Page 47 - ӘЛЕМДІК САЯСАТТАНУ АНТОЛОГИЯСЫ. Д. Локк. БАСҚАРУ ТУРАЛЫ ЕКІ

Basic HTML Version

Қазақстанның ашық кітапханасы
келген жарлығына бұл рұқсатты беру үшін тақсырдың келісімі қажет болады. Алайда заң
шығарушы органның басқа бөліктері басқару тұрпатына кез-келген қастандыққа қандай да
бір түрде жәрдемдессе немесе ондай пиғылдардың жүзеге асырылуына кедергі жасамаса
(өздерінің қолынан келгенінше), олар жазықты және соған қатысушы болып шығады, ал
мұның өзі адамдар бір-бірі жөнінде жазықты бола алатын аса сұмдық қылмыс екендігі
даусыз.
219. Басқарудың мұндай жүйесінің тоз-тозы шығуы мүмкін тағы бір жол бар, ол атап
айтқанда, жоғарғы атқарушылық билігі бар адам өзінің міндеттерін елемейтін, сөйтіп
оларды орындамайтын, сондықтан шығарылған заңдардың өзі күшіне енгізіле алмайтын
жол. Бұл сөзсіз анархияға, сайып келгенде басқару жүйесінің ыдырауына жетелейді.
Өйткені заңдар тек заң аталу үшін емес, орындалу үшін, сонысымен саяси дененің барлық
бөліктерін тиісті орындарда ұстап, тиісінше жұмыс істеуі үшін қоғамды байланыстыратын
дәнекер болып кызмет етуге шығарылады; бұл толығымен тоқталған кезде, басқарудың да
тоқтатылатыны айқын, сөйтіп халық қандай да бір тәртіп пен байланыстан айырылған іру-
тіру бұқараға айналады. Адамдардың құқықтарын қамтамасыз ету үшін енді әділ сот
жүргізілмейтін және қоғамда оның күшін бағыттап отыратын немесе халықтың мұқтажын
өтейтін қандай да бір өкімет қалмаған жерде, сөз жоқ үкімет те қалмайды. Заңдар
орындалмайтын болса, онда бүл заңдар болмағанмен бірдей; ал заңдарсыз басқару, менің
ойымша, саясаттағы адамның миына қонбайтын және адам қоғамымен сыйыспайтын
құпия.
220. Басқару тоз-тоз болған осынау және басқа да жағдайларда халық бұрынғыдан не
құрамымен, не пошымымен немесе халық өзінің қауіпсіздігі мен игілігіне неғұрлым
сәйкес келеді деп санаса, осының екеуімен де өзгешеленетін жаңа заң шығарушы орган
құрып, өз қамын өзі жеуге ерікті. Өйткені қоғам қандай да бір адамның қатесінің
салдарынан өзін-өзі сақтау жөніндегі өзінде бар табиғи және бастапқы құқығын ешқашан
жоғалта алмайды, ал өзін-өзі сақтауға орнатылған заң шығарушы органның және ол
шығарған заңдардың әділ де адал орындалуының арқасында ғана қол жетеді. Алайда
адамзат бұл құралды қандай да бір ешқандай құралға жүгіну тым кеш болатындай сәтке
дейін қолданбай отыра беретіндей соншалық бейшара ахуалда емес. Халыққа қанаудың,
қулықтың немесе шетелдік державаның билігіне берудің нәтижесінде оның бұрынғы заң
шығарушы органы жойылғанда ол өз қамын өзі жей алады деу – оған тек тым кеш және
зұлымдықты емдеп жазу мүмкін емес кезде көмек күте алатынын айту деген сөз. Іс
жүзінде бұл әуелгі адамдардың құлдыққа түсуіне жол беру, содан кейін ғана, олардың
бостандықтары туралы қам жей бастау, олар бұғауланып болғанда барып, оларға бостан
адам секілді қимылдай аласыңдар деу болып шығады. Бірақ бұл тек солай болса, онда бұл
көмек емес, мазақ қана; егер адамдар да тиранияның билігіне толығымен тап болмай
тұрып, одан сытылып кетудің амалы жоқ болса, онда ешқашан одан қауіпсіздікте бола
алмайды; осыдан барып, олардың тираниядан арылуға ғана емес, оған жол бермеуге де
құқықтары бар екендігі шығады.
221. Демек, екіншіден, басқару жүйесінің тоз-тозы шығуының тағы бір жолы бар, атап
айтқанда, заң шығарушы орган немесе тақсыр, солардың біреуі өзіне көрсетілген сенімге
кереғар қарекет жасағанда солай болмақ.
Біріншіден, заң шығарушы орган бодандарының меншігіне қол сұғуға, сөйтіп өзі немесе
қоғамдастықтың әлдене бір бөлігін халық өмірінің, бостандығының немесе мүлкінің
қожайыны немесе шектеусіз әміршісі етуге тырысқанда өзіне көрсетілген сенімге кереғар
қимылдайды.