Қазақстанның ашық кітапханасы
оның жұмысының ұзақтығының дәл анықталған кезеңдерін мәңгілікке белгілейтіндей
және де бүл мемлекеттің барлық қажеттеріне дәл жауап беретіндей етіп белгілейтіндей
ахуалда болып, болашақ уақиғаларды соншалық көре білуі мүмкін емес қой. Осынау
кемшілікке қарсы ең жақсы құрал мұны қай кезде де көз алдында болатын және міндетті
қоғамдық игілікті қадағалап отыру болатын адамдардың ақыл-есіне сеніп тапсыру еді. Заң
шығарушы органның ұдайы жиі шақырылуы және оның отырыстарының, аса қажет
болмаса да, ұзаққа созылуы халық үшін ауыр болмай қоймайды және уақыт өте келе
міндетті түрде әлдеқайда қауіпті қолайсыздықтар туғызады; соған қарамастан
оқиғалардың шапшаң өрбуі кей кезде бұл органның жедел көмегін талап етуі, оны
шақыруды сәл де болса кідірту халыққа қауіп төндіруі мүмкін; кей кезде осы орган
қарайтын мәселелердің маңызының зор болатындығы соншалық, оның отырыстарының
шектеулі уақыты оның жұмысы үшін тым қысқа болып, халықты келелі талқылау
арқасында алуы мүмкін игіліктен айыруы мүмкін. Қоғамдастық заң шығарушы органның
шақырылуы мен оның жұмысының аралығы мен кезеңдерінің бір рет барлық уақытқа
белгіленуінен ара-тұра әр тараптан төнетін сөзсіз қауіп-қатерге ұшырамауы үшін мұндай
жағдайларда мұны төрт көзі түгел отырып, қоғамдық істердің аужайын жілікше шағатын,
бүл құзырын қоғам игілігіне пайдалана алатындарға сеніп тапсырудан басқа не істеуге
болар еді? Ал мұны нақ сол мақсат үшін заңдарды орындау сеніп тапсырылған
адамдардан артық кімнің қолына беруге болады? Осылайша, заң шығарушы органның
шақырылымдары мен отырыстары үшін уақыт бастапқы конституциямен белгіленбесе,
онда ол, атқарушы өкіметтің (және де оз қалауына тәуелді деспоттық өкімет ретінде емес)
қолына өтеді, бұл өкілеттіктер әрқашан тек қоғамның игілігі үшін, оқиғалар мен істердегі
өзгерістер талап ететініндей етіп пайдаланылуға тиіс. Заң шығарушы органды шақырудың
белгілі бір мерзімі бар кезде немесе бұл тақсырдың шешуіне берілген кезде, немесе,
бәлкім, екеуі де араласқанда қолайсыздықтар аз болады ма дегенді айқындау менің
міндетіме жатпайды; менің бар болғаны атқарушы өкіметте заң шығарушы органның
мұндай сессияларын шақыру және тарату дәргейі болғанымен, осының салдарынан ол
одан жоғары бола алмайтынын көрсеткім келді.
157. Бұл дүниедегі заттар үздіксіз өзгерісте болатыны сондай, ештеңе де ұзақ уақыт бір
ахуалда қала алмайды. Мәселен, халықтар, байлықтар, сауда-саттық, күш өзінің
орындарын өзгертіп отырады; гүлденген құдіретті қалалар жермен-жексен болып, уақыт
өте келе ұмыт қалған құлазыған жерлерге айналады, жекелеген шалғай жерлер байлығы
да, халқы да асып-тасқан, жұрты мол елдерге айналып жатады. Бірақ заттар үнемі бірдей
өзгермейді, жеке мүдделер, негіз жоқ болған күннің өзінде де, салттар мен
артықшылықтарды көбіне-көп сақтап қала береді; заң шығарушы органның бір бөлігі
халық сайлайтын өкілдерден тұратын мемлекеттерде уақыт өте келе бүл өкілдік барынша
тең болмайтын, сөйтіп бастапқыда белгіленген негіздерге сәйкес келмейтін жағдайлар жиі
болады. Мұндай сұмдық жөнсіздіктерге ешқандай мән-мағынасы қалмаған салттарды
сақтау жетелейтінін, біз, егер қирандылардан басқа ештеңесі қалмаған, қой қораларынан
басқа ешқандай құрылысы, қойшыдан басқа ешқандай тұрғыны қалмаған, сөйте тұра заң
шығарушылардың ұлы жиналысына халқы көп және зор байлығы бар графтықтармен
бірдей өкілдер жіберетін қаланың тек атауына көңіл бөлсек көз жеткіземіз. Жат жерліктер
бұған қайран қалады және әркім-ақ тиісті шаралар қолдану қажеттігін мойындауға
мәжбүр, бірақ көпшілік бірдеңе ойлап табу қиын деп санайды, өйткені заң шығарушы
органның құрылысы қоғамның ең бірінші және жоғарғы актысы болып табылады, оның
барлық оң заңдарының алдында тұрады және тек халыққа і ана тәуелді, сондықтан бірде-
бір төменгі билік оны өзгерте алмайды. Міне сондықтан, біз айтқан басқару жүйесінде заң
шығарушы орган бір рет құрылғаннан кейін, бұл басқару жүйесі тұрған кезде халықтың
шара қолдана алатын ешқандай билігі болмайды; бұл қолайсыздыққа қарсы ешқандай
амал жоқ деп ойлайды.