Қазақстанның ашық кітапханасы
араластырып жіберуден туындағандықтан, бәлкім, оларды осы арада бірлесетіре
қарастыру артық болмас.
170. Сонымен, біріншіден, аталып немесе ата-аналық билік дегеніміз өз балаларына
әкелер жүргізетін биліктен өзге ештеңе де емес, бұл билік бойынша олар, балаларының
өздерінің игілігі үшін, олар өздерінің парасатын пайдалануды үйренгенге дейін немесе
олар өздері басшылыққа алуға тиіс заңдарды, (ол табиғат заңы болсын немесе олардың
отанының муниципиялық заңы болсын) түсінетін ахуалға жетті деп санауға болатын
дәрежеге дейін – мен сол заңның аясында еркін өмір сүретін басқа адамдар секілді танып-
білетін ахуалға деймін – оларды басқарып отырады. Құдай ата-ананың жүрегіне құйған оз
балаларына бауыр басушылық пен мейірімділік бұл басқарудың қатал да деспоттық
болмауға тиістігін айдан анық етеді, қайта ол тек көмек көрсетуге, оқытуға және олардың
ұрпақтарын сақтауға бағытталуы тиіс. Бірақ қалай болған күнде, мен дәлелдеп
көрсеткендей, бір кезде ол басқару балалардың өмірі мен өлімі туралы мәселені шешуге
келгенде, қандай да бір басқа біреу жөніндегі шешімнен артық таралады деп санауға
ешқандай негіз жоқ; тап сол сияқты ата-анасы баланы ол ересек адамға айналғанда да ата-
ана билігі өздерінің еркіне бағынышта ұстайды деуге де ешқандай ілік жоқ, әрине, бұған
өзін өмірге әкеліп, білім берген соң әкесін де, шешесін де өмір бойы құрметтеп, сыйлап,
ризашылық сезімін білдіруге және көмек көрсетіп, сүйеу болуға міндетті екендігі
жатпайды. Осылайша, ата-ана басқаруы табиғи басқару екендігі анық, бірақ ол саяси
басқарудың мақсаттары мен құзырына таралмайды. Әке билігінің күші балаларының
өздері ғана билік ете алатын меншігіне мүлдем таралмайды.
171. Екіншіден, саяси билік дегеніміз – әрбір адамда жаратылыстық ахуалда өзіне тиесілі
болған билікті қоғамның қолына, сол арқылы билеушілерге берген билік, ол билеушілерді
қоғам бүл билік қоғам мүшелерінің игілігіне және олардың меншіктерінің сақталуына
пайдаланылады деген сенімін ауызша немесе үнсіз білдіріп өзінің үстінен қойған. Демек,
жаратылыстық ахуалда әрбір адамда болған және қоғам оны күзете алатын жағдайлардың
барлығында қоғамға берген осынау билік оның меншігін қорғау үшін өзі жақсы деп
білетін және табиғат жол беретін құралдарды қолдануға, сондай-ақ басқалардың табиғат
заңын бұзуын оның және қалған адамзаттың сақталуына жәрдемдесетіндей дәрежеде (өзі
қаншалықты төрелік ете алатын деңгейде) жазалауға тиіс. Осылайша, бұл биліктің,
жаратылыстық ахуалда әрбір адамның қолында болатын осынау биліктің мақсаты мен
өлшемі өзінің қоғамына жататындарды, яғни тұтас алғанда бүкіл адамзатты қорғау болып
табылады, осының пәрменімен мансап иесінің қолындағы бүл биліктің осы қоғамның
мүшелерін сақтаудан, яғни олардың өмірін, бостандығы мен мүлкін сақтаудан өзге
мақсаты мен өзге өлшемі болуы мүмкін емес. Демек, бұл билік олардың мүмкіндігінше
сақталуға тиіс өмірі мен байлығына таралатын деспоттық және абсолютті бола алмайды;
керісінше, бұл заңдар жасайтын және оларды бұзғандығы үшін тиісінше жазаларды
көздейтін билік болуға, ол жазалар бұзылып кеткендігі соншалық, бүтін де сап-сау тәнге
қатер төндіретін, тек қана сондай бөліктерді кесіп тастай отырып, бүтінді сақтауға
жәрдемдесетін болуға тиіс; мұнсыз ешқандай қаталдық заңды болып табылмайды. Және
де осынау билік қоғамдастықты құратындар жасаған шарт пен келісімнен және олардың
өзара келісуінен туындайды.
172. Үшіншіден, деспоттық билік дегеніміз абсолютті, шектелмеген билік, ондай билік
тұсында бір адам ойына келген уақытта екінші адамның өмірін қиып жібере алатын
мүмкіндікке не болады. Бұл табиғат бермейтін билік, өйткені ол бір адам мен екінші адам
арасында мұндай айырма жасамаған; мұндай билікті шарт та бере алмайды; адам өзінің
өмірі жөнінде мұншалық шектелмеген билікке ие болмағандықтан, ол өз өмірі жөнінде
басқа адамға да соншалық билік бере алмайды; бұл билік агрессор өзін басқамен соғыс