Қазақстанның ашық кітапханасы
232. Егер кімде-кім күшті құқықсыз қолданса, - қоғамда заңсыз іс істейтіндердің
әрқайсысы солай етеді, - онда ол кімге қарсы күш қолданса, солармен өзін соғыс ахуалына
қояды; ал мұндай жағдайда барлық бұрынғы дәнекерлер үзіледі, бұрынғы барлық
құқықтардың күші болмайды және әркімнің өзін қорғау және агрессорға қарсыласу
құқығы болады. Мұның айқындығы соншалық, тіпті Барклидің, өкімет пен корольдер
қасиеттілігінің аса ұлы адвокатының өзі кейбір жағдайларда халықтың өз короліне
қарсыласуға заңды құқығы бар екендігін мойындауға мәжбүр; және де бұл құдай заңы
халықтың қандай да бір бүлік жасауына тыйым салатынын көрсетуге тырысатын тарауда
айтылады. Осылайша, тіпті оның өзінің доктринасынан да халық кейбір жағдайларда
қарсылық жасай алатындықтан, онда тақсырға қарсылықтың бәрі бірдей бүлік болып
табылмайтыны анық көрінеді. Оның сөздері мынау: "Quod siquis dicat, Ergone populus
tyrannicae crudelitati et furori jugulum semper praebebit? Ergone multitudo civitates suas fame,
ferro et flamma vastari, seque, conjuges, et liberos fortunae ludibrio et tyranni libidini exponi,
inque omnia vitae pericula omnes-que miserias et molestias a Rege deduci patientur? Num illis
quod omni animantium generi est a natura tributum, denegari debet, ut sc. vim vi repellant,
seseq; ab injuria tueantur? Huic breviter responsum sit, Populo universo non negari defensionem,
quae juris naturalis est, neque ultionem quae praeter naturam est adversus Regem concedi
debere. Quapropter si Rex non in singulares tantum personas aliquot privatum odium exerceat,
sed corpus etiam Reipublicae, cujus ipse caput est, i. e. totum populum, vel insignem aliquam
ejus par-tem immani et intoleranda saevitia seu tyrannide divexet: populo, quidem hoc casu
resistendi ac tuendi se ab injuria potestas competit, sed tuendi se tantum, non enim in principem
invadendi: et restituendae injuriae illatae, non recedendi a devitsa reverentia propter acceptam
injuriam. Praesentem denique impetum propulsandi non vim praeteritam ulciscendi jus habet.
Horum enim alterum a natura est ut vitam scilicet corpusque tueamur. Alterum vero contra
naturam, ut inferior de superiori supplicium sumat. Quod itaque populus malum, antequam
factum sit, impedire potest, ne fiat, id postquam factum est, in Regem authorem sceleris
vindicare non potest: Populus igitur hoc amplius quam privatus quisquam habet: Quod huic, vel
ipsis adversariis judicibus, excepto Buchanano, nullum nisi in patientia remedium superest. Cum
ille si intolerabilis tyrannis est (modicum enim ferre omnino debet) resistere cum reverentia
possit". Barclay contra Monarchom. 1. 3. с 8.
Аудармасында бұл былай болып шығады:
233. "Бірақ әлдекім халық тиранияның қаншеңгелі мен қаһарының алдында үнемі
қорғансыз болуы керек пе деп сұраса ше? Адамдар өз қалаларының тоналып, күлге
айналып жатқанын, олардың әйелдері мен балалары тирандардың нәпсісі мен қаһарының
зардабын тартқанын және өздерін және отбасыларын корольдері тып-типыл тонап,
мұқтаждық пен қанаудың барлық қасіретін тарттырғанда да жайбарақат қалуы керек пе?
Сонда, табиғат өздерін зорлық-зомбылықтан қорғау үшін барлық тіршілік иелеріне еркін
беретін ортақ артықшылық - күшке қарсы күшпен қарсыласу кейбір адамдарда болмауы
керек пе? Жауабым былай: өзін өзі қорғау табиғат заңының бір бөлігі; тіпті корольдің
өзіне қарсы шығу керек болса да, қоғамдастық, ол құқықтан айрыла алмайды; бірақ қалай
болғанда да халыққа корольден кек алуға рұқсат етілмеуі керек; бұл аталған заңға сәйкес
келмейді. Егер король қандай да бір жекелеген адамдарға өшпенділігін көрсетіп қана
қоймай, өзі басшысы болып табылатын бүкіл мемлекетке қарсы шығатын болса, ойына
келгенін істеп, халыққа немесе оның бір бөлігіне қатыгездікпен зорлық-зомбылық жасаса,
мұндай жағдайда халықтың қарсылық көрсетіп, өзін зорлық-зомбылықтан қорғауға
құқығы бар. Бірақ бұл ретте мынадай сақтық қажет – адамдар өз тақсырына шабуыл
жасамай, тек өздерін қорғауы керек; олар өздері шеккен нұқсанның есесін қайтара алады,
бірақ қандай жағдайда да тиісті сыйлау мен құрмет шегінен аспауы керек. Олар осы