Қазақстанның ашық кітапханасы
жарияланбауына қол жеткізгенге дейін жиі-жиі дау туғызып, кейде қоғамдық
тәртіпсіздіктер де туындататын, өйткені, қоғамда әлдекімнің халыққа зиян тигізу
құқығына ие болуы мүмкін емес нәрсе, дегенмен халықтың қоғамдық игілік шекарасынан
өздері де аттап өтпеген корольдердің немесе билеушілердің айрықша құқықтарының
шегін белгілеуге ұмтылмауы әбден мүмкін де есті тірлік болатын. Өйткені айрықша құқық
дегеніміз қоғамдық игіліктерді заңнан тыс жасау құқығынан басқа ештеңе де емес.
167. Англияда парламентті шақыру құқығы, уақытына, орны мен мерзіміне қатысты, еш
күмәнсіз корольдің айрықша құқығы болып табылады, бірақ ол халық игілігіне уақыт пен
жағдай талап ететіндей пайдаланылу шартымен ғапа. Өйткені парламенттің қай жерде,
қай уақытта жиналғаны жақсырақ екендігінің алдын ала көзделуі мүмкін емес қой,
сондықтан бұл жерде таңдау атқарушы билікке беріледі, бұл қоғам игілігіне барынша
жақсы жәрдемдесу және парламенттің мақсаттарына сәйкес келу үшін жасалады.
168. Айрықша құқыққа қатысты: "Сонда осы биліктің қолданылуының дұрыстығын
айқындайтын қазы кім болмақ" деген ескі сұрақ қойылатын болады. Жауабым мынадай:
осындай айрықша құқығы бар атқарушы өкімет пен оған шақырылу жағынан тәуелді заң
шығарушы орган арасында жер бетінде қазы болуы мүмкін емес; дәл сол секілді егер
атқарушы яки заң шығарушы орган билікті өз қолына алып, халықты құлдыққа салғысы
немесе жойып жібермек болса, яки соны жүзеге асыра бастаса, заң шығарушы өкімет пен
халықтың арасында қазы болуы мүмкін емес. Халықта бұған қарсы ол үшін жер бетінде
қазы жоқ барлық өзге жағдайлар секілді, көкке жүгінуден басқа ешқандай амал жоқ.
Өйткені билеушілер, осының бәрін жасауға тырысқан кезде, халық ешқашан олардың
қолына бермеген билікті пайдаланады (әлдекімнің өзіне зияны тиетіндей етіп басқаруына
халық келіседі деп санауға болмайды ғой), демек, құқығы жоқ нәрсені жасайды. Ал
адамдардың бір тобы немесе әлдебір жеке адам өзінің құқығынан айырылып немесе
биліктің қысымымен құқықсыз қалса және олардың жер бетінде жүгінетін жері болмаса,
онда олар, егер ілік орынды деп санаса, көкке қол жаюға ерікті. Демек, сол қоғамның
конституциясы бойынша халық бұл жағдайда пәрменді үкім белгілеп, шығаратын
жоғарғы билігі бар қазы бола алмаса да, дегенмен ол адамдардың барлық оң заңдарының
ізашары және үстемі болатын заң бойынша, жер бетінде жүгінетін ешкім жоқ
жағдайларда, бүкіл адамзат ие болатын түпкілікті анықтау құқығын, яғни өзінде көкке
жүгіну үшін жеткілікті ілік бар-жоқтығын таразылау құқығын сақтап қалады. Және
мұндай таразылаудан халық айырыла алмайды, өйткені басқа біреудің өзін жойып
жіберуіне бостандық берерліктей деңгейде өзгеге бағыну адам дәрменінен тыс нәрсе;
құдай мен табиғат адамның өзін-өзі сақтауға мән бермейтіндей деңгейде алжасуына
ешқашан рұқсат бермеген, және ол өзін-өзі өлтіре алмайтындықтан, басқаға да мұндай
құқықты бере алмайды. Осы арқылы мәңгілік тәртіпсіздіктерге негіз қаланады деп ешкім
де ойламасын: қолайсыздықтың шектен шығып кететіндігі соншалық, оны көпшілік
сезініп, ауырсынатын деңгейге жетіп, сол көпшілік бұл жағдайды түзету қажет деп
санағанша ол күшіне енбейді ғой. Бірақ атқарушы өкіметтің немесе кемеңгер
тақсырлардың бұл қауіпке ешқашан жол беруінің қажеті жоқ, олар бәрінен бұрын нақ
осыдан қашуы керек, және ол барлық басқа қауіптердің ішіндегі ең тажалдысы.
XV тарау
Бірге қарастырылатын аталық, саяси және деспоттық өкімет туралы
169. Менің бұлар туралы жеке-жеке айтқаным бар, бірақ таяудағы өткеннің басқару
жөніндегі аса зор қателіктері, менің ойымша, өкіметтің осынау әрқилы түрлерін