Қазақстанның ашық кітапханасы
қандай да бір басқа қоғамда өз қамын өзі жеу, өзінің қауіпсіздігін өзі қалағанындай
қамтамасыз ету бостандығын алады. Қандай да бір қоғам ыдыраған кезде, ол қоғамның
басқару жүйесі қалуы мүмкін емес екендігі даусыз. Жаулап алушылардың семсерлері
басқару жүйелерін тамырынан қиып, қоғамды мүшелеп жіберетін, сөйтіп жеңілген немесе
шашырап кеткен бұқараны зорлық-зомбылықтан сақтауға тиіс болған қоғамның қорғауы
мен қолдауынан айыратын жайлар аз емес. Дүние бұл туралы өте жақсы біледі және
басқару жүйесінің ыдырауының мұндай тәсіліне жол беруге тым білімді болып табылады,
сондықтан бүл туралы тағы да айтып жатудың қажеттігі жоқ және қоғам ыдыраған кезде
басқару жүйесі тіршілік етуін жалғастыра алмайтынын дәлелдеу үшін тым көп уәж талап
етілмейді; бұл үйдің қабырғалары жасалған материалдар дауылдан быт-шыты шығып,
жайрап қалғанда немесе жер сілкінісі қоқыс үйіндісіне айналдырған кезде үйдің дін аман
қалуы қалай мүмкін емес болса, тап солай мүмкін болмайтын нәрсе.
212. Сырттан жасалатын осындай құлатудан тыс басқару жүйелері іштегі күштердің
ықпалымен де ыдырайды.
Біріншіден, заң шығарушы орган өзгерген кезде. Азаматтық қоғам дегеніміз оны
құрайтындардың арасындағы бейбітшілік ахуалы және олардың арасында соғыс ахуалына
аралық сот арқасында жол берілмейді, олар бұл сотты өздерінің арасында туындауы
мүмкін барлық алауыздықтарды тоқтату үшін өзінің заң шығарушы органы түрінде
құрған; мемлекеттің мүшелері нақ өздерінің заң шығарушы органында өзара байланысты
біртүтас жанды дене болып біріккен. Бұл мемлекетке пошым, өмір мен бірлік беретін жан
осының арқасында жекелеген мүшелер өзара ықпалды, ұнатуды және байланысты
пайдаланады; міне сондықтан заң шығарушы орган талқандалғанда немесе таратылып
жібергенде, ыдырау мен ажал жетеді. Егер қоғамның мәнісі мен бірлігі бір ырыққа не
болуда десек, бір кездері көпшілік құрған заң шығарушы орган осы ырықты жария етіп,
жүзеге асыру құқығына не болады. Заң шығарушы органды жасау қоғамның бірінші және
негізгі актысы болып табылады, соның арқасында белгілі бір адамдардың басшылығы
және халықтың келісімімен, соның тағайындауы бойынша өкілеттік берілген адамдар
жасаған заңдардан туындайтын шектеулер тұсында адамдар одағын жалғастыру
қамтамасыз етіледі, онсыз бірде-бір адамда, олардың арасындағы адамдардың ешқандай
санында басқалар үшін міндетті заңдар жасау билігі болмайды. Бір немесе бірнеше адам
халықтан алған өкілеттігі болмай заң жасауға кірісетін болса, олар жасаған заңдардың
күші болмайды және халық оған бағынуға міндетті болмайды; осының арқасында адамдар
тағы да қандай да бір бағынудан тыс қалып, өздері жақсы деп санайтын жаңа заң шығару
органын құра алады және құқығы болмай тұрып, оларды әлденеге мәжбүрлегісі
келетіндердің тарапынан күш қолдануға қарсыласуға мүлдем ерікті. Қоғамның өкілеттік
беруі бойынша оның еркін жария етуге тиіс адамдар мұндай мүмкіндіктен айрылып,
олардың орнын олай етуге құқығы да, өкілеттігі де жоқ басқалар басып алған жағдайда,
әркім өз қалауынша қимылдауға ерікті.
213. Мұндай жағдай, әдетте мемлекетте қолына берілген билікті теріс, асыра
пайдаланатындардың кесірінен туындайды; мұндайда осы жағдай орын алатын басқару
пошымын білмей тұрып нені әділетсіз деп санау және кінә кімде екендігін білу қиын. Заң
шығарушы өкімет бірден әртүрлі үш адамның қолында деп есептелік:
1. Бір мұрагер кісі – тұрақты жоғарғы атқарушы билікке не және сонымен бірге онда
өкіметтің басқа екі органын белгілі бір уақыт өткенде шақыру және тарату билігі бар.
2. Мұрагер дворяндық жиналысы.