Page 51 - ӘЛЕМДІК САЯСАТТАНУ АНТОЛОГИЯСЫ. Д. Локк. БАСҚАРУ ТУРАЛЫ ЕКІ

Basic HTML Version

Қазақстанның ашық кітапханасы
мысалы бола алады. Парасатты адам болған Улисс енжар мойынсұнуды уағыздап,
серіктерін сабырлы бағыныштылыққа шақырғанына, сөйтіп адамзат үшін бейбітшіліктің
қандай маңызы бар екенін түсіндіргеніне және егер олар өздері уысына түскен Полифемге
қарсыласса, қандай қолайсыздықтар туындайтынын көрсетіп отырғанына күмәндануға
болмайды.
229. Басқарудың мақсаты – адамзаттың игілігі; ал адамзат үшін не жақсы – халықтың
ештеңемен шектелмеген тиранияның ырқына әрқашан мойынсұнуы ма, әлде әміршілер өз
билігін пайдалануда шектен шығып кететін және оны өз халқының меншігін сақтауға
емес, жоюға жұмсайтын кездерде анда-санда оларға қарсылық жасау ма?
230.Енді қандай да бір өрекпіген бас немесе беймаза рух басқарудың өзгеруін қалаған
әрбір ретте, бұл жаманшылыққа ұрындыруы мүмкін деп дау айтып көрсін. Рас, ондай
адамдар кез-келген уақытта ашу-ыза қоздыра алуы мүмкін, бірақ мұның бәрі тек олардың
өздерінің әділ өліміне және жойылуына апарып соқтырады. Бақытсыздық баршаға ортақ
болмайынша және әміршілердің қаскөй пиғылдары айқындалмайынша немесе олардың
қастандықтары халықтың көп бөлігіне сезілмейінше, қарсылық білдіріп, әділетті қалпына
келтіруден гөрі зардап шегуге бейім халық ашу-ызаға бой алдырмайды. Жекелеген
әділетсіздік немесе белгілі бір байғұсты қанау мысалдарына халық көтеріле қоймайды.
Бірақ халықта өзінің бостандығына қарсы астыртын қастандықтар жүзеге асырылып
жатқандығы туралы нақты анық дәлелдерге негізделген сенім болса және оқиғалардың
жалпы барысы мен олардың бағыты халықта өз әміршілерінің жаман пиғылдары күшті
күдік тудырмай тұра алмаса, бұл үшін кімді жазғыру керек? Егер соның жолын кесуге
шамасы келетіндердің өздері осындай күдік тудыратын болса, онда кім көмек бере алады?
Халықта парасатты тіршілік иелерінің ақылы болып, заттарды қалай көрсе солай түсінігі,
сезіне алатын болса, сол үшін оны айыптауға бола ма? Сол нәрселерді сондай күйге
жеткізіп, олар сондай күйде екен деп ойлауын қалайтындардың кінәсі емес пе? Мен жеке
адамдардың кеудемсоқтығы, атаққұмарлығы мен түзетпелігі кей-кейде мемлекетте зор
тәртіпсіздіктер тудырғанын, ал ұрандардың қоғамдық жағдай мен корольдік үшін апатты
болғанын мойындаймын. Бірақ бақытсыздықтың себебі ненің жиірек болғандығын -
халықтың есерлігі және оны билеушілерінің заңды билігін құлатуды қалауы ма әлде
басқарушылардың арсыздықтары мен олардың қолға түсіріп алып, өз халқына деспоттық
билік жүргізуге тырысуы ма, тәртіпсіздіктерге жетелеген бірінші себеп қанау ма әлде
бағынбаушылық па – мұны анықтауды мен бейтарап тарихтың еншісіне қалдырамын.
Алайда мен бір мәселеге сенемін: мейлі ол әмірші немесе бодан болсын, бірақ ол
тақсырдың немесе халықтың құқықтарына күшпен қастандық жасағысы келсе және оның
әрекеттері кез-келген әділ басқару жүйесі мен құрылымын құлатуға жетелейтін болса,
онда ол адам қабілеті жететін қылмыстардың ең сұмдығын жасағаны үшін жазықты және
басқару жүйесінің қирауы салдарынан елде болған барлық бақытсыздықтар үшін, төгілген
қан, зорлық-зомбылық пен қайыршылық үшін жауап беруге тиіс. Осылай жасаған адам
адамзаттың ортақ жауы және індеті деп орынды саналуы керек және ол тиісінше жазасын
алуға тиіс.
231. Егер бодандар немесе шетелдіктер қандай да бір халықтың меншігіне күшпен қол
сұқса, оларға күшпен қарсы тұруға болады – мұнымен жұрттың бәрі келіседі. Бірақ, егер
мансап нелері тап соны жасаса, оларға да қарсылық жасауға болатыны – күні кеше ғана
жоққа шығарылатын; бейне бір заң бойынша аса зор артықшылықтары мен
басымдықтары бар адамдар осынысы арқылы өз ағайындарына қарағанда жақсы жерлерге
соның негізінде отырғызылған заңдарды бұзуға хақылы болатын секілді; керісінше,
олардың қылмыстары зорырақ, өйткені, олар заң бойынша алған көбірек үлесі үшін
ризашылығын білдірген жоқ және өздеріне бауырлары көрсеткен сенімді ақтамады.