Қазақстанның ашық кітапханасы
қастандық тек қоғам игілігіне нұқсан келтіретін немесе оған кедергі жасайтын нәрсе. Ал
басқаша айтатындар, егер тақсырдың қоғамдастық игілігіне ешқандай қатысы жоқ жеке
мүдделері болатын және өзі сол үшін жасалмаған секілді ойлайды; ал мұның өзі
монархиялық басқаруда орын алатын барлық қасіреттер мен тәртіпсіздіктердің тамыры
мен қайнар көзі.шынында да, егер солай болса, мұндай тақсырдың қоластындағы халық
өзара игілік үшін біріккен парасатты тіршілік иелерінің қоғамы болып табылмайды;
демек, осы игілікті қорғап, оған жәрдемдесу үшін өздерінің үстінен қарайтын
билеушілерді олардың өздері қоймаған; керісінше, оларды өзінің қызығы немесе пайдасы
үшін асырап, билеп-төстейтін қожайынның қол астындағы төмен тіршілік иелерінің
табыны деп қараған жөн. Егер адамдар мұндай талаптармен қоғамға кіретіндей соншалық
парасатсыз және хайуан тектес болатын болса, онда айрықша құқық шынымен-ақ сондай,
кейбіреулер иеленгісі келетіндей – халыққа зиян тигізуге бағытталған деспоттық өкімет
болып шығар еді.
164. Бірақ парасатты тіршілік иесі бостан бола тұра, өзіне зиян тигізіп, басқа біреуге
бағына бастады деп ойлауға (адам жақсы әрі дана билеуші тапса, ол, оның билігін дәл
шектеуді қажет деп те, пайдалы деп те санамауы мүмкін болса да) қаншалық айрықша
құқық соншалық халықтың өз билеушілеріне, заң үнсіз қалған кезде, кейбір нәрселерді өз
қалауы бойынша, ал кейде, қоғам игілігі үшін, заң талабына қарсы жасауға рұқсаттан өзге
ештеңе де емес; және де осылай жасалған кезде халық онымен келіседі. Өйткені өзіне
көрсетілген сенімді есінде ұстайтын және өз халқының игілігін ойлайтын жақсы тақсыр
тым көп айрықша құқыққа, яғни, жақсылық жасау үшін тым көп билікке не бола алмайды
ғой; ал өзінің ізашарлары заңның міндеттеуінсіз пайдаланған билік өзіне шені бойынша
тиесілі, бұл халықтың мүддесінен өзгеше мүддені көздеп немесе жүзеге асырып, өз
қалауына қарай пайдалана алатын айрықша құқық болып табылады деп білетін дәрменсіз
әрі жаман тақсыр халыққа өзінің құқығы туралы мәлімдеп, өзінің игілігі үшін жүзеге
асырылған кезде үнсіз жол беріп келген билікті шектеуге ілік береді.
165. Англия тарихына көз жүгірткен адамның ең зор айрықша құқық әрқашан біздің ең
дана да ең үздік тақсырларымыздың қолында болғанын көретіні сондықтан, өйткені
олардың қарекеттері тұтастай алғанда ортақ игілікке бағытталғанын аңғарып отырған
халық осы мақсат үшін заңнан тыс жасалған нәрселерге немесе бұл мақсаттан кейбір
шамалы ауытқуларда адамның әлдеқандай әлсіздігі немесе қателігі байқалса (тақсырлар
да басқалар сияқты ет пен сүйектен жаратылған адамдар ғой) олар жөнінде дау шығарған
жоқ, дегенмен олардың құлқы негізінен халық жөніндегі қамқорлыққа негізделетіні
сезіліп тұратын. Сол тақсырларға риза болуға негізі бар халық олар заң бойынша
істемеген немесе заңға қарсы істеген жағдайларда жасалған іспен келісіп, титтей де
шағым жасамастан, олар барлық заңдардың негізі мен мақсаты – қоғам игілігіне сәйкес
істеп, мұнысымен заңдарға нұқсан келтірген жоқ деп әділ санап, олардың өздерінің
айрықша құқықтарын қаншалықты болса да ұлғайтуына мүмкіндік бергені тап содан.
166. Егер, абсолютті монархия әлемдегі ең үздік басқару, өйткені алла-тағаланың өзі
ғаламды солай басқарады деп дәлелдейтін уәжді пайдаланатын болсақ мұндай құдай
сынды тақсырлардың, шын мәнінде деспоттық өкіметке біршама құқығы бар; өйткені
мұндай корольдердің бойына оның даналығы мен рахымының бір бөлігі қонған ғой.
"Жақсы тақсырлардың басқаруы өз халқының бостандықтары үшін қашанда ең қауіптісі
болған" деген мақал соған негізделген, өйткені олардың ізбасарлары, тек қана халық
игілігі үшін жасалған нәрсе, өздеріне халыққа қалай болса солай зиян келтіруге құқық
беретіндей, билікті басқа пиғылдармен қолданып, сол жақсы билеушілердің қарекеттерін
үлгі етіп, оны өздерінің айрықша құқығының өлшемі деп санаған. Бұл халық өзінің
бастапқы құқығын өзіне қайтарып, ешқашан айрықша құқық болмаған нәрсенің солай деп