Page 39 - ӘЛЕМДІК САЯСАТТАНУ АНТОЛОГИЯСЫ. Д. Локк. БАСҚАРУ ТУРАЛЫ ЕКІ

Basic HTML Version

Қазақстанның ашық кітапханасы
158. Salus populi suprema lex, дау жоқ, әділ де негізгі заң, оны шын көңілмен ұстанған адам
қандай да бір қатерлі адасушылыққа ұшырамайды. Демек, заң шығарушы органды
шақыру құқығы бар атқарушы өкімет өкілдіктің пошымынан гөрі дұрыс пропорциясы
туралы көбірек қам жеп, дербес өкілдік жасау құқығы бар барлық жерлерден сайланатын
мүшелер санын (бұған халықтың ешқандай да бөлігі, ол қанша жерден біріккен болса да,
қоғамға көрсететін көмегіне пропорциялы түрде ғана дәмелене алады) ескі салт бойынша
емес, парасатты негізде реттейтін болса, онда бүл жағдайда жаңа заң шығарушы орган
құрылады деп санауға болмайды, керісінше, ескі мен қазіргі орган қалпына келтіріліп,
уақыт өте келе соншалық елеусіз де сөзсіз пайда болған келеңсіздіктер түзетіледі. Өйткені
халықтың мүддесі мен ниеттері әділ де тең өкілдік болуын талап етеді ғой; оны осыған
жақындататын адам қаяусыз дос және үкіметті орнатушы болып табылады және
қоғамдастықтың келісімі мен мақұлдауына не болмай қоймайды. Айрықша құқық
дегеніңіз күтпеген және құбылмалы оқиғаларға байланысты белгілі бір және өзгермейтін
заңдар сенімді басшылық бола алмайтын жағдайда қоғам игілігі жөніндегі қамқорлық
жасау үшін тақсырдың қолына берілген билік қана; халық игілігі үшін ашық түрде және
үкімет билігін оның шынайы негіздерінде орнату үшін не істелсе де – бұл дегеніңіз әділ
айырықша құқық болып табылады және бола береді. Жаңа бірлестіктер құру және осыған
байланысты жаңа өкілдерді сайлау құқығы мынаны ескереді: уақыт өте келе өкілдік
нормалары өзгеруі мүмкін, және бұрын өкілдік ету құқығы болмаған жерлер өкілдер
жіберудің әділетті құқығына не болады, тап сол себеппен құқығы барлар одан айырылып,
бұрын өздерінде болған артықшылықтарды сақтау үшін тым елеусіз болып қалады.
Үкіметке қастандық, тегінде, сатқындық пен іріп-шірудің салдарынан пайда болған қазіргі
жағдайды өзгерту емес, қайта соның өзінің халыққа нұқсан келтіруге немесе оны қанауға,
сондай-ақ қалған бүкіл коғамнан өзгеше және ол жөнінде артық жағдайда болатын қандай
да бір топ немесе партия құруға ұмтылысы. Қоғам мен бүкіл халық үшін пайдалы деп
танылмауы мүмкін емес және әділ де байыпты шаралар көмегімен жүзеге асырылатын
нәрсенің бәрі, ол жүзеге асырылған кезде, әрқашан, өзін-өзі ақтайды; егер де халық өзінің
өкілдерін әділетті де, дау жоқ, үкіметтің бастапқы құрылымына сәйкес келетін тең
пропорциялар негізінде сайлайтын болса, онда бүл оған кім рұқсат бергеніне немесе бұған
кім себеп болғанына қарамастан, қоғамның еркі мен актысы болатындығына күмәндануға
орын жоқ.
XIV тарау
Айрықша құқық туралы
159.Заң шығарушы және атқарушы өкімет әр қолда болатын (барлық қанағатшыл
монархиялар мен дұрыс ұйымдастырылған үкіметтерде орын алатынындай) жерде, қоғам
игілігі кейбір нәрселердің атқарушы өкімет иелерінің ақыл-есіне сеніп берілуін талап
етеді. Өйткені заң шығарушылар бәрін бірдей күнілгері көре алып, қоғамдастыққа
пайдалы болуы мүмкін барлық жағдайларға арнап тиісті заңдар шығара алмайды ғой, міне
сондай кезде, заңдарды орындаушы, қолында билігі бар болғандықтан, табиғаттың ортақ
заңы негізінде оны, муниципиялық заң ешқандай нұсқау бермейтін көптеген жағдайларда,
заң шығарушы органды жинап, тиісті заң қабылдауға ыңғайлы болғанға дейін, коғам
игілігі үшін пайдалану құқығына ие болады. Заң күні бұрын қайтсе де көздей алмайтын
көптеген нәрселер бар; оларды атқарушы билік кімнің қолында болса, соған, ол қоғам
игілігі мен пайдасы қалай талап етсе, солай жұмсауы үшін, оның ақыл-есіне сеніп беру
қажет; ол-ол ма, кейбір жағдайларда, қоғамның барлық мүшелері мүмкіндігінше сақталуы
үшін заңдардың өздері атқарушы өкіметке, яғни дұрысырағы, табиғат пен басқарудың
осынау негізгі заңына орын беруі қажет. Өйткені заңдарды қатаң да бұлжытпай сақтау