Page 48 - ӘЛЕМДІК САЯСАТТАНУ АНТОЛОГИЯСЫ. Д. Локк. БАСҚАРУ ТУРАЛЫ ЕКІ

Basic HTML Version

Қазақстанның ашық кітапханасы
222. Адамдардың қоғамға кіруіне себеп - олардың меншігінің сақталуы; және олар заң
шығарушы органды сайлап, өкілеттік бергендегі мақсат – қоғамның әрбір бөлігінің және
әрбір мүшесінің билігі шектеліп, үстемдігі тежелу үшін қоғамның барлық мүшелерінің
меншігіне кепілдік және оны күзету ретінде заңдар шығарылып, ережелердің белгіленуі.
Өйткені қоғамның еркі әркім қоғамға кіргенде қамтамасыз етуге тырысқан нәрсені, сол
үшін де адамдар өздері қойған заң шығарушыларға багына бастағанда заң шығарушы
органда соны жою билігі болсын деп ұйғарғанда деп санауға ешбір болмайды той; заң
шығарушылар халықтың меншігін тартып алуға және жойып жіберуге тырысқан немесе
оны деспоттық биліктің құлдығына салғысы келген кезде, олар өздерін халықпен соғыс
ахуалына қояды, соның салдарынан халық одан әрі қандай да бір бағыну міндетінен
босанады да, құдай күш пен зорлық-зомбылыққа қарсы барлық адамдар үшін көздеген
ортақ сауғаға жүгінуге бостан болады. Демек, заң шығарушы орган қоғамның осы негізгі
принципін аттап өтіп, атаққұмарлық, қорқыныш, есуастық немесе паралау арқылы
халықтың өміріне, бостандығына және мүлкіне абсолютті билікті өзінің қолына түсіруге
немесе басқа біреудің қолына беруге тырысқан жағдайда, сенімді осылай ақтамағаны үшін
ол, халық мүлде қарама-қарсы мақсатпен оның қолына берген биліктен айырылады да, ал
билік халыққа қайта оралады, ал халықтың өзінің бастапқы бостандығын қалпына келтіру
және жаңа заң шығарушы орган (ол орынды деп санаған түрін) құру арқылы өзінің
қауіпсіздігі мен қорғалуын қамтамасыз ету құқығы бар, бүл адамдардың қоғамда
болуының мақсаты. Мен бүл жерде заң шығарушы өкімет жөнінде жалпы айтқан нәрсе
сондай-ақ атқарушы биліктің басшысы жөнінде де әділетті, ол заң шығарушы органның
қатысушысы ретінде және заңның жоғарғы орындаушысы ретінде бірдей сенімге не бола
отырып, өзінің деспоттық ырқын қоғамның заңы ретінде таңуға тырысқан кезде, екеуін де
бұзып қимылдайды. Не қоғамның күшін, қазынаны және мансаптарды өкілдерді сатып алу
үшін және олардың өз пиғылын қолдауы үшін пайдалануға тырысқан, не сайламшыларды
ашықтан-ашық өзінің жағына тартып, оларға өзі үгіттеу, қорқыту, уәде немесе өзге қандай
да бір тәсілдермен оз жақтастарына айналдырғандарды сайлауды нұсқаған, және өздеріне
қалай айтылса, солай дауыс беріп, заң шығаруға алдын ала уәде бергендерді сайлау үшін
сайламшыларды пайдаланған кезде де ол өзіне көрсетілген сенімді бұза отырып
қимылдайды. Бірақ кандидаттар мен сайламшыларды іріктеп алып, сайлау тәсілін өзгерту
басқару тұрпатын түп-тамырынан қию және қоғамдық қауіпсіздіктің қайнар көзінің өзін
улау емес пе? Өйткені халық өз өкілдерін өз меншігінің қорғаны секілді таңдау құқығын
өзінде сақтап қалғанда, мұны осынау өкілдер әрқашанда еркін сайлануынан және
сайланғаннан кейін, өздерінің ойынша, мемлекет үшін қажеттілік пен қоғамдық игілік
талап ететіндей мәселе қаралып, байыпты талқыланған соң еркін қарекет жасап, кеңес
беретін болуынан басқа қандай да бір өзге мақсатта жасай алмайды ғой. Ал талқылауды
тыңдағанға және дәлелдерді жан-жақты таразылағанға дейін өз дауысын беріп қоятындар
бұлай істей алмайды. Осындай заң шығарушы органды даярлап, атқарушы билік
басшысының төл ырқын жүзеге асырушыларды халықтың шын өкілдері және қоғамның
заң шығарушылары ретінде көрсетуге тырысу әрекеті білдірілген сенімді соншалық дөрекі
бұзу және үкіметті құлату жөніндегі өз пиғылын соншалық толық мәлімдеу екендігі
сөзсіз. Егер де бұған тап осы мақсат үшін қолданылатын марапаттар мен жазаларды және
осы пиғылын жүзеге асыру жолында тұрған және өз отанының бостандығын сатып кетуге
қатысушы болғысы келмегендерді аластап, көзін жою үшін заңды түрліше қате
тәпсірлеуді қосар болсақ, онда не болып жатқаны туралы ешқандай күмән қалмайды.
Өздерінің мансаптары енгізілгеннен бастап оған байланысты болатын сенімді бұза
отырып билікті қолданатындардың қоғамда қандай билігі болуы керек екендігін айқындау
оп-оңай; бір рет осындай тірлік жасағысы келген адамның екінші рет сенімге не бола
алмайтынын көрмеу мүмкін емес.