Қазақстанның ашық кітапханасы
— екеуі де министрлік өкімет болып табылады және заң шығарушы өкіметке бағынышты,
өйткені ол конституциялық мемлекетте, көрсетіп бергеніміздей жоғарғы өкімет болып
табылады. Бүл жағдайда сондай-ақ заң шығарушы орган бірнеше адамнан (егер ол бір
адамнан тұратын болса, онда ол үздіксіз жұмыс істемей тұра алмайды, осылайша, жоғарғы
билік ретінде, әрине, заң шығарушы өкіметпен бірге жоғарғы атқарушы өкіметке де ие
болады) тұрады деп көзделеді, олар бастапқы конституцияда көзделген немесе алдыңғы
сессия аяқталған кезде олардың шешімімен белгіленген мерзімдер, немесе, егер
шақырылым уақыты еш жерде көзделмеген яки олардың шақырылымы басқаша бір түрде
ұйғарылмаған болса, өздері қалаған кезде жиналып, өздерінің заң шығарушы
функцияларын жүзеге асыра алады. Өйткені жоғарғы билікті оларға халық сеніп
тапсырған, олар әрқашан сол биліктің иесі және, егер олардың бастапқы конституциясы
оларды белгілі бір кезеңдермен шектемесе немесе олар өздеріне тиесілі жоғарғы биліктің
актысымен оны белгілі бір мерзімге ауыстырмаса, өздері қалаған кезде жүзеге асыра
алады, және сол шақ туған кезде олардың жиналып, қайтадан қарекет жасай бастау
құқығы бар.
154. Егер заң шығарушы орган немесе оның қандай да бір бөлігі сол мерзімге халық
сайлаған, содан кәдімгі бодандық ахуалына қайта оралатын және, егер жаңадан
сайланбаса, заң шығарушы органға қатыспайтын өкілдерден тұратын болса, онда бұл
сайлау құқығын да халық белгілі бір тағайындалған мерзімде, не ол осыны жасауға
шақырылған кезде жүзеге асыруы керек. Осынау соңғы жағдайда заң шығарушы органды
шақыру құқығы әдетте атқарушы өкіметке беріледі және мерзім жөнінде мынадай екі
шектеудің бірі болады: не бастапқы конституция өкілдердің белгілі бір уақыт өткеннен
кейін жиналып, қарекет жасауын талап етеді, сонда атқарушы өкімет оларды сайлауға
және шақыруға басшылық нұсқауды тиісті пошымдарға сәйкес ресми басып шығарудан
басқа ештеңе істемейді, яки жағдай немесе халықтың зәру мұқтажы ескі заңдардың
өзгертілуін, не жаңа заңдар шығарылуын немесе халық бастан кешіп отырған немесе оған
төніп тұрған кез-келген қолайсыздықтарды жоюды не алдын алуды талап еткен жағдайда
оларды жаңа сайлаулар арқылы шақыру туралы шешім шығару атқарушы өкіметтің
пайымына беріледі.
155.Бұл арада мынадай сұрақ қойылуы мүмкін: бастапқы конституция мен халық соны
талап ететіндігіне қарамастан, егер мемлекет күшіне ие атқарушы өкімет бұл күшті заң
шығарушы органның шақырылуына және жұмыс істеуіне кедергі келтіру үшін пайдаланса
не болады? Мен мынаны кесіп айтамын: халық жөнінде күш қолдану, сөйтіп өзіне
білдірілген сенімге кереғар қимылдау дегеніңіз халықпен соғыс ахуалын туғызу, ал
халықтың өз өкіметін жүзеге асырып отыру үшін өзінің заң шығарушы органын қалпына
келтіру құқығы бар. Өйткені халық заң шығарушы органды не белгілі бір уақытта, не
қажеттілік туған уақытта өзінің билігін жүзеге асырып отыру үшін құрған, ал қандай да
бір күш қоғам үшін қажет және халықтың қауіпсіздігі мен амандығы соған байланысты
нәрсені істеуге кедергі келтіретін болса, халық бұл күшті күшпен жоюға хақылы. Барлық
жағдайлар мен ахуалдарда жүгенсіздік күшіне қарсы ең жақсы құрал – оған нақ күшпен
қарсы тұру. Өкілеттіксіз күш қолдану оны қолданғанды қашанда агрессор ретінде соғыс
ахуалына душар етеді және оған тиісінше қарсы шығуға құқық береді.
156. Заң шығарушы органды шақыру және тарату құқығы – атқарушы өкімет ие болып
отырған құқық – атқарушы өкіметке заң шығарушы өкіметтен жоғары тұру құқығын
бермейді, ол тек сеніп тапсырылған өкілеттік қана, бұл өкілеттік оған адам істерінің
құбылмалылығы мен аумалы-төкпелілігі тұрақты белгіленген ережеге төзе алмайтын
жағдайларда халықтың қауіпсіздігі үшін берілген. Мемлекетті алғашқы құрушылардың
қандай да бір көріпкелдіктің арқасында заң шығарушы органдарды шақырудың және