Қазақстанның ашық кітапханасы
заңдарына негізделетін билікке қарсылық; соларды күшпен бұзатындар және онысын
күшпен ақтайтындар – олар кім болса да – шынайы және нағыз бүлікшілер болып
табылады. Адамдар қоғамға кіріп, азаматтық басқару құрған кезде, олар меншікті,
тыныштықты және өздерінің арасындағы бірлікті сақтау үшін күш қолдануды аластап,
заңдарды енгізді ғой; ал заңдарға кереғар қайтадан күш қолданатындар rebellare, яғни
қайтадан соғыс ахуалын жасайды және нағыз бүлікшілер болып табылады. Бәрінен
ықтималы, мұны билік басындағылар (бедел алу үшін, өз қолдарындағы күшті қолдану
үшін, сондай-ақ маңындағылардың жарамсақтығынан) жасайды; бұл сұмдыққа кедергі
жасаудың ең қолайлы амалы - солай жасауға көңілі ауғандарға мұның қауіптілігі мен
әділетсіздігін көрсету.
227. Жоғарыда аталған екі жағдайда да – не заң шығарушы орган өзгертілетін, не заң
шығарушылар өздеріне жүктелген мақсаттарға кереғар әрекет жасайтын кезде - оларға
жазықты болғандар бүліктің шығуына жазықты. Кімде-кім қандай да бір қоғамда
орнатылған заң шығарушы органды және осы орган өзіне көрсетілген сенімге сәйкес
шығарған заңдарды күшпен жойғанда, ол сонысымен барлық дауларды бейбіт жолмен
шешу үшін әркім келіскен және адамдардың арасында соғыс ахуалы туындауына кедергі
болуға тиіс аралық сотты да жояды. Заң шығарушы органды жоятын немесе
алмастыратын адамдар халықтың тағайындауынсыз және оның келісімінсіз ешкім не бола
алмайтын шешуші күшті жояды, және сол арқылы халық құрған, одан басқа ешкім құра
алмайтын билікті жояды да, халық рұқсат етпеген билікті енгізеді; мұндай адамдар іс
жүзінде соғыс ахуалын жасайды, бүл ешкім мақұлдамаған қара күш билеп-төстейтін
ахуал; осылайша, қоғам құрған заң шығарушы органды (шешімдерін халық мақұлдаған
және халықты біріктірген, оларды халық өзінің ықтияры деп білетін) аластап, олар түйінді
шешеді де, халықты қайтадан соғыс ахуалына ұрындырады. Егер заң шығарушы органды
күшпен жоятындар бүлікшілер болып табылса, онда заң шығарушылардың өздерін де,
көрсетіп өткеніміздей, солай деп санамауға болмайды: халықты, оның бостандығы мен
меншігін қорғау, оның тыныштығын күзету үшін қойылғандар оларды күш қолданып,
тартып алуға тырысса, олар осынысымен өздерін бейбіт өмірдің қорғаушылары және
күзетшілері етіп қойғандармен соғыс ахуалына қояды – бұл жағдайда олар шын мәнінде
және, қылмысты барынша ауырлататын жағдайдағы rebellates, яғни - бүлікшілер.
228. Бірақ, "бұл көтеріліс жасауға негіз береді" дейтіндер мұнысымен егер халыққа, оның
бостандығына немесе меншігіне заңсыз қастандықтар жасалған кезде сен бағынудан
азатсың және сенің мансап нелерің болғандар өздеріне көрсетілген сенімді ақтамай, сенің
меншігіңе қастандық жасаса, сен олардың тарапынан жасалған заңсыз зорлық-
зомбылыққа қарсылық жасай аласың десе, азаматтық соғыстар немесе ішкі тәртіпсіздіктер
туындауы мүмкін, сондықтан мұндай доктринаға жол беруге болмайды, өйткені ол бүкіл
дүние жүзіндегі бейбітшілікке қатер болады дегісі келсе, онда бұл адамдар тап сондай
табыспен, тап сондай негізде: адал адамдар тонаушыларға немесе қарақшыларға қарсылық
жасай алмайды, өйткені бұл қантөгіске соқтырады дей алады. Егер мұндай жағдайларда
қандай да бір жамандық жасала қалса да, онда бұған өзінің құқығын қорғаушыны емес, өз
бауырының құқығына қастандық жасаушыны айыптау керек. Егер жазықсыз, адал адам
бейбітшіліктің сақталуы үшін қолында бардың бәрін, оны зорлық-зомбылықпен тартып
алуды қалайтындарға ләм-мим демей бере салуы керек болса, онда мен тек зорлық-
зомбылық пен тонаудан ғана тұратын және қарақшылар мен қанаушылардың пайдасы
үшін ғана сақталатын әлемдегі бейбітшіліктің қандай болмағын елестетуді ұсынар едім.
Қозы өзінің тамағын азулы қасқырдың осып жіберуіне еш қарсылықсыз жол беретін
болса, құдіреттілер мен әлсіздердің арасында тамаша бейбіт қатынас орнады деп кім айта
алар? Улисс пен оның серіктері өздерін біртіндеп жей беруге жол бергеннен басқа амалы
қалмайтын Полифем үңгірі бізге мұндай бейбітшілік пен мұндай басқарудың тамаша