Page 53 - ӘЛЕМДІК САЯСАТТАНУ АНТОЛОГИЯСЫ. Д. Локк. БАСҚАРУ ТУРАЛЫ ЕКІ

Basic HTML Version

Қазақстанның ашық кітапханасы
қазіргі шабуылды тойтара алады, бірақ бұрынғы өкпесі үшін кек алмауға тиіс. Өйткені біз
үшін өзіміздің өміріміз бен денсаулығымызды қорғау табиғи нәрсе, бірақ төмен тұрғандар
жоғары тұрғандарды жазалай бастаса, бұл табиғатқа қайшы. Халық өзіне қарсы
ойластырылған қаскөй пиғылдың алдын ала алады; ал бірақ қаскөй пиғыл жүзеге асса,
король осы арамдықтың бастамашысы болса да, бұл үшін одан кек алуға болмайды.
Халықтың қандай да бір жеке тұлғадағыдан артықшылығы көбірек жер міне осында; тіпті
біздің қарсыластарымыздың пікірі бойынша да (Бьюкененді қоспағанда) жеке
тұлғалардың төзуден басқа амалы жоқ; бірақ бүкіл халық тұтастай алғанда адам төзгісіз
тиранияға құрметпен қарсылық көрсете алады; ал тирания соншалық ауыр болмаса, халық
оған төзуі керек".
234. Монархиялық өкіметтің осынау бір ұлы адвокаты қарсылық мәселесін осылай
шешеді.
235. Рас, ол бұған, неге екені белгісіз, екі ескертпені қосады.
Біріншіден, ол қарсылық құрметпен жасалуы керек дейді.
Екіншіден, бұл қарсылық кек алусыз немесе жазасыз көрсетілуі қажет; ол мұнысын төмен
тұрған адам жоғары торам адамды жазалай алмайды деген уәжбен дәлелдейді.
Біріншіден. Күшке қарсы жауап соңы бермей қалай қарсыласуға болады, немесе
құрметпен қалай соғу керек - мұны түсінікті ету үшін талай өнер қажет. Шабуылға соққы
дарытпау үшін тек қалқан ұстап шығатын, немесе шабуылдаушының өз-өзіне сенімі мен
күшін тыныштандыру үшін құрметтейтінін байқатып, қолға семсер ұстамай қарсылық
көрсеткен адам ұзамай-ақ қарсыласа алмайтынын, мұндай қорғанудың аяғы өзін
әлдеқайда жаман жайға түсіретінін көреді. Қарсыласудың бұл тәсілі Ювенал төбелесте
мазақ еткен қылық сияқты күлкілі: "Ubi tu pulsas, ego vapulo tantum". Ал оның нәтижесі ол
былай сипаттағандай болып шығады:
Libertas pauperis haes est:
Pulsatus rogat, et pugnis concisus, adorat,
Ut liceat paucis cum dentibus inde reverti.
Адамдар қарсы соққы бере алмайтын мұндай жалған қарсыласудың ақыры сөзсіз осындай
болады. Демек, қарсыласа алатын адамға, соққы беруге рұқсат етілуі керек. Сол кезде
біздің автор немесе басқа біреу өзі лайықты деп санаған құрметпен, сыйлаумен біреуді
бастан немесе беттен қойып қалып көрсін. Соққы мен құрметті үйлестіре білетін адам,
менің түсінуімше, қай жерде болса да, өзінің еңбегі үшін сыпайы, құрметті төмпештеуге
лайық.
Екіншіден. Оның екінші – төмен тұрған адам жоғары тұрған адамды жазалай алмайды
деген қағидасына келер болсақ, бұл, жалпы алғанда, ол жоғары болып тұрған кезде әділ.
Бірақ күшке қарсы күшпен қарсылық жасау соғыс ахуалы деген сөз, бүл ахуал шайқасып
жатқан тараптарды теңестіреді, бұрынғы барлық құрмет көрсету, сыйлау және
артықшылық қатынастарын жояды; олай болса, тек әділетсіз агрессорға қарсыласушы
одан жоғары деген теңсіздік қалады да, бұл жоғарылық мынадан құралады: қарсыласушы
агрессорды жеңсе, бейбітшілікті бұзғаны және содан туындаған барлық жамандықтар
үшін оның қылмыскерді жазалау құқығы болады. Баркли, неғұрлым дәйекті
болғандықтан, басқа бір тұста корольге қарсыласудың қандай да бір жағдайда заңды бола
алатындығын жоққа шығаратыны міне сондықтан. Алайда ол сол тұста корольдің өзін-өзі