫ ЕКІ

Basic HTML Version

Қазақстанның ашық кітапханасы
мұндай ахуалда тек көкке ғана жүгінуге болады; және мұндай жағдайда зардап шеккен
таран мұндай жүгінудің қай кезде дұрыс болатындығын және оған қашан бел байлаудың
керектігін өзі анықтауға тиіс.
243. Қорытайық. Әрбір жеке адам қоғамға кірген кезде оған берген билік қоғам тіршілік
етіп тұрған кезде ешқашан жеке адамға қайтып оралуы мүмкін емес, бірақ қашанда
қоғамдастықта қала береді, өйткені мұнсыз қоғамдастықтың болуы мүмкін емес,
мемлекеттің болуы мүмкін емес, бұл бастапқы келісімге қайшы келер еді. Демек, қоғам
заң шығарушы билікті, осы билік соларда және солардың ізбасарларында болу үшін
адамдардың қандай да бір жиналысына тапсырған кезде, және де бұл жиналыстық мұндай
ізбасарларды тағайындау құқығы мен өкілеттігі болса, онда осы мемлекеттік құрылыс
тұрған кезде заң шығарушы биліктің халыққа қайта оралуы мүмкін емес. Гәп мынада, заң
шығарушы органға үздіксіз болу құқығын берген халық сонысымен өзінің саяси билігін
осы органға береді және оны өзіне қайтара алмайды. Бірақ халық өзінің заң шығарушы
органының қызметін шектеп, әлдеқандай бір адамның немесе жиналыстың қолындағы
осынау ең жоғары өкіметті уақытша еткен болса, немесе өкімет басындағы адамдардың
қара бастарына пайдалануының салдарынан олар оны жоғалтса, онда мұндай жоғалтудың
немесе белгіленген мерзімнің аяқталуы нәтижесінде бұл билік коғамға қайта оралады да,
халық жоғарғы билік ретінде қарекет жасай алуға, сөйтіп заң шығарушы орган бола
беруге, не заң шығарушы биліктің жаңа пошымын құруға, не ескі пошымды сақтай
отырып, бұл билікті өзі жақсы деп санаған жаңа қолдарға беруге хақылы болады.
Соңы
"Джон Локк. Сочинения в трех томах. Том 3. Москва, 1988" басылымынан қазақшалаған
Камал ӘЛПЕЙІСОВА.
Мазмұны
Жаратылыстық ахуал туралы 2
Соғыс ахуалы туралы 7
Саяси және азаматтық қоғам туралы 8
Саяси қоғамдардың пайда болуы туралы 15
Саяси қоғамдардың пайда болуы туралы 16
Саяси қоғам мен басқарудың мақсаттары туралы 26
Мемлекеттің пошымдары туралы 28
Заң шығарушы өкіметтің ауқымы туралы 29
Мемлекеттегі заң шығарушы, атқарушы және федерациялық билік туралы 34
Мемлекеттегі өкіметтердің бір-біріне бағыныштылығы туралы 35
Айрықша құқық туралы 39
Бірге қарастырылатын аталық, саяси және деспоттық өкімет туралы 42
Басқару жүйесінің ыдырауы туралы 44