Қазақстанның ашық кітапханасы
ахуалына қойғанда өзіне өз өмірінен айрылу қатерін төндіретіндігінің салдары ғана болып
табылады. Өйткені ол құдай берген парасаттан айрылады, оны құдай адам мен адамның
арасындағы заң болуы үшін, адамзат баласы бір серіктестікке, бір қоғамға біріккендегі
ортақ байланыс болуы үшін берген той; парасат үйрететін бейбіт тұрмыс салтынан бас
тартып, құқығы болмаса да басқаға өзінің әділетсіз талаптарын күштеп таңу үшін әскери
күш қолданып, сөйтіп өзінің шыққан тегінен бас тартып, хайуандар деңгейіне дейін
төмендеп, оларға тән күшті заң мен құқық етіп, ол өзін-өзі зардап шеккен адам мен әділ
сотты жүзеге асыру үшін соларға қосылатын адамзаттың қалған бөлігі оны адамзаттың
қоғамда өмір сүруіне және қауіпсіздікті пайдалануына мүмкіндік бермейтін кез-келген
жабайы аң немесе кез-келген зиянды хайуан ретінде жойып жіберуге хақылы болатын
жағдайға қояды. Осылайша, әділ де заңды соғыста, тек қана сондай соғыста алынған
тұтқындар деспоттық билікке бағынады ал бұл билік, шарттан туындамайтындықтан және
оған мүлде жол бермейтіндіктен, небәрі соғыс ахуалының жалғасы ғана. Өз өміріне билік
ете алмайтын адаммен қандай шарт жасасуға болады? Ол қандай шартты орындай алмақ?
Ал егер оған тым болмаса бір рет өз өміріне билік жасауға рұқсат етілсе, онда оның
қожайынының деспоттық және шексіз билігі тоқтатылады. Өзіне өзі және өзінің өміріне
қожайын адамның оны сақтау құралдарына да құқығы болады; осылайша, шарт жасалған
сәттен бастап құлдық тоқтатылады, және өзінің тұтқынымен шарттық қатынасқа түсетін
адам, осынысымен өзінің абсолютті билігінен бас тартады және соғыс ахуалын тоқтатады.
173. Табиғат осы билік түрлерінің біріншісін, яғни, әке билігін балаларының нәресте
кезіндегі игілігі үшін, олар өзі меншігін түсіну және (меншік деп мен, басқа жерлерде де,
адамдардың өз-өзіне де, сондай-ақ өз мүлкіне де не болатынын айтамын) жұмсау
қабілетінің жетіспейтіндігінің орнын толтыру үшін ата-аналарға береді. Ерікті келісім
билеушілерге биліктің екінші түрін, яғни, саяси билікті береді, бұл билік бодандардың
игілігі үшін, олардың өз меншігін иеленуін және пайдалануын қамтамасыз ету үшін
беріледі. Ал өз өмірімен құн төлеу қаупі мырзаларға олардың игілігі үшін биліктің үшінші
түрін, бүкіл меншігінен жұрдай болғандардан үстем тұратын деспоттық билікті береді.
174. Биліктің осы түрлерінің әрқилы шығу тегі мен мөлшерін және әрқилы мақсаттарын
қарастырған адам, әке билігі мансап иесінің билігінен қаншалықты кем екендігін,
деспоттық билік одан қаншалықты асып түсетінін, абсолютті билік, ол кімнің қолында
болса да, азаматтық қоғам түрі болудан қаншалықты шалғай екенін көре алады; құлдық
меншікпен қаншалықты сиыспайтын болса, ол билік азаматтық қоғаммен соншалықты
сыйыспайды. Әке билігі нәрестелік ахуал баланы өз меншігіне билік жасауға қабілетсіз
ететін жерде; саяси билік - адамдардың қолында меншік болған жерде болады; ал
деспоттық билік — мүлдем ешқандай меншігі жоқ адамдарға таралады. [...]
ХІХ тарау
Басқару жүйесінің ыдырауы туралы
211. Басқару жүйесінің ыдырауы туралы неғұрлым айқын айтқысы келетін адам әуелі
қоғамның ыдырауы мен басқару жүйесінің ыдырауы арасында айырмашылық жүргізуге
тиіс. Қоғамдастық құрып, адамдарды бөлек-бөлек жаратылыстық ахуалдан бір саяси
қоғамға ұйыстыратын нәрсе – келісім, оны әркім қалған барлығымен бірігіп, бүтін ретінде
бой көрсету, осылайша ерекше біртүтас мемлекет болу үшін жасайды. Осынау одақтың
ыдырауына әдеттегі және бірден-бір себеп – оны жаулап алатын жатжерлік әскерлердің
басып кіруі. Өйткені бұл жағдайда (адамдар өздерін бүтін де тәуелсіз бір организм ретінде
ұстап, сақтай алатын болмағандықтан) өздері құраған бүтін жөніндегі адамдардың одағы
міндетті түрде тоқтатылуға тиіс, осылайша әркім өзі бұрын болған ахуалға оралады да,