Page 40 - ӘЛЕМДІК САЯСАТТАНУ АНТОЛОГИЯСЫ. Д. Локк. БАСҚАРУ ТУРАЛЫ ЕКІ

Basic HTML Version

Қазақстанның ашық кітапханасы
зиян тигізетін (мысалы, көрші үй өртеніп жатқанда, өртті сөндіру үшін кінәсіз адамның
үйін бұзып тастауға болмайтыны сияқты) толып жатқан жағдайлар туындауы мүмкін ғой,
кейде адам марапатталып, кешірілуге тиісті қадамы үшін адамдарды ажыратып
жатпайтын заңдардың күшіне ұшырауы мүмкін; билеушінің көптеген жағдайларда заңның
қатаңдығын кемітіп, кейбір қылмыскерлерге кешірім жасау билігі болуы керек, өйткені
үкіметтің мақсаты мүмкіндігінше барлығын сақтау болып табылады, және егер
жазықсыздарға нұқсан келтірмейтін болса, тіпті жазықтыларды да аяу керек.
160. Айрықша құқық деп аталатын нәрсеңіз қоғам игілігі үшін, заңның нұсқауларына
сүйенбей, кейде тіпті оған қарсы өзіңнің ақылыңа сай қарекет жасауға мүмкіндік беретін
дәл осы билік. Кейбір басқару жүйелерінде тұрақты жұмыс істейтін заң шығарушы өкімет
болмайтындықтан және әдетте тым рабайсыз үлкен болып, сондықтан тым ебедейсіз
қимылдайтындықтан, ал заңды атқару үшін жылдамдық керек етілетіндіктен және сондай-
ақ бәрін күнілгері болжап, қоғамға қатысты барлық қажетті жағдайларға арнап тиісті
заңдар жасап қою, немесе барлық жағдайларда және ол қатысы бар барлық адамдар
жөнінде бұлжымайтын қатаңдықпен орындалғанда зиян тигізбейтін заңдар жасау мүмкін
еместіктен, сондықтан да атқарушы өкіметке заңда көзделмеген көп нәрсені өз қалауымен
істеу бостандығы беріледі.
161. Осынау билік, ол қоғам игілігі үшін және үкіметтің жауапкершілігі мен мақсаттарына
сәйкес пайдаланылатын кезде, сөз жоқ айрықша билік болады да, ешқашан күмән
туындатпайды. Өйткені адамдар барлық нәрсенің бүге-шігесіне дейін мұқият және
бұлжытпай орындалуын өте сирек талап етеді немесе тіпті ешқашан талап етпейді; олар
айрықша құқық өзі арналған мақсат үшін, яғни халыққа анық зиян тигізетіндей емес, оның
игілігі үшін белгілі бір ыңғайда пайдаланылып отырған кезде оны зерттеп тексеруден
аулақ тұрады. Бірақ атқарушы өкімет пен халықтың арасында айрықша құқық деп
аталатын нәрсеге қатысты күмән пайда болса, мұндай айрықша құқықты халықтың
игілігіне немесе оған зиян келтіріп қолдануға бейімділік осы күмәнді оп-оңай шешеді.
162. Үкіметтің нәресте шағында, мемлекеттер адам саны жағынан отбасылардан онша көп
ерекшеленбейтін кезде, олар заңдарының саны бойынша да олардан аса өзгешелене
қоймағандығын түсіну оңай. Билеушілер халыққа оның өзінің игілігі үшін қамқор
әкелеріндей болған соң, басқару толықтай дерлік айрықша құқық болатын. Аз ғана
белгіленген заңдар жетіп жататын да, қалғаны билеушінің ақыл-есі мен қамқорлығына
берілетін. Бірақ қателік пен жарамсақтық әлсіз тақсырларды бұл билікті ортақ игілікке
емес, өздерінің жеке мақсаттарына пайдалануға жетелеген кезде халық айрықша құқықты
өздеріне нұқсан келетін тұстарда белгілі бір заңдар арқылы шектей бастады. Міне
осылайша, халықтың өзі және оның ата-бабалары бұрын бүл айрықша құқықты тек қана
әділет жолымен, яғни, өз халқының игілігіне пайдаланған тақсырлар естілігіне толық
шешімдер бостандығын берген жағдайлардағы айрықша құқыққа енді шектеу енгізу қажет
деп тапты.
163. Демек, айрықша құқықтың белгілі бір заңдармен белгіленген қандай да бір бөлігін
шектегенде, халық оған қастандық жасайды дейтіндердің басқару туралы түсінігі тым ауа
жайылу ғана. Осылай істегенде халық тақсырдан оған құқық бойынша тиесілі ештеңені
тартып алмайды, тек халық оның қолында немесе оның ата-бабаларының қолында, халық
игілігіне пайдалансын деп шектеусіз қалдырған билік, тақсыр оны өзге бірдеңеге
пайдаланған кезде, ол халық берген билік болудан қалатынын мәлімдейді. Өйткені
басқарудың мақсаты қоғамдастықтың игілігі, және осы мақсат үшін онда жасалатын
барлық өзгерістер әлдекімге қастандық бола алмайды, өйткені өкімет басындағылардың
ешқайсысы қандай да бір өзге мақсат үшін пайдаланатын құқыққа не бола алмайды; ал